Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 316 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1168 бұйрығымен бекетілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.
2. Азық-түлік қызметінің техникасы (бұдан әрі – техника):
1) далалық техникалық құрал;
2) далалық жөндеу құралы;
3) стационарлық әскери асхана және нан зауыты (наубайхана) жабдығы;
4) таразы-өлшеу аспабы болып бөлінеді.
3. Далалық техникалық құралға:
1) далалық жағдайда тағам дайындау және жеткізуге арналған техникалық құрал (автомобиль, тіркемелі, тасымалданатын асүй, жылжымалы асүй-асхана, тіркемелі және тасымалданатын плита, автомобиль және тіркемелі асхана, термос, термос-жәшік);
2) техникалық далалық нан пісіру құралы (автомобиль және тіркемелі наубайхана блогы, тіркемелі және тасымалданатын наубайхана пеші, тіркемелі қамыр әзірлеу агрегаты, тасымалданатын елеуіш, қамыр бөлу және қамырды қалыптау машинасы);
3) техникалық азық-түлік пен су жеткізу құралы (авторефрижератор, тіркемелі рефрижератор, нан, изотермиялық және құрастырылған автофургон мен тіркеме-фургон, тіркеме-контейнер, тіркеме-қойма, автосуцистерна, суға арналған тіркеме-цистерна, тасымалданатын суға арналған цистерна);
4) далалық тоңазытқыш құралы (тіркемелі тоңазытқыш қондырғысы, жиналмалы тоңазытқыш камерасы) жатады.
4. Далалық жөндеу құралына:
1) техниканы жөндеу шеберханасы;
2) әскери асхананың тоңазытқыш және технологиялық жабдығын жөндеу шеберханасы жатады.
5. Стационарлық әскери асхана жабдығына:
1) технологиялық жабдық (әмбебап машина, еттартқыш, картоп тазалағыш, көкөніс турағыш, кескіш машина, нан турағыш, май бөлгіш, ас дайындау қазандығы, таба, плита, ыдыс жуу машинасы, қайнатқыш, кофеқайнатқыш, электр шкаф);
2) тоңазытқыш жабдығы (тұрмыстық электр тоңазытқышы, тоңазытқыш шкафы мен камерасы, тоңазытқыш агрегаты) жатады.
6. Стационарлық әскери нан зауыты (наубайхана) жабдығына:
2) қамыр илегіш;
3) қамыр бөлгіш және қамыр дөңгелеткіш машина;
4) елеуіш;
5) тұзеріткіш;
6) қант-май еріткіш;
7) авто ұн өлшегіш жатады.
7. Салмақ өлшеу аспабына:
1) үстел;
2) тауарлық;
3) стационарлық таразы жатады.
8. Құрылымдық белгісі бойынша таразы:
1) гірлік;
2) шәкілдік;
3) шәкілдік-гірлік;
4) циферблатты;
5) электрондық болып бөлінеді.
9. Техникалық (сапалық) жай-күйі бойынша техника осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес санатқа бөлінеді.
Техниканы бір санаттан басқа санатқа ауыстыру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлім командирі бекітетін техникалық жай-күй актісі бойынша жүргізіледі.
Техника бірінші санаттан екінші санатқа белгілі бір сақтау мерзімінен және белгіленген қолданылу (жүріс) мерзімі өткеннен кейін ауыстырылады, ол туралы техникалық қарап-тексеру кезінде формулярда (паспортта (жасаушы зауыт) көрсетіледі (бұл ретте техникалық жай-күй актісі жасалмайды).
10. Жөндеу түрін айқындау техниканы жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыс тізбесі бойынша жүргізіледі.
11. Техниканың жиынтықталуын жасаушы зауыт формулярда (паспортта), ведомоста айқындайды.
Техниканың жиынтықталмауы оның санатын төмендетуге негіздеме болып табылмайды.
12. Техниканы пайдалану және жөндеу жасаушы зауыт қоса беретін техникалық сипаттамада, нұсқаулықтарда немесе пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында айқындалады.
2-тарау. Техниканы пайдалануды ұйымдастыру
1-параграф. Техниканы пайдалану
13. Техника тек тікелей мақсаты бойынша қолданылады.
Бір айдан астам кезеңде пайдалану жоспарланбаған техника консервациялауға қойылады.
14. Техниканы штаттан тыс (табельден тыс) пайдалануға жол берілмейді.
15. Әскери бөлімді техникамен жабдықтауды және толық жабдықтауды, сондай-ақ оларды қосалқы бөлшекпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен және пайдалану материалымен жабдықтауды әскери бөлім жабдықталымында тұрған жабдықтау органы жүзеге асырады.
2-параграф. Техниканы пайдалануға енгізу
16. Әскери бөлімге штаттық жабдықтауға әкелінген базалық автомобиль шассиіндегі техника пайдалануға бөлім командирінің бұйрығымен енгізіледі. Бұйрықта техника атауы, түрі мен маркасы, қай бөлімшеге тіркелетіні, ол пайдалануға енгізілген күні кезекті орташа немесе күрделі жөндеуге дейін жүріс қоры (қолданылу ресурсы), техника бекітіліп берілген жүргізушінің (аспаздың немесе наубайдың) тегі көрсетіледі.
Техниканы пайдалануға енгізу туралы бұйрық нөмірі мен ол бекітіліп берілген маманның тегі техникалық құрал формулярына (паспортына) енгізіледі. Жүргізуші (аспаз немесе наубайшы) техниканы қабылдау туралы формулярға (паспортқа) қол қояды.
Техниканы пайдалануға берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді.
17. Жаңа техника жасаушы зауыттың (жөндеу кәсіпорнының) техникалық талаптарына сәйкес бір айдан кешіктірілмей, ал ұзақ сақтау үшін арналған техника алынған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіп байқалады.
Жүргізіп байқау техника пайдалануға немесе ұдайы сақтауға берілген әскери бөлімде жүргізіледі. Жүргізіп байқау нәтижесі формулярға (паспортқа) енгізіледі.
Жүргізіп байқау жоғары көтерілу және төмен түсуі жоқ жабыны жақсы жолмен (асфальтпен, жақсы тегістелген қара жолмен) жүргізіледі.
3-параграф. Техниканы қабылдау, беру және тасымалдау
18. Техниканы қабылдауды әскери бөлім командирі тағайындаған комиссия, ал соғыс уақытында әскери бөлім командирі тағайындаған адам (қабылдаушы) жүргізеді.
Техниканы қабылдау кезінде комиссия (қабылдаушы):
1) пайдалану құжатының бар болуын және оларды дұрыс толтыруды;
2) техникалық жай-күйін;
3) тиесілі керек-жарақтың, құрал-сайман мен қосалқы бөлшектің бар болуын, жай-күйі мен жиынтықтығын тексереді.
Техниканы қабылдау кезінде осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық жай-күй актісі ресімделеді. Техникалық жай-күй актісін қабылдауды жүзеге асыратын әскери бөлім командирі бекітеді.
Жиынтықталмаған техниканы беру кезінде осы факті бойынша шешім қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесі (кінәлі адамдардан өндіру, есептен шығару, ұстап қалу) қоса беріледі.
