Қазақстан Республикасының Экология кодексі 286-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көміртегі бюджеті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 15 қарашадағы № 704 Бұйрығымен бекітілген |
Көміртегі бюджеті
1. Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 286-бабының 5-тармағына және "Париж келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының көміртегі балансы үшін көміртектік бюджеттеу кезеңіне жол берілетін шекті көлемді айқындайды.
3. 1990 жылғы көміртегі балансы 381 694 078 тонна СО2* құрайды.
Кезең | Парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көміртегі бюджеті, тонна СО2 | Парниктік газдардың квоталанбайтын шығарындыларының көміртегі бюджеті, тонна СО2 | Парниктік газдардың жалпы шығарындылары, тонна СО2 |
2023 жыл | 175 307 265 | 189 466 933 | 364 774 198 |
2024 жыл | 172 677 656 | 186 624 929 | 359 302 585 |
2025 жыл | 170 087 491 | 183 825 556 | 353 913 047 |
*көміртегі балансы БҰҰ КӨНК 1995 жылғы 2 маусымдағы №FCCC/CP/1995/7/Add.1 климаттың өзгеруі туралы шешіміне сәйкес Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдар сіңіргіштері абсорбциясы туралы Ұлттық баяндама негізінде есептелген https://unfccc.int/documents/461955