"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығының қолданылуы (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19962 болып тіркелген) 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |