"Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 475/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30992 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Абоненттік нөмірді көшіру мынадай шарттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) реципиенттің АНОДҚ-қа ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге сұрау салуды дұрыс толтыруы. Бұл ретте дұрыс деп өтінімге сәйкес сұрау салудың дұрыстығы мен дәлдігі түсініледі;

      2) абоненттің дербес деректерінің дұрыстығы. Бұл ретте өтінімде көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның ЖСН/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) жоқ шетелдік жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен қолданылу мерзімінің ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілген деректермен сәйкес келуі донор мен абонент арасында дәйектілік деп түсініледі;

      3) абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігін растау – соңғы ауыстыру сәтінен бастап, қате ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн өтуі;

      4) абоненттік нөмірді көшіруге белсенді өтінімдердің болмауы;

      5) есеп айырысудың кредиттік тәртібі бар абоненттерде донормен жасалған байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт бойынша донорды тексеру сәтінде берешектің болмауы;

      6) нақты уақыт режимінде қосылулардың ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін ұялы байланыс операторының роуминг-серіктесі жүйені (жабдықты және билингтік жүйені) пайдаланбаған кезде донормен жасалған байланыс қызметін көрсету туралы шарт бойынша донордың тексеру сәтінде аванстық есеп айырысу тәртібімен абоненттерде роуминг қызметтері үшін берешектің болмауы;

      7) тасымалданатын абоненттік нөмірлер үшін сатып алынған абоненттік құрылғылар бойынша абонентте донор алдындағы шарт бойынша міндеттемелердің болмауы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. АНОДҚ-ға жіберілетін абоненттік нөмірді көшіруге сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке тұлғалар үшін (ЖСН-і жоқ шетелдік жеке тұлғаларды қоспағанда):

      абоненттік нөмір;

      ЖСН;

      2) ЖСН-і жоқ шетелдік жеке тұлғалар үшін:

      абоненттік нөмір;

      жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданысының аяқталу күні;

      3) заңды тұлғалар үшін:

      абоненттік нөмір немесе абоненттік нөмірлер тізбесі;

      Заңды тұлғаның БСН-і;

      абоненттік нөмірлерді толық немесе ішінара көшіруді таңдау туралы нұсқау.

      Бұл ретте абоненттік нөмірді толық көшіруді таңдау абонент абоненттік нөмірлер тізбесінде көрсеткен барлық абоненттік нөмірлерді көшіруді көздейді. Егер абоненттік нөмірлердің біреуі бойынша ауыстырудан бас тартылса, онда Тізбеде көрсетілген барлық абоненттік нөмірлер бойынша сұрау салу толық қабылданбаған болып есептеледі.

      Абоненттік нөмірді ішінара көшіруді таңдау абонент ауыстыруға донордың растамасы алынған абоненттік нөмірлер тізбесінде көрсеткен абоненттік нөмірлердің бір бөлігін ғана көшіруді көздейді. Бұл ретте бір немесе бірнеше абоненттік нөмір бойынша көшіруден бас тарту донордың растамасы алынған тізімнен абоненттік нөмірлерді көшіру үшін бас тарту болып табылмайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ұялы байланыс операторлары:

      1) АНОД операторына осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынуды;

      2) көшірілетін абоненттік нөмірлерді өзінің нөмірлеу ресурсына енгізуді және жасалған шарттың қолданыста болу мерзімінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету Қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді;

      3) реципиенттің басқа ұялы байланыс операторының желісіне көшіруге жататын абоненттік нөмірді беруін;

      4) абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыру мен өзінің желісінде көшірілген абоненттік нөмір бойынша қызметтерді тиісінше көрсетуге өз желілерінің техникалық дайындығын;

      5) пайдаланылатын технологияға, ұялы байланыстың көрсетілетін қызмет түріне, абоненттің байланыс қызметтеріне ақы төлеу әдісіне байланыссыз абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді;

      6) абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіру шарттары туралы халыққа ақпарат беруді қамтамасыз етеді.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 475/НҚ бұйрығына қосымша
  Ұялы байланыс желілерінде
абоненттік нөмірді көшіру
қағидаларына қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
(реципиент-оператордың атауы)
  ____________________________
  ____________________________
(абоненттің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде),
тұрғылықты мекенжайы,
абоненттің байланыс нөмірі)

Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінім

      Абоненттік нөмірді төменде келтірілген мәліметтердің негізінде _______________ - дан
___________________________________________________________ -ға көшіруді сұраймын:

      (донор-оператордың атауы) (реципиент-оператордың атауы)

Абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) / ұйымның атауы


ЖСН (ЖСН-і жоқ шетелдік жеке тұлғаларды қоспағанда) /БСН


Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданысының аяқталу күні (ЖСН-і жоқ шетелдік жеке тұлғалар үшін)


Абоненттік нөмір/абоненттік нөмірлердің тізбесі


Көшіру күні (егер көшіруге өтінім кейінге қалдырылса толтырылады)


      Абоненттік нөмірді көшіруден бас тартуға негіздеме болмаған кезде:

Донор-оператормен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты бұзуды сұраймын

_______________________
(донор-оператордың атауы)

Көшірілген абоненттік нөмірді тарифтік жоспарға қосуды сұраймын:

_______________________
(тарифтік жоспардың атауы)

      Абонент толтырады

Мен, ________________ (абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыру мақсатында реципиент-операторға, донор-операторға, АНОДҚ операторына "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беретінімді растаймын.

______________________
(абоненттің қолы)

      Заңды тұлға-абонентпен толтырылады

Абоненттік нөмірлерді толығымен көшіруді таңдау.
немесе
Абоненттік нөмірлерді ішінара көшіруді таңдау.

_____________
_____________

Абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Қолы

Реципиент-оператордың жауапты тұлғасының лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)


Қолы
Күні
Ұйым мөрі


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 1105 "Об утверждении Правил переноса абонентского номера в сетях сотовой связи и даты введения услуги переноса абонентского номера в сетях сотовой связи"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 декабря 2022 года № 475/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 декабря 2022 года № 30992

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 1105 "Об утверждении Правил переноса абонентского номера в сетях сотовой связи и даты введения услуги переноса абонентского номера в сетях сотовой связи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12464) следующие изменения:

      в Правилах переноса абонентского номера в сетях сотовой связи, утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Перенос абонентского номера осуществляется при наличии следующих условий:

      1) корректность заполнения запроса в ЦБДАН реципиентом на перенос абонентского номера в сетях сотовой связи. При этом под корректностью понимается правильность и точность заполнения запроса согласно заявке;

      2) достоверность персональных данных абонента. При этом под достоверностью понимается совпадение указанных в заявке индивидуального идентификационного номера (далее – ИИН) физического лица или номера и даты окончания действия документа, удостоверяющего личность для иностранных физических лиц, не имеющих ИИН/бизнес-идентификационного номера (далее – БИН) юридического лица, с данными указанных в договоре об оказании услуг сотовой связи между донором и абонентом;

      3) подтверждение возможности переноса абонентского номера – с момента последнего переноса прошло не менее 60 (шестьдесят) календарных дней, за исключением случаев ошибочных переносов;

      4) отсутствие активных заявок на перенос абонентского номера;

      5) отсутствие задолженности на момент проверки донором по договору об оказании услуг связи, заключенному с донором, у абонентов с кредитным порядком расчетов;

      6) отсутствие задолженности за услуги роуминга у абонентов с авансовым порядком расчетов на момент проверки донором по договору об оказании услуги связи, заключенному с донором, при не использовании роуминг-партнером оператора сотовой связи системы (оборудования и билинговой системы), позволяющей отслеживать продолжительность соединений в режиме реального времени;

      7) отсутствие у абонента обязательств по договору перед донором по приобретенным абонентским устройствам для переносимых абонентских номеров.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Запрос в ЦБДАН на перенос абонентского номера содержит следующие сведения:

      1) для физических лиц (за исключением иностранных физических лиц, не имеющих ИИН):

      абонентский номер;

      ИИН;

      2) для иностранных физических лиц, не имеющих ИИН:

      абонентский номер;

      номер и дата окончания действия документа, удостоверяющего личность;

      3) для юридических лиц:

      абонентский номер или перечень абонентских номеров;

      БИН юридического лица;

      указание о выборе полного или частичного переноса абонентских номеров.