19. Теміржол көлігімен жеткізілген техниканы қабылдау кезінде әскери бөлім өкілі жөнелтуші пломбасының сақталғанын және техника жиынтықтығын тексереді. Пломба бұзылған жағдайда және техника жиынтықтығында жетіспеушілік анықталған кезде акт жасалады, оның негізінде темір жолға немесе жөнелтушіге наразылық білдіріледі.
20. Техниканы әскери бөлім (құрылым) ішінде беру әскери бөлім командирінің нұсқамасы негізінде, бір құрылымнан (жеке бөлімнен) басқа әскери бөлімге беру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы азық-түлік басқармасының (бұдан әрі – азық-түлік басқармасы) наряды бойынша жүргізіледі.
21. Одан әрі пайдалану үшін берілетін техниканы беретін бөлім ақаусыз жай-күйге келтіреді және құрал-сайманмен, қосалқы бөлшекпен және керек-жарақпен, сондай-ақ пайдалану құжаттамасымен толық жиынтықтайды. Формуляр (паспорт) машина соңғы қолданылған күнге дейін толтырылады.
Ақаулы немесе жиынтықталмаған техниканы беруге, сондай-ақ бөлшекті, торапты, агрегат пен аспапты ауыстыруға жол берілмейді. Табиғи тозу салдарынан жарамсыз болған керек-жарақ пен құрал-сайман, сондай-ақ жұмсалған материал мен қосалқы бөлшек есептен шығарылады және жаңасына (ақаусызына) ауыстырылады. Құрал-сайманмен, қосалқы бөлшекпен және керек-жарақпен уақтылы жиынтықтау мүмкін болмаған кезде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша формулярға (паспортқа) оларды есептен шығару актісінің көшірмесі қоса беріледі.
22. Техниканы беру қабылдау-беру құжатымен (еркін түрде) ресімделеді. Әскери бөлім қабылдаған техника бөлім командирінің бұйрығымен оны пайдалану үшін бөлінген адамға (жүргізушіге, аспазға, наубайшыға) бекітіліп беріледі. Пайдалануға беру туралы бұйрық нөмірі мен адамның тегі формулярға (паспортқа) енгізіледі.
Сақталуға жататын техника жүкқұжат бойынша қойма бастығына (сақтаушыға) беріледі.
23. Техникаға пайдалану құжаты техникалық сипаттаманы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, формулярды (паспортты), қосалқы бөлшек, құрал-сайман, керек-жарақ (бұдан әрі – ҚҚК) ведомосын, пайдалану құжаттары ведомосын қамтиды.
Пайдалану құжатын бастапқыда жасаушы кәсіпорын ресімдейді. Кейіннен пайдалануға жауапты адам техниканы пайдалану, консервациялау, сақтау және жөндеу кезіндегі барлық мәліметті формулярға (паспортқа) енгізеді.
24. Техниканы пайдалану процесінде формулярда (паспортта):
1) оның түскені, бекітіліп берілгені және кейінгі қозғалысы туралы мәліметтер;
2) қолданылу сағатының есебі (жүріс километрі). Есепке алу бір жылдағы деректер жинақталып, ай сайын жүргізіледі. Техниканы басқа бөлімге беру, жөндеуге жіберу, есептен шығаруға ұсыну кезінде жиынтық атқарым сағаты (жүріс километрі) әскери бөлім командирі тыл жөніндегі орынбасарының қолтаңбасымен расталады және мөрімен бекітіледі;
3) бұзылуды және ақаулықты есепке алу;
4) кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді есепке алу;
5) жөндеу түрін (ағымдағы немесе орташа), жүргізілген орны мен уақыты көрсетілген жөндеу туралы мәліметтер;
6) консервациялау, сақтау, санаттау, жүргізіп сынау және тексеру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Барлық жазба формулярда (паспортта) анық, түзетусіз және шимайлаусыз толтырылады.
Формуляр (паспорт) жоғалтылған (бүлдірілген) кезде азық-түлік басқармасымен келісіп оның телнұсқасы жасалады.
25. Техниканың жай-күйі сыртынан қарап-тексерумен, қажет болған кезде қолжетімділігі қиын жерді қарап-тексеру үшін ашумен, бос жүрісте, ал қажет болған кезде жүктемемен сынап-тексерумен айқындалады.
Техникалық жай-күйін айқындау кезінде сыртынан қарап-тексеру мынадай кезеңділікпен жүргізіледі: монтаждау базасы, кинематикалық буын бойынша қуат қондырғысы, технологиялық процесс бойынша технологиялық жабдықтау, қосалқы бөлшекпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен және материалмен жиынтықтау.
Техникада ішкі оталу қозғалтқышы бар болған кезде оның жеңіл іске қосылуы, шағын айналымда қолданыс тұрақтылығы және күрт өзгерген кезде қолданыс режимі тексеріледі.
Электр жетегі бар техниканы жүргізіп сынау алдында электр қозғалтқышта және электр буында міндетті түрде корпусқа қатысты 0,5 мегаомнан төмен емес оқшаулау кернеуі тексеріледі, оқшаулау дымқылданған кезде оған жылы ауа жіберумен үрлеу арқылы кептіріледі.
26. Техниканыың жиынтықталуы қолда бар қосалқы бөлшекті, құрал-сайман мен керек-жарақты пайдалану құжатындағы (формулярдағы, қосалқы бөлшек, құрал-сайман мен керек-жарақ ведомосындағы) жазбамен салыстырып тексеріледі.
27. Теміржолмен немесе су көлігімен тасымалдау үшін техниканы тиеу техниканы жасаушы зауыт немесе оны беретін бөлім құралымен жүзеге асырылады.
Ұзақтықтығы отыз тәуліктен астам тасымалдау кезінде ішкі оталу қозғалтқышын жасаушы зауыт немесе беретін бөлім далалық техникалық құралда консервациялайды.
Тиелген техника автомобильдік базалық шассиге мықты бекітіледі және төменгі берілісі қосылып тежегішке қойылады, отын краны жабылады, электр энергиясымен қуаттанушылар өшіріледі.
Температура -20С-дан төмен және тасымалдау ұзақтығы он бес тәуліктен астам болған кезде машина мен электр станциясынан аккумулятор батареясы алынады, ол вагон-жылытқышта сақталады.
28. Жөндеуге жөнелтілу кезінде тоңазытқыш агрегат, тұрмыстық тоңазытқыш, механикалық нан турағыш, котлет автоматы, әмбебап машина қатты тегіс немесе торлы ағаш жәшікке салынады. Әрбір жәшікте: "Абайлаңыз", "Үсті", "Қозғалта" деген жазу жазылады.
Әскери асхананың тоңазытқыш және технологиялық жабдығын оның сақталуын қамтамасыз ететін жинап салу қағидаларын сақтап, автокөлікте тасымалданған кезде қаптамасыз жөнелтуге жол беріледі.
4-параграф. Техникаға техникалық қызмет көрсету
29. Техникалық қызмет көрсету техниканы ұдайы ақаусыз жай-күйде ұстау мақсатында жүргізіледі.
Қызмет көрсету:
1) ұдайы техникалық әзірлікті;
2) пайдалану қауіпсіздігін;
3) жөндеуаралық кезеңі мен амортизациялық мерзімді барынша ұлғайтуды;
4) тораптың, агрегаттың, бөлшек пен құрылғының тозуы мен ақаулығын уақтылы анықтауды және жоюды;
5) отынның және пайдалану шығыс материалының шамалы шығысын қамтамасыз ететін жұмысты орындауды қамтиды.
30. Техниканы пайдалану процесінде, сонымен қатар оны сақтау және тасымалдау кезінде белгілі бір жұмыс ауқымын міндетті жүргізуге негізделген техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы-ескерту жүйесі белгіленген.
31. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс кешеніне:
1) техниканы жуу және тазалау;
2) агрегаттың, механизм мен аспаптың жай-күйін тексеру және анықталған кемшіліктерді жою;
3) бекіту және теңшеу жұмысы;
4) бұзылған тоттануға қарсы жабынды қалпына келтіру;
5) отын жүйесін жуу, тазалау және отын құю (толық құю);
6) токпен қуаттанушылардың электр желісіне дұрыс қосылуын бақылау;
7) жақпамай жұмысы;
8) жиынтықталуын тексеру;
9) пайдалану құжаттамасының бар болуын және оның дұрыс жүргізілуін тексеру кіреді.
Техникаға техникалық қызмет көрсету кезінде жинау-жуу, жақпамай, бақылап-тексеру және бекіту жұмысы міндетті түрде, ал отын құю, теңшеу және ақаулықты жою жұмысы қажеттілігіне қарай орындалады.
Техниканы пайдалану процесінде анықталған барлық кемшілік барлық техникалық қызмет көрсету түрі кезінде жойылады.
32. Техника үшін мынадай техникалық қызмет көрсету түрі белгіленген:
1) бақылап-тексеру;
2) күнделікті техникалық қызмет көрсету;
3) № 1 техникалық қызмет көрсету;
4) № 2 техникалық қызмет көрсету;
5) сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету;
6) тасымалдау кезінде техникалық қызмет көрсету.
Бақылап-тексеру жұмыс басталар алдында, техниканы парктен шығару алдында, маршта (аялдауда) жүргізіледі.
Күнделікті техникалық қызмет көрсету жұмыс күнінің соңында (паркке қайтып оралғанда, тәуліктік жол жүргеннен кейін маршта) жүргізіледі.
№ 1 және № 2 техникалық қызмет көрсету пайдалану құжатында көрсетілген белгіленген жол жүргеннен (ресурсты пайдаланғаннан) кейін, бірақ осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсету мерзімінен сиретпей жүргізіледі.
Сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету техниканы сақтау процесінде, сондай-ақ оны сақтауға және сақтаудан кейін пайдалануға дайындау кезінде жүргізіледі.
Тасымалдау кезінде техникалық қызмет көрсету техниканы тасымалдау процесінде, сондай-ақ оны тасымалдауға және тасымалдаудан кейін пайдалануға дайындау кезінде жүргізіледі.
Техниканы маусымдық пайдалануға дайындау кезінде алдыңғы жол жүруге (ресурс атқарымына) байланысты емес № 1 немесе № 2 техникалық қызмет көрсетіледі.
Жұмыс ауқымын, сондай-ақ қызмет көрсету сапасына нұқсан келтіретін техникалық қызмет көрсетуге бөлінген уақытты қысқартуға жол берілмейді.
Автомобильде және тіркемеде құрап салынған далалық техникалық құралға техникалық қызмет көрсету автомобильге және тіркемеге қызмет көрсетумен бір уақытта жүргізіледі.
33. Әскери бөлім және бөлімше командирлері техникаға техникалық қызмет көрсетуді ол үшін жеке құрамға қажетті материал мен уақыт беріп, бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуді ұйымдастырады.
Техникаға техникалық қызмет көрсету уақытында жеке құрамды (жүргізуші, аспазды, наубайшыны) техникалық құралдағы жұмыстан қол үздіруге жол берілмейді.
Бейбіт уақытта техникаға техникалық қызмет көрсету үшін арналған уақыт сабақ кестесінде көзделеді.
34. Техникаға бақылап-тексеруді және күн сайын техникалық қызмет көрсетуді қызмет көрсететін персонал (жүргізуші, машинис, аспаз, наубайшы) жүргізеді.
Автомобильде және тіркеме шассиінде құрап салынған далалық техникалық құралдың нөмірлік (№1 және № 2) техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мен салыстырып тексеру реттеу жұмысына байланысты машинаны қыста және жазда пайдалануға дайындау бойынша қосымша жұмысты қызмет көрсету персоналы бөлімнің қызмет көрсету және жөндеу бөлімшесінің жеке құрамын тартып жүргізеді.
Әскери асхананың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына нөмірлік техникалық қызмет көрсетуді жабдықталым органының өкімі негізінде көшпелі бригаданың механигі жүргізеді.
5-параграф. Техниканы сақтау
35. Бір айдан астам пайдалану жоспарланбаған техника консервациялауға қойылуға тиіс.
Техниканы сақтау қысқа мерзімді (бір жылға дейін) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді.
Сақтауға дайындау ауқымы, сондай-ақ түрі мен әдісі техниканы пайдаланудағы үзіліс ұзақтығына байланысты белгіленеді.
Техниканы сақтау кезінде техникалық қызмет көрсетуді жасаушы зауыт пайдалану жөніндегі техникалық сипаттамада айқындайды.
36. Техниканы сақтауға дайындау жұмысын қызмет көрсету және жөндеу бөлімшесінің мамандарын тартып, техника бекітіліп берілген жеке құрам (жүргізуші, аспаз, наубайшы) орындайды.
37. Жүргізілген техникалық қызмет көрсету түрі, техниканы сақтауға қою туралы бұйрық күні мен нөмірі формулярда (паспортта) жазылады.
Техниканы ұзақ сақтауға қойған кезде әрбір машинаға сақтау карточкасы толтырылады (еркін нысанда), ол техника формулярымен (паспортымен) бірге сақталады.
Техниканы сақтау карточкасы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
38. Сақтауға қойылған техникаға техникалық қызмет көрсетуді барлық дәрежедегі бөлімше командирлері ұйымдастырады.
Сақтауда тұрған техниканы күтіп-ұстау жөніндегі барлық іс-шаралар бөлімнің жылдық шаруашылық жоспарында көрсетіледі.
Жылдық шаруашылық жоспарға ағымдағы жылы орындалатын іс-шаралар (қайта консервациялау, сынап-байқау, техникалық қызмет көрсету, аккумулятор батареясын, шинаны, жанармай және жақпамай материалын ауыстыру) енгізіледі.
39. Далалық техникалық құралды сақтаудан алу әскери бөлім командирінің бұйрығында жарияланады, онда: алу үшін негіздеме, алынатын машина атауы, саны, оның маркасы мен нөмірі, ол қандай мақсатпен және қандай мерзімге сақтаудан алынатыны көрсетіледі.
Машина формулярында (паспортында) және сақтау карточкасында сақтаудан алынғаны туралы белгі жасалады.
6-параграф. Техниканы дұрыс пайдалануды және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
40. Техниканы дұрыс пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді:
1) лауазымды адамдар бақылап-тексеру кезінде;
2) комиссия материалдық құралды түгендеу кезінде жүзеге асырады.
41. Бақылап-тексеруді:
1) қамтамасыз ету взводының командирі (әскери бөлімнің асхана бастығы, азық-түлік қоймасының бастығы) – екі аптада бір реттен сиретпей (қарамағындағы барлық техниканы);
2) батальон командирі – үш айда бір реттен сиретпей (қарамағындағы барлық техниканы);
3) әскери бөлім азық-түлік қызметінің бастығы – бір айда бір реттен сиретпей (қарамағындағы барлық техниканы);
4) құрама азық-түлік қызметінің бастығы – үш айда бір реттен сиретпей (қарамағындағы барлық техниканы)жүргізеді.
Бақылап-тексеру техника бекітіліп берілген бөлімше командирінің және маманының қатысуымен жүргізіледі.
Қарап-тексеру кезінде: барлық агрегаттың, механизм мен аспаптың жай-күйі, ҚҚК-ның бар болуы мен жай-күйі, машинаны пайдалану және формулярды (паспортты) дұрыс жүргізу тексеріледі.
42. Материалдық құралды түгендеу кезінде:
1) техниканың жиынтықталуы;
2) формулярлды (паспортты) дұрыс жүргізу және есепке алу тексеріледі.
7-параграф. Техникаға маусымдық қызмет көрсету ерекшелігі
43. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралын қыста және жазда пайдалану кезеңі тұрақты ауа температурасы тиісінше +50С-дан төмен немесе жоғары болуымен айқындалады.
44. Далалық техникалық құралдың қыста және жазда сенімді қолданысы жеке құрамның даярлығымен және олардың пайдалануды ұйымдастыруды сақтап, сондай-ақ материалдық бөліктің дайын болуымен қамтамасыз етіледі.
Техниканы маусымдық пайдалануға дайындау мерзімі климаттық жағдайға байланысты өңірлік қолбасшылық әскері қолбасшыларының бұйрықтарымен белгіленеді.
45. Бөлімде қыста (жазда) пайдалану кезеңіне дайындық жоспары әзірленеді, онда жеке құрам мен азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралын дайындау іс-шаралары көзделеді.
Техниканы қыста (жазла) пайдалану кезеңіне ауыстыру датасы бөлім командирінің бұйрығында жарияланады.
46. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралын қыста және жазда пайдалануға (маусымдық техникалық қызмет көрсетуге) дайындау жұмысының ауқымын жасаушы зауыт машинаны пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқауда және нұсқаулықтарда айқындайды және осы құжатта көзделген кезекті № 1 немесе № 2 техникалық қызмет көрсетуді немесе қосымша жұмысты (маусымдық отынды, майды, жақпамайды ауыстыруды) қамтиды.
47. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралын маусымдық пайдалануға бөлімше командирлері мен бөлім азық-түлік қызметі бастығының жетекшілігімен жүргізуші, аспаз, наубайшы дайындайды.
Далалық техникалық құралды маусымдық пайдалануға дайындау туралы белгі машина формулярына (паспортына) қойылады.
48. Далалық техникалық құралды қыста пайдалану кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) жұмыс басталар алдында асүйдің және нан пісіру пешінің отын жүйесінің сүзгісі ашылады және олар мұздан (судан) тазартылады;
2) жұмыс аяқталғаннан кейін (жақпамай суып қалмай тұрғанда) агрегатқа және торапқа бірден май және жақпамай құйылады (толтырылады);
3) жүйенің қатып қалуын болдырмау үшін үзіліс және жұмыс аяқталған кезде сумен жабдықтау жүйесінен су ағызылады.
49. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралын жазда пайдалану кезінде технологиялық жабдықты шаңнан және ылғалдан, жүріс бөлігін ластанудан қорғау шаралары қабылданады. Су, азық-түлік, шикізат, дайын тамақ пен нан шаң түсуден мұқият қорғалады. Азық-түлікке тиіп тұратын үстіңгі қабатты таза сумен мұқият жуылады.
8-параграф. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын күрделі жағдайда пайдалану ерекшелігі
50. Шөлді және таулы аудандың табиғи және климаттық жағдайы далалық техникалық құралдарды ауыстыруға, өрістетуге, бүркемелеуге, пайдалануға және асты әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуге, нан пісіруге және азық-түлікті қайта өңдеуге, сондай-ақ далалық техникалық құралдардың, сүйреп тартатын автомобиль қозғалтқышының және электр станциясының жұмысына, далалық техникалық құралға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және сақтауды ұйымдастыруға және оны жүргізуге елеулі ықпал етеді.
51. Қазақстан Республикасының солтүстік ауданында техниканы қысқы кезеңде пайдалану қатты аязбен және желмен, жиі соғатын боранмен және қардың қалың түсуімен қиындайды. Көрсетілген жағдайда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде:
1) техникалық құралдар мен сүйреп тартатын автомобильді жылыту, қозғалтқышты іске қосуды жеңілдету, жол жүру мүмкіндігін арттыру құралымен, сондай-ақ шанецтік құрал-сайманмен жабдықтау;
2) машинаға осы жағдай үшін көзделген май мен жақпамай сұрпын, жанармай мен төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтығын қолдану;
3) сеңді мұзбен және қойтаспен қоршалған жергілікті жермен жүру кезінде машина картерін зақымдамайтындай етіп, абай болу;
4) техниканы қар басып қалуын болдырмау мақсатында далалық техникалық құралдардың тұрағы үшін биіктетілген алаңды және жел жақсы соғатын алаңды таңдау;
5) суға арналған цистернаны, далалық техникалық құралдарды сумен жабдықтау жүйесін, нан таситын автомобиль-фургон шанағын, аккумулятор батареясын жылылау;
6) асүй мен наубайхана пешінің отын жүйесін қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау;
7) шатырда, қосалқы үй-жай мен бүркемеде далалық техникалық құралдарда технологиялық процесті жүргізу (тамақ дайындау мен нан пісіру), техникалық қызмет көрсету және жөндеу қажет.
52. Шөлді ауданда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде жолдың нашар дамыған желісін, су мен отынның болмауын, тәулік ішіндегі температураның күрт өзгеруін, құмды дауыл мен боранға әкелетін қатты желді, құмның және құмды дауылдың жабдық жұмысына және технологиялық процесті жүргізуге әсер етуін, орман ағашы мен техникаға арналған табиғи бүркеменің мүлдем болмауын ескеру қажет.
Шөлді ауданда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде:
1) жұмыс басталар алдында мұқият қарап-тексеру, механизм мен тораптың ашық жанасатын үстіңгі қабатынан жақпамайды сүрту, ал азық-түлік өнімімен жанасатын үстіңгі қабатын сумен мұқият жуу;
2) тамақ дайындау және нан пісіру үшін артық су қорын ұстау;
3) шатырда, қосалқы үй-жайда және бүркемеде технологиялық процесті (тамақ дайындау және нан пісіру), далалық техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
4) шанақ-фургонның және далалық техникалық құрал шатырының терезесін, есігін сенімді нығыздауды қамтамасыз ету;
5) суды, азық-түлікті, шикізатты, дайын тамақ пен нанды оларға шаң мен топырақтың түсуінен сақтау;
6) асүй мен нан пісіру пешінің отын жүйесін ұдайы әзірлікте ұстау қажет.
53. Таулы ауданда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде күрделі жол жағдайын (ұзақ биікке көтерілуді, еңіс пен қауіпті бұрылысты), тәулік ішінде температураның күрт өзгеруіне, судың қайнау температурасының төмендеуіне, қозғалтқыш қуатының және жұмысының үнемделуін төмендетуге, асүй мен нан пісіру пешінің отын жүйесі жұмысының нашарлауына, жеке құрамның қатты шаршауына әкеп соқтыратын төмен атмосфералық қысым ескеріледі.
Таулы ауданда далалық пайдалану құралдарын қолдану кезінде:
1) далалық техникалық құралдар жүріс бөлігі торабының, тежегішінің жай-күйін, жиынтықтаушы бұйымның жиналуы мен бекітілуін қадағалау;
2) түнде аяз болған жағдайда далалық техникалық құралдар сумен жабдықтау жүйесінің қатып қалуына жол бермеуге шаралар қабылдау;
3) қазандықтардағы артық қысымды арттыру және тамақ дайындау уақытын қысқарту үшін асүйдің тамақ пісіретін қазанының бу шығаратын қақпағын тексеру және қажет болған кезде реттеу;
4) асүй мен наубайхана пешінің отын жүйесіндегі отынның жану қарқынын реттеу қажет.
3-тарау. Техниканы жөндеуді ұйымдастыру
1-параграф. Жөндеуді қамтамасыз ету
54. Ақаулы және зақымданған техниканы уақтылы және сапалы жөндеу бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік әзірлікте ұстаудың маңызды шарты болып табылады.
Жөндеуді ұйымдастыру:
1) техниканың жай-күйін және оны жөндеуге уақтылы жеткізуді бақылаумен;
2) жарақтандырылған және жеке құраммен жасақталған жөндеу бөлімшелерінің бар болуымен;
3) ақаулы және зақымданған техниканың орналасқан орнын анықтаумен;
4) жөндеушілердің жоғары өндірістік біліктілігімен;
5) жөндеу бөлімшесіндегі жабдықты, айла-бұйымды, құрал-сайман мен керек-жарақты ұдайы ақаусыз жай-күйде ұстаумен;
6) жөндеуді дұрыс ұйымдастырумен және техниканы жөндеуге арналған техникалық шарттарды сақтаумен;
7) жөндеу бөлімшелерін материалмен, қосалқы бөлшекпен және құрал-сайманмен уақтылы қамтамасыз етумен;
8) техниканы жөндеудің технологиялық процесін жетілдірумен қамтамасыз етіледі.
55. Техниканы жөндеу табиғи тұрғыдан тозумен, дұрыс пайдаланбаумен, құрылымдық кемшілікпен, сапасыз жасаумен немесе жөндеумен, сондай-ақ жауынгерлік бұзылудан пайда болған ақаулықты немесе бұзылуды тозған немесе зақымданған агрегатты, торапты, аспап пен бөлшекті ауыстыру немесе олардың қолданылу қабілетін қалпына келтіру арқылы жоюды қамтиды.
56. Азық-түлік қызметінде техниканы жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі қабылданды, ол кезінде орташа жөндеу осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес есептен шығарғанға дейін жұмыс (жол жүру) жөндеуаралық кезеңінің белгіленген нормаларына сәйкес жоспарланады. Жөндеуге нақты қажеттілік техникалық қарап-тексеру нәтижесі бойынша белгіленеді.
57. Ақаулық немесе бұзылу сипатына және оларды жою бойынша жұмыстың еңбек сыйымдылығына байланысты техниканы жөндеу ағымдағы және орташа болып бөлінеді.
Ағымдағы жөндеу техниканың қолданылу қабілетін кепілдендірілген қамтамасыз ету мақсатында пайдалану процесінде жүзеге асырылады және жеке бөлшекті ауыстыруды немесе қалпына келтіруді және оларды реттеуді қамтиды.
Орташа жөндеу негізгі екі бөлшекті (торапты) ауыстырумен немесе қалпына келтірумен және оларды реттеумен техника ресурсының ақаусыздығын қалпына келтіруді және толық қалпына келтіруді қамтиды.
Бұл ретте негізгі бөлшектің техникалық жай-күйі тексеріледі, ақаулық жойылады, реттеу, бекіту және жөндеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ лак-бояу жабындысы қалпына келтіріледі.
58. Ақаулық (зақымдану) сипатына және оларды жою бойынша жұмыстың еңбек сыйымдылығына байланысты жөндеудің мынадай түрі белгіленді:
1) автомобиль және тіркемелі асүй, тіркемелі плита, автомобиль асханасы, автомобиль және тіркеме наубайхана блогы, тіркемелі наубайхана пеші мен қамыр дайындағыш агрегат, автомобиль-рефрижератор, тіркеме-рефрижератор, изотермиялық нан және құрастырылған автомобиль-фургон, суға арналған автомобиль-цистерна, тіркемелі тоңазытқыш агрегаты, контейнер-рефрижератор және стационарлық әскери асхананың тоңазытқыш жабдығынан тоңазытқыш агрегаты үшін – ағымдағы, орташа;
2) тасымалданатын асүй, плита мен қайнатқыш, газды асүй, термос пен термос-жәшік, тасымалданатын наубайхана пеші, елегіш, қамыр бөлгіш және қамырды қалыптағыш машина, нан және изотермиялық тіркеме-фургон, тіркеме-қойма, тіркеме-контейнер, тіркеме-цистерна және тасымалданатын суға арналған цистерна, тоңазытқыш жиналмалы камера, тоңазытқыш шкаф, тұрмыстық электр тоңазытқышы, стационарлық әскери асхананың механикалық және жылу беру жабдығы және салмақ өлшеу аспабы үшін – ағымдағы.
59. Техниканың маркасы бойынша әрбір жөндеу түрінің еңбек сыйымдылығы мен ұзақтығын, жұмыс тізбесін, жөндеудің үлгілік технологиялық процесі мен техникалық шарттарды, сондай-ақ материал мен қосалқы бөлшектің шығыс нормасын жабдықталым органы белгілейді.
60. Ағымдағы және ішінара орташа жөндеу бейбіт және соғыс уақытында тікелей әскери бөлімдерде орындалады:
1) далалық техникалық құралға:
әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшесі;
азық-түлік қызметі жөндеу шеберханасының көшпелі бригадасы;
2) стационарлық әскери асхананың технологиялық және тоңазытқыш жабдығына:
әскери қойманың көшпелі бригадасы;
әскери бөлімдердің тоңазытқыш жабдықты жөндеу жөніндегі механигі;
әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшесі;
3) стационарлық әскери нан зауыты (наубайхана) жабдығына:
әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшесі;
әскери нан зауытының (наубайхананың) жеке құрамы;
4) салмақ өлшеу аспабына:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 906-шы өлшеу техникасы базасының стационарлық және жылжымалы шеберханасы.
61. Ағымдағы жөндеу үшін қосалқы бөлшектің жеке жиынтығы пайдаланылады. Жетіспейтін қосалқы бөлшек пен материалды, сондай-ақ оларды сатып алуға қаражатты әскери бөлім жабдықталым органынан жылдық өтінім бойынша талап етеді.
62. Техникаға орташа жөндеуді мыналар орындайды:
1) далалық техникалық құралға – әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшесі;
2) стационарлық әскери асхананың технологиялық және тоңазытқыш жабдығына – әскери қойманың көшпелі бригадасы, сондай-ақ мамандандырылған кәсіпорын;
3) салмақ өлшеу аспаптарына – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өлшеу техникасы базасының стационарлық және жылжымалы шеберханасы, сондай-ақ шарттық бастамада мамандандырылған кәсіпорын.
63. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдары орнатылған автомобиль шассиін және тіркемені, сондай-ақ далалық техникалық құралдарда орнатылған автомобильдік іштен жану қозғалтқышын жөндеуді автомобиль қызметінің жөндеу кәсіпорны орындайды.
64. Бензин-электр агрегатын, жылжымалы электр станциясын, сондай-ақ жиынтыққа кіретін немесе азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарында орнатылған автомобильдіктен басқа, іштен жану қозғалтқышын жөндеуді инженерлік қызметтің жөндеу кәсіпорны жүргізеді.
65. Сыйымдылығы жүз литрден астам булы, газды және электрлік қазандықты пәтер-пайдалану қызметінің жөндеу кәсіпорны жөндейді.
66. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын жабдықтау үшін пайдаланылатын шатыр мен брезентті киім-кешек қызметінің шеберханасы жөндейді.
67. Автомобиль шассиі мен тіркеме, бензин-электр агрегаты, жылжымалы электр станциясы, іштен жану қозғалтқышы, сыйымдылығы жүз литрден астам ас пісіретін қазандық, шатыр мен брезент бағынысында жөндеу кәсіпорны бар тиісті қызметтің наряды (өкімі) бойынша жөндеуге жөнелтіледі.
68. Зақымданған техниканы анағұрлым тез қалпына келтіру мақсатында барлық жөндеу бөлімшелері, бөлімдер мен кәсіпорын бірінші кезекте далалық техникалық құралдарды (автомобиль және тіркемелі асүйді және наубайхана блогын, тіркемелі пеш пен қамыр дайындағыш агрегатты) жөндеу үшін пайдаланылады.
Әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшелерінде және құрамалардың жөндеу бөлімдерінде техниканы ағымдағы және орташа жөндеу жүргізушінің, аспаздың, наубайханашының және азық-түлік қызметінің техникалық құралдарды жөндеу жөніндегі маманының қатысуымен жүргізіледі.
2-параграф. Техниканы жөндеуді жоспарлау
69. Жөндеуді жоспарлау техниканы уақтылы және сапалы жөндеу, оны ұдайы техникалық ақаусыз жай-күйде ұстау үшін әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшесін (құрамалардың жөндеу бөлімін), көшпелі бригадаларды және жөндеу бөлімшелерін анағұрлым ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
70. Техниканы жөндеуді жоспарлау:
1) жөндеуге қажеттілікті айқындауды;
2) қосалқы бөлшекке, құрал-сайманға, материалға және жөндеуге арналған қаражатқа қажеттілікті айқындауды;
3) жөндеу бөлімшесінің, бөлімінің, көшпелі бригаданың және жөндеу құралының өндірістік қуатын біркелкі жүктеуді және толық пайдалануды;
4) жоспарланатын кезеңде әскер шешетін міндеттерге және техниканың арналуына байланысты жөндеу кезектілігін көздейді.
71. Техниканы жөндеу әскери бөлімдерде жоспарланады.
3-параграф. Әскери бөлімде (құрамада) техниканы жөндеуді жоспарлау
72. Бейбіт уақытта бөлімдерде (құрамаларда) техниканы жөндеуді жоспарлау оны пайдалануды жоспарлаумен бір уақытта жүзеге асырылады, пайдалану және жөндеу жоспарларында көрсетіледі. Бұл ретте орташа және күрделі жөндеуге қажеттілік техниканың жұмыс істеуінің жөндеуаралық кезеңіне (жол жүруіне) сүйене отырып жоспарланады.
Техниканы жөндеуге жоспарлы қажеттілік негізінде әскери бөлім (құрама) азық-түлік қызметінің бастығы:
1) жоспарланатын жылы жөндеуге жататын техниканың тізбесі мен санын;
2) жөндеу мерзімін;
3) әскери бөлімнің жөндеу бөлімшесінде (құраманың жөндеу бөлімінде) жөндеуге жататын техника санын және жөндеу кәсіпорнында жөндеуге жататын техника санын айқындайды.
73. Әскери бөлімнің жөндеу бөлімшесінде (құраманың жөндеу бөлімінде) техниканы ағымдағы және ішінара орташа жөндеу үшін азық-түлік қызметінің (құрама) бастығы ай сайын техниканы жөндеуге өтінім жасайды және бөлім командирінің техникалық бөлім (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына жолдайды, ол осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімнің жөндеу бөлімшесінің (құраманың жөндеу бөлімінің) айлық жоспар-тапсырмасына енгізіледі.
Бекітілген жоспар-тапсырма негізінде бөлім (құрама) азық-түлік қызметінің бастығы жөндеу қорын, қажетті арнайы қосалқы бөлшекті бөлімнің жөндеу бөлімшесіне (құраманың жөндеу бөліміне) жеткізуді және жөнделген техниканы алуды қамтамасыз етеді.
4-параграф. Техниканы жөндеу, оны жөндеуге тапсыру және жөндеуден беру
74. Техниканы ағымдағы жөндеу жоспарланбайды. Ол техникалық қызмет көрсету процесіндегі қажеттілікке қарай және техника істен шыққан жерде орындалады. Техника істен шыққан кезде әскери бөлім командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасарының рұқсатымен далалық техникалық құралдарды ағымдағы жөндеу техникалық қызмет көрсету пункттерінде жүргізіледі.
75. Техниканы ағымдағы жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшек пен материал санын азық-түлік басқармасы айқындайды және олар өтінімде есепке алынады.
76. Техника, оның техникалық жай-күйін әскери бөлім командирі лауазымды адамдар – осы техника бойынша мамандар қатарынан тағайындайтын комиссия айқындағаннан кейін орташа жөндеуге жөнелтіледі.
Комиссия:
1) белгіленген жөндеуаралық кезең немесе қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін;
2) бұзылу, авария, қанағаттанарлықсыз техникалық қызмет көрсету, сапасыз жасау (жөндеу) нәтижесінде техника мерзімінен бұрын істен шыққан жағдайда тағайындалады.
Қарап-тексеру кезінде формулярдағы (паспорттағы) жазу тексеріледі және қажет болған жағдайда жеке агрегатты тексеру және ашу жүргізіледі.
77. Қарап-тексеру нәтижесі бойынша негізгі агрегаттың, тораптың, бөлшек пен аспаптың ақаулығын және техниканың істен шығу себебін нақты атап көрсетумен осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық жай-күй актісі жасалады, сондай-ақ жөндеу түрі айқындалады.
78. Құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы жөндеу құрама (әскери бөлім) командирінің техникалық бөлім (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарының өкімі бойынша жүзеге асырылады.
Жауынгерлік жағдайда құрама (бөлім) жөндеу бөлімшесінің командирі техниканы жөндеуге дербес қабылдайды, ол туралы тікелей бастыққа баяндайды.
79. Құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы ағымдағы жөндеу, ал соғыс уақытында орташа жөндеу қабылдау-тапсыру құжаттары және техникалық жай-күй актісі ресімделмей жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы орташа жөндеуге тапсыру техникалық жай-күй актісі бойынша, ал жөндеуден қабылдау техникалық қызмет көрсетуді және машина мен агрегатты жөндеуді есепке алу кітабы бойынша жүргізіледі.
80. Далалық техникалық құралдарға жүргізілген жөндеу түрі формулярға (паспортқа) белгі ретінде енгізіледі.
