"Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына және "Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 284 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10370 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларында:

      92-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) спинабифид (Spinabifida) диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған бір реттік пайдаланылатын катетерлер – 2190 дана (күніне 6 дана);",

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4.7- жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.7

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған бір рет қолданылатын катетер

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде


      ";

      реттік нөмірі 4.13- жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.13

санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық

Аурулары, жарақаттары, даму аномалиясы, оның ішінде омыртқаның, жамбастың, аяқтардың даму аномалиясы, жүру және тұру функциялары айқын бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сонымен қатар мектеп жасындағы мүгедектігі бар балалар: гемиплегия, айқын немесе едәуір айқын білінетін тетрапарез, парапарез, айқын немесе едәуір айқын білінетін вестибуляторлы-мишық, амиостатикалық, гиперкинетикалық бұзушылықтар, едәуір айқын білінетін атаксия, екі санның немесе жіліншіктің ампутациялық тұқымдары, ІІІ дәрежедегі созылмалы артериялық жеткіліксіздігі, ІІІ дәрежедегі веналық жеткіліксіздігі бар жүрек-тамыр жүйесі аурулары, ІІІ дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу органдары аурулары, функциялары ауыр дәрежеде бұзылған бүйрек аурулары, портальді гипертензия және асцит ауыр немесе күрделі ақыл-ой кемістігі бар психикалық бұзушылық

Мүгедектігі бар адамның отыратын орнын сақтай алмауы. Сананың, бағдарлаудың, интеллектуалдық функциялардың немесе мотивация функциясының абсолютті бұзылуының болуы. Санитарлық жабдықтары бар кресло-каталканың болуы немесе ұсынымы.

      ".

      2. "Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26087 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышысында:

      "60" - бөлімнің кодында:

      түр коды: "605":

      "605003" коды келесі редакцияда жазылсын:

      "



605003



Спина Бифида диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған бір рет қолданылатын катетер

Спина Бифида (омыртқаның бөлінуі) диагнозы бар мүгедектігі бар адамдармен қуықтың бір реттік босатылуына арналған катетер. Қуықтың қысқа мерзімді катетеризациясы үшін қолданылады. Модельдері ұзындығы мен түтіктің ішкі диаметрімен ерекшеленеді. Адам денесінің температурасын оңай қабылдайтын термопластикалық материалдардан жасалады. Оның тегіс, арнайы өңделген беті бар, ол қосымша майлауды қажет етпейтін жеңіл енгізуді қамтамасыз етеді. Катетердің жабық дөңгелек ұшы ауыртпалықсыз енгізуді қамтамасыз етеді. Катетер коннекторы конустық пішінді; ол кез-келген урогенитаторға сәйкес келеді, түрлі-түсті кодталған.

      ".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 26 "О некоторых вопросах абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью" и приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 502 "Об утверждении классификатора технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых инвалидам"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 1 декабря 2022 года № 481. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 декабря 2022 года № 30908. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 284.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2023 № 284 (вводится в действие с 01.07.2023).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2023 № 286 (вводится в действие с 01.07.2023).

      2. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 502 "Об утверждении классификатора технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых инвалидам" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 26087):

      в Классификаторе технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых лицам с инвалидностью, утвержденном указанным приказом:

      в коде раздела "60":

      код вида: "605":

      код "605003" изложить в следующей редакции:

      "



605003



Катетер одноразового использования для лиц с инвалидностью с диагнозом Спина Бифида

Предназначен для разового опорожнения мочевого пузыря лицами с инвалидностью с диагнозом Спина Бифида (расщепление позвоночника). Используется для кратковременной катетеризации мочевого пузыря. Модели отличаются длиной и внутренним диаметром трубки. Изготавливается из термопластических материалов, легко принимающих температуру тела человека. Имеет гладкую, специально обработанную поверхность, что обеспечивает легкое введение, при котором отсутствует необходимость в дополнительной смазке. Закрытый закругленный конец катетера обеспечивает безболезненное введение. Коннектор катетера имеет коническую форму и подходит к любому типу мочеприемника, имеет цветовую кодировку.

      ".

      3. Департаменту социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Оспанова Е.Д.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова