"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 12-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастырудың қоса беріліп отырған қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокуроры 2022 жылғы 22 қарашадағы |
|
№ 229 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды (бұдан әрі – прокуратура органдары).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тәлімгер – прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін және оған кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін адамға бекітіліп берілетін қызметкер;
2) тәлімгерлік – прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарды кәсіптік бейімдеу процесі.
3. Прокуратура органдарындағы тәлімгерлік прокуратура органдарына орта басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға қатысты ұйымдастырылады.
2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері
4. Тәлімгерлік Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) алғашы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар үшін олардың тағылымдамадан өту кезеңінде (бұдан әрі – Тағылымдамадан өтуші) жүзеге асырылады.
5. Тәлімгерлікті ұйымдастыру мерзімі алты айды құрайды.
6. Тәлімгерлік мыналарды қамтиды:
1) тиісті кәсіптік даярлығы және елеулі жұмыс тәжірибесі бар прокуратура органдары қызметкерлерінің қатарынан тәлімгерді бекіту;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәлімгерліктің жеке бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) әзірлеу;
3) бағдарламаны іске асыру;
4) тағылымдамашының бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасауы;
5) тәлімгердің тағылымдамадан өтушіге мінездеме дайындауы.
7. Тәлімгерді бекіту және оны ауыстыру прокуратура органдарының уәкілетті басшысының бұйрығымен ресімделеді.
8. Тәлімгерді ауыстыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) тәлімгерді жұмыстан шығару немесе оның басқа жұмысқа ауысуы;
2) объективті себептер бойынша тәлімгерлікті жүзеге асырудың мүмкін болмауы (ауру, іссапарда, демалыста, неке-отбасы қатынастарында болу).
Тәлімгерді ауыстыру бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
9. Тәлімгер тәлімгер болып бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде тағылымдаманың барлық кезеңіне арналған бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
10. Тәлімгер тағылымдамадан өтушіні бекітілген бағдарламамен таныстырады.
11. Тәлімгер:
1) тағылымдамадан өтушінің бағдарламаны орындауын бақылауды жүзеге асырады;
2) тағылымдамадан өтушіге кәсіптік дағдылар мен кәсіптік шеберлікті дамытуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының кез келген бұзушылықтарына бітіспес көзқарасты қалыптастыруға көмек көрсетеді;
3) тағылымдамадан өтушінің атқаратын лауазымына сәйкес жүктелген міндеттердің кез келген жағдайында қиындықтарды еңсеру, дербес және сапалы орындау қабілетін дамытады;
4) тағылымдамадан өтушіде прокуратура органдары қызметкерлерінің құндылықтар жүйесін, әлеуметтік және кәсіптік маңызы бар психологиялық және моральдық-адамгершілік қасиеттерін, адалдығын, тәртіптілігін, қызметтік міндеттерін орындауға саналы көзқарасын, жұмыста жоғары нәтижелерге тұрақты қол жеткізуге ұмтылысын қалыптастырады;
5) тағылымдамадан өтушіні ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға баулиды;
6) тағылымдамадан өтушінің жеке және іскерлік қасиеттерін, оның қызметке деген көзқарасын, әріптестерімен және өзге де азаматтармен қарым-қатынас жасау қабілетін, қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларының, қызметтік және еңбек тәртібінің сақталуын зерделейді.
12. Тәлімгерлік кезеңінде тағылымдамадан өтуші:
1) бағдарламаны сапалы және уақтылы орындайды;
2) прокуратура органдарының заңнамасының, ұйымдық-өкімдік құжаттарының талаптарын зерделейді;
3) өзінің кәсіби және жеке дамуына үнемі жұмыс істейді, тәлімгердің кеңестерін қабылдайды;
4) ұжымның қоғамдық өміріне қатысады.
13. Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын тәлімгерге бағдарламаны іске асыру (еркін нысанда), басқа да орындалған тапсырмалар, тәлімгерлік кезеңінде алған білімі мен дағдылары, тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар туралы есеп дайындайды және ұсынады.
14. Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтушіге мінездеме (еркін нысанда) дайындайды, онда бағдарламаны, өзге де тапсырмаларды орындау нәтижелері, оның кәсіби білімінің деңгейі, дағдылары мен машықтарын дамыту, қызметтік міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті, қызметтік құжаттаманы дайындау сапасы көрсетіледі.
Бағдарламаны іске асыру туралы мінездеме мен есепті (бұдан әрі – тәлімгерлік материалдары) тәлімгер тәлімгерлік аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тәлімгерлік ұйымдастырылған прокуратура органының кадр қызметіне жібереді.
15. Кадр қызметі тәлімгерлік материалдарын алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды жеке іс материалдарына тіркеу үшін Академияға жібереді.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдеріне қосымша |
нысан
БЕКІТЕМІН | |
__________________________ | |
(Тәлімгердің Т.А.Ә. (бар болса), | |
атқаратын лауазымы) | |
"____" _______________ жыл |
Жеке тәлімгерлік бағдарламасы
Тағылымдамадан өтушінің Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________
№ | Іс-шараның атауы | Іс-шараны іске асыру мерзімі | Іс-шараны аяқтау нысаны |
1 |
ТАНЫСТЫМ ______________________________________________________
(Тағылымдамадан өтушінің Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)