      При этом выбор полного переноса абонентского номера предусматривает перенос всех абонентских номеров, отраженных абонентом в перечне абонентских номеров. Если по одному из абонентских номеров будет отказ в переносе, то запрос будет считаться отклоненным полностью по всем абонентским номерам, отраженных в перечне.

      Выбор частичного переноса абонентского номера предусматривает перенос только части абонентских номеров, отраженных абонентом в перечне абонентских номеров, по которым получено подтверждение донора на перенос. При этом отказ на перенос по одному или нескольким абонентским номерам не является отказом для переноса абонентских номеров из списка, по которым получено подтверждение донора.";

      пункт 38 изложить в следующей редакции:

      "38. Операторы сотовой связи обеспечивают:

      1) предоставление оператору ЦБДАН сведений об абонентских номерах, согласно подпунктам 1), 2) и 3) пункта 9 настоящих Правил;

      2) включение переносимых абонентских номеров в свой ресурс нумерации и оказание услуг сотовой связи на срок действия заключенного договора в порядке, установленном Правилами оказания услуг сотовой связи;

      3) передачу реципиентом абонентского номера, подлежащего переносу в сеть другого оператора сотовой связи;

      4) техническую готовность своих сетей для осуществления переноса абонентского номера и надлежащего оказания услуг в собственных сетях по перенесенному абонентскому номеру;

      5) перенос абонентских номеров в сетях сотовой связи, независимо от используемой технологии, вида предоставляемой услуги сотовой связи, метода оплаты услуг связи абонентом;

      6) предоставление населению информации об условиях переноса абонентских номеров в сетях сотовой связи.";

      приложение изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 1 декабря 2022 года № 75/НҚ
  Приложение
к Правилам переноса
абонентского номера
в сетях сотовой связи
  Форма
____________________________
____________________________
(наименование
оператора-реципиента)
От _________________________
____________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
абонента, адрес проживания,
контактный номер абонента)

Заявка на перенос абонентского номера в сетях сотовой связи

      Прошу перенести абонентский номер с ______________________________________
(наименование оператора-донора)
на ________________________________ на основании нижеперечисленных сведений:
(наименование оператора-реципиента)

Фамилия, имя, отчество (при наличии) абонента/наименование организации


ИИН (за исключением иностранных физических, не имеющих ИИН) /БИН


Номер и дата окончания действия документа, удостоверяющего личность (для иностранных физических лиц, не имеющих ИИН)


Абонентский номер/перечень абонентских номеров


Дата переноса (заполняется, в случае если заявка на перенос является отложенной)


      При отсутствии основания для отказа в переносе абонентского номера:

Прошу расторгнуть договор
об оказании услуг сотовой связи
с оператором-донором

______________________________
(наименование оператора-донора)

Прошу подключить перенесенный
абонентский номер к тарифному плану:

______________________________
(наименование тарифного плана)

      Заполняется абонентом

Я, ______________________________________________________
(фамилия, имя, отчество абонента (при наличии)
в соответствии с Законом Республики Казахстан 21 мая 2013 года
"О персональных данных и их защите", подтверждаю свое
согласие оператору-реципиенту, оператору-донору, оператору
ЦБДАН на сбор и обработку моих персональных данных в целях
осуществления переноса абонентского номера.

_____________________
(подпись абонента)

      Заполняется абонентом-юридическим лицом

Выбор полного переноса
абонентских номеров. Или
Выбор частичного переноса
абонентских номеров.

_________________________________
_________________________________

Фамилия, Имя, Отчество
(при наличии) абонента

Подпись

Должность ответственного
лица оператора-реципиента

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)


Подпись
Дата
Печать организации