4-тарау. Азық-түлік қызметінің жөндеу бригадалары
1-параграф. Техниканы жөндеу шеберханасының көшпелі бригадалары
81. Әскери бөлімдерге және мекемелерге далалық техникалық құралдарды жөндеуде шұғыл көмек көрсету үшін көшпелі жөндеу бригадалары жіберіледі. Жөндеу бригадалары техникалық құралдардың белгілі бір түрін ағымдағы және орташа жөндеу үшін жеке құраммен жасақталады, материалмен, жөнделген немесе жаңа бөлшекпен, тораппен, агрегатпен, құрал-сайманмен, айла-бұйыммен және жабдықпен жабдықталады.
82. Бригадалар арнайы шанақ-фургонмен жабдықталған автомобильде немесе жүк автомобилінде белгілі бір мерзімге жіберіледі. Олар азық-түлік қоймасымен үздіксіз байланыста болады және материалмен, бөлшекпен, тораппен және агрегатпен толық жабдықталады.
83. Қарамағына көшпелі бригада келген әскери бөлімнің азық-түлік қызметінің бастығы оның мамандарын жөндеуге қатысу үшін техникалық құралдарға қызмет көрсететін жеке құрамға жібереді.
2-параграф. Әскери асхананың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына көшпелі техникалық қызмет көрсету және жөндеу бригадалары
84. Әскери асхананың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына кезеңдік техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін 1-ші және 2-ші деңгейдегі қойма жанынан көшпелі бригадалар ұйымдастырылады.
Көшпелі бригадалар саны мен құрамын әскери бөлімдерде техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жататын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың қолда барына байланысты жабдықталым орган айқындайды.
85. Көшпелі бригаданың жеке құрамы:
1) механиктер (қызмет көрсетуге қоймаға тіркелген әскери бөлімдерде бар тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың саны бойынша 1 – 3 адам);
2) тоңазытқыш және технологиялық жабдықты жөндеу бойынша шеберхана жүргізушісі.
86. Бөлімдердің тоңазытқыш және технологиялық жабдығына кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы және ішінара орташа жөндеуді көшпелі бригадалар жабдықталым органының өкімі бойынша жабдықты пайдалану орнында жүргізеді.
87. Тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу, материалмен және қосалқы бөлшекпен қамтамасыз ету көшпелі бригадасының жұмысына басшылық жасауды әскери қойманың механикалық агрегат пен тоңазытқыш жабдығы жөніндегі технигі, ал техниканы жөндеу шеберханасы бар қоймада – шеберхана бастығы жүзеге асырады.
Әскери бөлім қоймасына тіркелген тоңазытқыш пен технологиялық жабдыққа, сондай-ақ қоймада сақтауда тұрған техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жалпы ұйымдастыруды сақтау бөлімдері бастықтарының біреуі арқылы қойма бастығы жүзеге асырады.
88. Әскери қойма бастығы көшпелі бригаданы әскери бөлімдерге жіберу кезінде іссапар нұсқамасын және тоңазытқыш пен технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге нарядты ресімдейді.
Нарядта орналасу орындары көрсетілмей, әскери бөлімдердің шартты нөмірлері беріледі.
Көшпелі бригадаларға берілетін жабдыққа қызмет көрсетуге және жөндеуге нарядтарды осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімдерде тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысты орындауға нарядтарды есепке алу журналы бойынша әскери қойманың механикалық агрегат пен тоңазытқыш жабдық жөніндегі технигі есепке алады.
89. Орындалған нарядтар негізінде әскери бөлімнің технигі ай сайын осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшпелі бригада тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсаған қосалқы бөлшек пен материалдың жиынтық ведомосын жасайды.
Жиынтық ведомость негізінде материал мен қосалқы бөлшекті көшпелі бригада есебінен, сондай-ақ әскери қойма есебінен шығару актісі жасалады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Техника санаттары
Р/с № | Техника атауы | Санаттар | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | ||
1 | Автомобильдік және тіркемелі асүй, тіркемелі плита, тіркемелі наубайхана пеші мен қамыр дайындау агрегаты; тіркемелі тоңазытқыш агрегаты және контейнер-рефрижератор | Жаңа, пайдалануда болмағандар, 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз | Пайдалануда болған немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен жаңа, сондай-ақ орташа жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен | Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 20 жылдан астам сақтау мерзімімен | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
2 | Автомобиль-рефрижератор және тіркеме-рефрижератор, изотермиялық, нан және құрастырылған автомобиль-фургон, суға арналған автомобиль-цистерна, автомобиль асханасы* | Жаңа, 3000 километрге дейін жүрген немесе 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз | 3000 километрден астам жүрген немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ орташа және күрделі жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен |
Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
3 | Нан және изотермиялық тіркеме-фургон, тіркеме-қойма, суға арналған тіркеме-контейнер, тіркеме-цистерна, тіркеме асүй | Жаңа, 3000 километрге дейін жүрген немесе 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз | 3000 километрден астам жүрген немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ орташа және күрделі жөндеуден өткен | Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен | Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 20 жылдан астам сақтау мерзімімен | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
4 | Тасымалданатынжәне газ асүй, тасымалданатын плита мен қайнатқыш, термос пен термос-жәшік, елегіш,тасымалданатын қамыр бөлгіш, қамырды қалыпқа салу машинасы, тасымалданатын наубайхана пеші | Жаңа, 5 жылға дейін сақтау мерзімімен пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз | Пайдалануда болған немесе жаңа, 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен | Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 10 жылдан астам сақтау мерзімімен | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
5 | Стационарлық әскери асхананың тоңазытқыш жабдығынан тоңазытқыш агрегаты, бөлшектенетін тоңазытқыш камерасы | Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз | Пайдалануда болған немесе орташа және күрделі жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 7 жылдан астам сақтау мерзімімен | Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 10 жылдан астам сақтау мерзімімен | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
6 | Стационарлық әскери асхананың механикалық және жылу жабдығы, жиналмалы тоңазытқыш камерасы, тоңазытқыш шкаф, тұрмыстық электр тоңазытқыш | Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз | Пайдалануда болған немесе жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін | Күрделі жөндеуді қажет ететін | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
7 | Салмақ өлшегіш құрал | Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз | Пайдалануда болған немесе жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз | Орташа жөндеуді қажет ететін | Күрделі жөндеуді қажет ететін | Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады |
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙ
АКТІСІ
20__жылғы "_____"_____________
__________________________________________________________________________
(әскери бөлім атауы)
КОМИССИЯ: төрағасы
__________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, тегі және аты-жөні)
мүшелері _________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
______________________________________________ бұйрығы негізінде әрекет ететін,
(бұйрық, нөмірі мен күні)
зауыттық нөмірі ____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(техника атауы мен маркасы)
__________________техникалық жай-күйін анықтау үшінқарап-тексеруді жүргізді.
Құжаттармен танысу және қарап-тексеру кезінде
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(техника атауы)
комиссия бекітті:
1. _______________________________________________________________________
(техника атауы)
пайдалануды бастап
_____________________________________________________________сағат жұмыс
істелді,______________километр жүріп өтті, _________________рет орташа жөнделді,
_______________________________________________________рет күрделі жөнделді.
2. Алдыңғы орташа (күрделі) жөндеу уақытынан бастап
__________________________________________________________________________
(техника атауы)
