Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 673 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30915 болып тіркелді

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
  атқарушының 2022 жылғы
1 желтоқсандағы № 673
бұйрығымен бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      2) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

      3) мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

      4) сатып алу – "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде тапсырыс берушілердің сатып алуы;

      5) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      6) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

      7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингінің тәртібі

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін (бұдан әрі – мониторинг) уәкілетті орган жылына кемінде бір рет жүргізеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30527 болып тіркелген) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды (бұдан әрі - энергия тиімділігі бойынша талаптар) тапсырыс берушілермен сақтау мақсатында өткізілген мемлекеттік сатып алу және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, жүйелендіруді және бағалауды қамтиды.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 619 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30465 болып тіркелген) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мониторинг объектісі болып табылады.

      5. Уәкілетті орган жыл сайын 10 қаңтарға дейін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға өткізілген мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды жібереді.

      6. Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган сұрау салуды алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат береді.

      7. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органнан мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны Ұлттық институтқа жібереді.

      8. Ұлттық институт уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға келесідей жәрдемдеседі:

      1) есепті кезеңде өткізілген мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың сәйкестігіне талдау жүргізеді;

      2) жыл сайын 30 сәуірге дейін уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдау қорытындылары бойынша аралық есепті ұсынады;

      3) жыл сайын 10 қазанға дейін уәкілетті органға өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ тізбені өзектендіру жөніндегі ұсынымдарды өзгерту серпінін қамтитын мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдау қорытындылары бойынша қорытынды есепті енгізеді.

      9. Уәкілетті орган Ұлттық институттың есептері негізінде:

      1) жыл сайын, 25 қазанға дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды сақтамайтын тапсырыс берушілерге тиісті ұсынымдар жібереді және жыл сайынғы талдау нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      2) тізбені өзектендіруді жүргізеді.

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік сатып
алу және тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
мониторингі қағидаларына
қосымша
  Нысан

Мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат

Тапсырыс берушінің БСН

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің өңірі

ТЖҚК

ТЖҚК атауы

Қысқаша сипаттамасы

Қосымша сипаттамасы*

Хабарландыру нөмірі

Хабарландырудың атауы

Хабарландырудың жарияланған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Кестенің жалғасы

Шарттың нөмірі

Шарттың жасалған күні

Шарт сомасы (ҚҚС-сыз)

Шарт мәнінің нөмірі

Шарт мәнінің сомасы (ҚҚС-сыз)

Жеткізушінің БСН

Жеткізушінің атауы

12

13

14

15

16

17

18

      * Қосымша сипаттама тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларында қамтиды.

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТЖҚК - Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды;

      ҚҚС - Қосылған құн салығы.

Об утверждении Правил мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 декабря 2022 года № 673. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 декабря 2022 года № 30915.

      В соответствии с подпунктом 16-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 1 декабря 2022 года № 673

Правила мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности" и определяют порядок мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) работы – деятельность, имеющая вещественный результат, а также иная деятельность, отнесенная к работам в соответствии с законами Республики Казахстан;

      2) услуги – деятельность, направленная на удовлетворение потребностей заказчика, не имеющая вещественного результата;

      3) государственные закупки – приобретение заказчиками товаров, работ, услуг полностью или частично за счет бюджетных средств и (или) собственных доходов, за исключением доходов международных аэропортов, связанных с оказанием услуг нерезидентам Республики Казахстан;

      4) закупки – приобретение заказчиками на платной основе товаров, работ, услуг в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора", правилами осуществления закупок;

      5) заказчики – государственные учреждения, а также государственные предприятия, юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица, за исключением национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных управляющих компаний и аффилированных с ними юридических лиц;

      6) товары – предметы (вещи), в том числе полуфабрикаты или сырье в твердом, жидком или газообразном состоянии, электрическая и тепловая энергия, объекты права интеллектуальной собственности, а также вещные права, с которыми можно совершать сделки купли-продажи в соответствии с законами Республики Казахстан;

      7) уполномоченный орган в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      8) национальный институт в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – Национальный институт) – юридическое лицо, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.

Глава 2. Порядок мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

      3. Мониторинг государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – мониторинг) проводится уполномоченным органом не реже одного раза в год и включает сбор, обработку, анализ, систематизацию и оценку информации по проведенным государственным закупкам и закупкам товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности с целью соблюдения заказчиками требований по энергоэффективности товаров, работ, услуг при осуществлении государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг, утвержденных приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 ноября 2022 года № 627 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30527) (далее – требования по энергоэффективности).

      4. Объектом мониторинга являются товары, работы, услуги, предусмотренные перечнем товаров, работ, услуг, на которые распространяются требования по энергоэффективности при осуществлении государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг, утвержденный приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 8 ноября 2022 года № 619 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30465) (далее – перечень).

      5. Уполномоченный орган ежегодно до 10 января направляет уполномоченному органу в сфере государственных закупок запрос о предоставлении информации по проведенным государственным закупкам и закупкам товаров, работ, услуг.

      6. Уполномоченный орган в сфере государственных закупок в течение пятнадцати рабочих дней с момента получения запроса предоставляет информацию по проведенным государственным закупкам и закупкам товаров, работ, услуг в уполномоченный орган по форме согласно приложению к настоящему приказу.

      7. Уполномоченный орган в течение двух рабочих дней со дня получения информации по проведенным государственным закупкам и закупкам товаров, работ, услуг от уполномоченного органа в сфере государственных закупок направляет ее в Национальный институт.

      8. Национальный институт содействует уполномоченному органу при проведении мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности и в подготовке рекомендаций по актуализации перечня товаров, работ, услуг, на которые распространяются требования по энергоэффективности при осуществлении государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг путем:

      1) проведения анализа на предмет соответствия требований по энергоэффективности проведенных государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг за отчетный период;

      2) предоставления в уполномоченный орган промежуточного отчета по итогам анализа государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг ежегодно до 30 апреля;

      3) внесения в уполномоченный орган заключительного отчета по итогам анализа государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг, включающий динамику изменения государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в сравнении с предыдущим годом, а также рекомендаций по актуализации перечня ежегодно до 10 октября.

      9. Уполномоченный орган на основе отчетов Национального института:

      1) ежегодно, в срок до 25 октября направляет соответствующие рекомендации заказчикам, не соблюдающим требования по энергоэффективности при осуществлении государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг и размещает на своем интернет-ресурсе результаты ежегодного анализа;

      2) проводит актуализацию перечня.

  Приложение к Правилам
мониторинга государственных закупок
и закупок товаров, работ, услуг
в области энергосбережения
и повышения энергоэффективности
  Форма

Информация по проведенным государственным закупкам и закупкам товаров, работ, услуг

БИН заказчика

Наименование заказчика товаров, работ и услуг

Регион заказчика

КТРУ

Наименование КТРУ

Краткая характеристика

Дополнительная характеристика*

Номер объявления

Наименование объявления

Дата публикации объявления

Номер договора

Дата заключения договора

Сумма договора (без НДС)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      Продолжение таблицы

Номер предмета договора

Сумма предмета договора (без НДС)

БИН поставщика

Наименование поставщика

15

16

17

18

      *Дополнительная характеристика также содержит техническую спецификацию товаров, работ, услуг.

      Расшифровка аббревиатуры:

      БИН - банковский идентификационный номер;

      КТРУ - Код товара, работы, услуги;

      НДС - Налога на добавленную стоимость.