БҰЙЫРАМЫН:
1. "2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 208 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28473 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерінде:
1-тарауда. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары:
1-параграф. Жайық-Каспий бассейні мынадай редакцияда жазылсын:
"(тоннамен) |
№ | Балық және басқада су жануарларының түрлері | Су айдынының атауы | ||||
"Ақ-Жайық" ерекше қорғалатын табиғи аумағының буферлік аймағын қоса алғанда, Жайық өзені сағалық кеңістігімен | Қиғаш өзені сағалық кеңістігімен | Каспий теңізі | Барлығы | |||
Атырау облысы шегінде | Батыс Қазақстан облысы шегінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Бекіре тұқымдастарының түрлері оның ішінде: | 2,01 | - | - | - | 2,01 |
2 | Қортпа | 0,5*** | - | - | - | |
3 | Орыс бекіресі | 0,3*** | - | - | - | |
4 | Шоқыр | 1,0*** | - | - | - | |
5 | Пілмай | 0,2*** | - | - | - | |
6 | Сүйрік | 0,01*** | - | - | - | |
7 | Бекіре тұқымдастарының түрлері оның ішінде: | 4,63 | - | - | - | 4,63 |
8 | Қортпа | 1,8**** | - | - | - | |
9 | Шоқыр | 2,09**** | - | - | - | |
10 | Орыс бекіресі | 0,6**** | - | - | - | |
11 | Пілмай | 0,06**** | - | - | - | |
12 | Сүйрік | 0,08**** | - | - | - | |
13 | Ірі балықтар оның ішінде: | 884,418 | 0,28 | 1032,471 | 4071,0 | 5988,169 |
14 | Көксерке | 274,822 | 0,03***** | 33,791 | 771,0 | 1079,643 |
15 | Сазан | 247,1 | 0,12***** | 123,699 | 1569,0 | 1939,919 |
16 | Ақмарқа | 361,376 | 0,04***** | 10,601 | 670,0 | 1042,017 |
17 | Жайын | 0,4***** | 0,07***** | 503,842 | 494,0 | 998,312 |
18 | Шортан | 0,4***** | 360,538 | 367,0 | 727,938 | |
19 | Берш | 0,12***** | 0,02***** | - | - | 0,14 |
20 | Дөңмаңдай | 0,2***** | - | - | - | 0,2 |
21 | Күтім | - | - | - | 200,0 | 200,0 |
22 | Ұсақ балықтар оның ішінде: | 3680,406 | 0,35 | 2919,921 | 3198 | 9798,677 |
23 | Қаракөз | 733,794 | - | 605,467 | 1285,0 | 2624,261 |
24 | Табан | 2611,199 | 0,08***** | 1395,295 | 1193,0 | 5199,574 |
25 | Мөңке | 291,358 | - | 720,298 | 188,0 | 1199,656 |
26 | Алабұға | - | - | 34,52 | 85,0 | 119,52 |
27 | Оңғақ | - | - | 16,383 | - | 16,383 |
28 | Қызылқанат | - | - | 76,359 | 86,0 | 162,359 |
29 | Балпан | - | 0,12***** | 71,599 | 94,0 | 165,719 |
30 | Көктыран | - | 0,06***** | - | - | 0,06 |
31 | Қылышбалық | 44,055 | 0,09***** | - | 160,0 | 204,145 |
32 | Айнакөз | - | - | - | 107,0 | 107 |
33 | Шабақтар, оның ішінде: | - | - | - | 8400,0 | 8400,0 |
34 | Кәдімгі | - | - | - | 5100,0 | 5100,0 |
35 | Анчоус тәрізділер | - | - | - | 3300,0 | 3300,0 |
36 | Майшабақтар, оның ішінде: | - | - | - | 520,0 | 520,0 |
37 | Каспий қарынсауы | - | - | - | 101,0 | 101,0 |
38 | Бадырақ көз қарынсауы | - | - | - | 270,0 | 270,0 |
39 | Жұмырбасты қарынсау | - | - | - | 149,0 | 149,0 |
40 | Кефаль | 3,0* | - | - | 1900,0 | 1903,0 |
41 | Жиыны* | 4574,464 | 0,63 | 3952,392 | 18089,0 | 26616,486 |
". |
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |