"Еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін қызметкерлердің лауазымдары мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30420 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін қызметкерлердің лауазымдары мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15967 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 4 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-127 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 720 бұйрығына
2-қосымша

Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі

Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Айрықша жағдайлар

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдар және басқа ауруханалардың құрамындағы арнайы бөлімдер мен бөлімшелер

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдарда және ауруханалар құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін

2

Күйікке шалдыққан науқастарды емдеу бөлімшелері (палаталар)

Орта медициналық персонал

Медициналық көмек көрсеткені үшін

3

Балаларды оңалту орталықтары (бөлімшелер)

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Психикалық ауытқуы жоқ дене бітімінің дамуында кемістіктері бар, статодинамикалық, сенсорлық функциялары және шығару функциялары бұзылған науқас балаларға диагностика жүргізгені, емдегені және оңалту жүргізгені үшін

4

Сәбилер үйлері, балалар үйлері және жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттары

Дәрігерлер, орта медициналық персонал, педагогикалық персонал, санитарлар, күтушілер

Сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп - интернаттарда жұмыс істегені үшін

5

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету ұйымдары, уақытша болу және тұру ұйымдары

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдардың барлық медициналық қызметкерлері

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын және оңалтуды жүргізгені үшін:
қарттармен жұмыс істегені үшін;
мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін;
мүгедектігі бар балалармен және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істегені үшін;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмыс істегені үшін;
қатыгездікке ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін;

6

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері

Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін

7

Қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлық) мекемелері (оның ішінде балалар үйлері), тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, ауруханалар

Лауазым мен мамандығының атауына қарамастан барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері

Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда және қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, ауруханалардың фармацевтика қызметкерлеріне емдегені үшін

8

Шұғыл медициналық көмек және құтқару жұмыстарын тікелей көрсету үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтар

Лауазымдары мен мамандықтарының атауларына қарамастан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің
республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың
көшпелі бригадаларының, медициналық авиация қызметінің, жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің
медицина қызметкерлері

Шұғыл медициналық көмек көрсеткені және құтқару жұмыстары үшін күту және тұрақты дайындық режиміндегі кезекшілік үшін

9

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Есі дұрыс емес жағдайда қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу бойынша мамандандырылған психиатриялық ауруханада жұмыс істегені үшін

10

Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, облыстық, қалалық, аудандық емханалар, аудандық және орталық аудандық ауруханалар жанындағы емханалар

Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері,
акушер-гинеколог дәрігері, сондай-ақ жасөспірімдер қызметтерінің терапевт-дәрігерлері

Аумақтық учаскенің жағдайында халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсеткені үшін


О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2017 года № 720 "Об утверждении Перечня должностей работников и организаций, которым устанавливается доплата за условия труда"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 ноября 2022 года № 30420

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2017 года № 720 "Об утверждении Перечня должностей работников и организаций, которым устанавливается доплата за условия труда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15967) следующее изменение:

      перечень организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за особые условия труда, утвержденный приложением 2 к указанному приказу, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Бюджетному департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 4 ноября 2022 года
№ ҚР ДСМ-127
  Приложение 2 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 сентября 2017 года № 720

Перечень организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за особые условия труда

Перечень организаций (подразделений)

Перечень должностей работников

Особые условия

1

Госпитали для ветеранов Великой Отечественной войны и ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, и специальные отделения и подразделения в составе других больниц

Все работники, независимо от наименования должности и специальности

За оказание медицинской помощи в госпиталях для ветеранов Великой Отечественной войны и ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, и специальных отделениях в составе больниц

2

Ожоговые отделения (палаты)

Средний медицинский персонал

За оказание медицинской помощи

3

Детские реабилитационные центры (отделения)

Все работники, независимо от наименования должности и специальности

За диагностику, лечение и реабилитацию больных детей с дефектами физического развития, нарушениями статодинамических, сенсорных функций и функций выделения без нарушения психики

4

Дома ребенка, детские дома и школы-интернаты для детей- сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Врачи, средний медицинский персонал, педагогический персонал, санитарки, няни

За работу в домах ребенка, детских домах и школах-интернатах для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

5

Медико-социальные учреждения стационарного и полустационарного типов, организации надомного обслуживания, организации временного пребывания и проживания

Все медицинские работники организаций, предоставляющие специальные социальные услуги в области социальной защиты населения

За проведение лечебно-профилактических мероприятий и реабилитацию в медико-социальных учреждениях стационарного и полустационарного типов, отделениях социальной помощи на дому:
за работу с престарелыми;
за работу с лицами с инвалидностью, в том числе с детьми с инвалидностью с нарушением опорно-двигательного аппарата;
за работу с детьми с инвалидностью и с лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;
за работу с лицами, не имеющими определенного места жительства;
за работу с лицами, подвергшимися жестокому обращению;
за работу с лицами, освобожденными из мест лишения свободы и находящимися на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции

6

Государственное учреждение "Центр медицины катастроф" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и его территориальные подразделения

Работники специализированных бригад по оказанию медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях

За оказание экстренной медицинской помощи по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

7

Учреждения уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы (в том числе дома ребенка), следственных изоляторов, изоляторов временного содержания, больниц

Все медицинские и фармацевтические работники, независимо от наименования должностей и специальностей

За лечение осужденных в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы (в том числе в домах ребенка), следственных изоляторах, изоляторах временного содержания, больницах и фармацевтическим работникам учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы (в том числе в домах ребенка), следственных изоляторов, изоляторов временного содержания, больниц

8

Медицинские отряды специального назначения, организованные для непосредственного оказания экстренной медицинской помощи и спасательных работ

Медицинские работники выездных бригад, службы медицинской авиации, отделений плановой и экстренной консультативной помощи республиканских, областных и региональных больниц, государственного учреждения "Центр медицины катастроф" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и его территориальных подразделений независимо от наименований должностей и специальностей

За дежурство в режиме ожидания и постоянной готовности для оказания экстренной медицинской помощи, и спасательных работ

9

Государственное учреждение "Республиканская психиатрическая больница специализированного типа с интенсивным наблюдением" Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Все работники, независимо от наименований должностей и специальностей

За работу в специализированной психиатрической больнице по принудительному лечению лиц, совершивших общественно опасные деяния в состоянии невменяемости или у которых после совершения преступления наступило психическое расстройство

10

Медицинские пункты, фельдшерско-акушерские пункты, врачебные амбулатории, областные, городские, районные, поликлиники, поликлиники при районных и центральных районных больницах

Заведующие терапевтическими, педиатрическими отделениями, врач акушер-гинеколог, а также врачи-терапевты подростковых служб

За оказание первичной медико-санитарной помощи населению в условиях территориального участка