______________________сағат жұмыс істелді, ______________ километр жүріп өтті.
3. Қарап-тексеру кезінде анықталды:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Жиынтықталуы
__________________________________________________________________________
(немен жиынтықталды)
__________________________________________________________________________
5. Дұрыс пайдалану
__________________________________________________________________________
(пайдалану қағидалары сақталды ма, көрсету керек)
__________________________________________________________________________
6. Комиссияның шешімі:
__________________________________________________________________________
(техниканың санаты, жөндеу түрі, есептен шығару қажет пе)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Акт _______________ данада жасалды
№ 1 дана ______________
№ 2 дана ______________
Комиссия төрағасы _________________________________________________________
Комиссия мүшелері _________________________________________________________
№ _______ есептен шығару актісі
Комиссия мынадай құрамда: ________________________________________________
(әскери атағы, комиссия төрағасының, мүшелерінің тегі және аты-жөні)
__________________________________________________________________ негізінде
(бұйрықтың нөмірі мен шыққан күні)
төменде көрсетілген мүлік ___________________________________________________,
(пайдалану, регламенттелген жұмыс, жөндеу)
нәтижесі бойынша белгіленген нормалар шегінде жұмсалғанын тексерді және есептен шығаруға жатады:
Р/с № | Мүлік атауы | Өлшем бірлігі | Бұйым саны | Бір бірлік үшін бағасы | Сомасы, теңге | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы сомасы ________________________________________теңге __________ тиын
____________________________________________________есептен шығаруға жатады
саны жазбаша
Комиссияның ерекше ескертулері ____________________________________________
__________________________________________________________________________
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде (қоспа жасау, сұйықтық төгу) мынадай материал алынды және кіріске алынды:
Р/с № | Мүлік атауы | Өлшем бірлігі | Бұйым саны | Бір бірлік үшін бағасы | Сомасы, теңге | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Комиссия төрағасы _________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
20___ жылғы "_______" _____________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Техникалық қызмет көрсету мерзімі
Р/с № | Азық-түлік қызметінің техникасы | Техникалық қызмет көрсету мерзімі | |
---|---|---|---|
1-ТҚ | 2-ТҚ | ||
1. | Автомобильдік, тіркемелі және тасымалданатын асүй; тіркемелі және тасымалданатын плита; тасымалданатын қайнатқыш; автомобильдік және тіркемелі наубайхана блогы; тіркемелі және тасымалданатын наубайхана пеші; тіркемелі және тасымалданатын қамыр дайындау агрегаты; тіркемелі қамыр дайындау агрегаты; елегіш, қамырды бөлгіш және қамырды қалыпқа салғыш машинасы, тіркемелі тоңазытқыш агрегаты мен жиналатын тоңазытқыш камерасы | 90–100 жұмыс сағатынан кейін | 270–300 жұмыс сағатынан кейін |
2. | Газ асүй, нан, изотермиялық, құрастырылған автомобиль-фургон, автомобиль-рефрижератор, тіркемере-фрижератор, нан және изотермиялық тіркеме-фургон, тіркеме-контейнер, суға арналған автомобиль-цистернасы және тіркеме-цистерна | 1000–1200 километр жүрістен кейін | 4000–4800 километр жүріп өткеннен кейін |
3. | Әскери асхананың механикалық, жылу және тоңазытқыш жабдығы | Жұмыстың бір айынан кейін | Жұмыстың үш айынан кейін |
4. | Стационарлық әскери нанзауытын (наубайханаларды) жабдықтау | Жұмыстың бір айынан кейін | Жұмыстың екі айынан кейін |
Ескертпелер:
1. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдары құрастырылған автомобиль мен тіркемеге № 1 және 2 (1-ТҚ) мен (2-ТҚ) техникалық қызмет көрсету осы құралдарға техникалық қызмет көрсетумен бір уақытта, бірақ автомобиль мен тіркемеге техникалық қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімнен сиретпей жүргізіледі.
2. Автомобиль мен тіркемешассиіне құрастырылған, олар үшін техникалық қызмет көрсету кезеңділігі сағатпен белгіленген азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралына техникалық қызмет көрсету мерзімін (кезеңділігін) есепке алу кезінде 25 километр арақашықтыққа жүрген жүрісі бір жұмыс сағатына теңестіріледі.
3. Күрделі жағдайда азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі кезекті техникалық қызмет көрсету арасындағы мерзім 25 – 30 %-ке қысқартылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
|
Нысан |
Техниканы сақтау карточкасы
Бөлімше (бөлім) __________________ Сақтау орны ____________________________
Азық-түлік қызметі техникасының атауы _______________________________________
№ ________________________________________________________________________
Жасаушы зауыт ____________________________________________________________
Сақтауға келіп түскен күні ___________________________________________________
_____________________________________________________ бойынша есепке алынды
(қандай құжат бойынша көрсетілсін)
Сақтау кезінде азық-түлік қызметінің техникасына техникалық қызмет көрсету
Күні | Орындалған жұмыс | Жұмысты орындаушының әскери атағы, Т.А.Ә., қолы | Жұмысты тексерген және қабылдаған адамның әскери атағы, Т.А.Ә., қолы |
Командир (бастық) _____________________
____________________________________
(әскери атағы, қолы)
Сақтау қоймасының бастығы___________________
(қолы)
20__ жылғы "_____"__________________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша |
Есептен шығаруға дейінгі жөндеуаралық жұмыс (жүріс) кезеңінің нормалары
Р/с № | Азық-түлік қызметінің техникасы | Өлшем бірлігі | Есептен шығаруға дейінгі жөндеуаралық жұмыс (жүріс) кезеңі | |
---|---|---|---|---|
Жаңа техника үшін | Орташа жөндеуден өткен техника үшін | |||
Далалық техникалық құралдар | ||||
1 | Автомобиль асүй | сағат | 2600 | 1100 |
2 | Тіркемелі асүй | сағат | 2600 | 1100 |
3 | Тасымалданатын асүй | сағат | 1300 | 500 |
4 | Газ асүй | мың километр | 120 | 50 |
5 | Тасымалданатын қайнатқыш | сағат | 1300 | 1000 |
6 | Тіркемелі плита | сағат | 2600 | 1100 |
7 | Тасымалданатын плита | сағат | 1300 | 1000 |
8 | Автомобильдік наубайхана блогы | сағат | 3500 | 1400 |
9 | Тіркемелі наубайхана блогы | сағат | 3500 | 1400 |
10 | Тіркемелі наубайхана пеші | сағат | 3500 | 1400 |
11 | Тасымалданатын наубайхана пеші | сағат | 3500 | 1400 |
12 | Тіркемелі қамыр дайындағыш агрегат | сағат | 3500 | 1400 |
13 | Тасымалданатын елегіш машина | сағат | 3500 | 1400 |
14 | Тасымалданатын қамыр бөлгіш машинасы | сағат | 3500 | 1400 |
15 | Тасымалданатын қамырды қалыпқа салғыш машина | сағат | 3500 | 1400 |
16 | Нан, изотермиялық және құрастырылған автомобиль-фургон | мың километр | 60 | 30 |
17 | Авторефрижератор | мың километр | 60 | 30 |
18 | Тіркеме-рефрижератор | мың километр | 50 | 20 |
19 | Нан және изотермиялық тіркеме-фургон | мың километр | 50 | 20 |
20 | Тіркеме контейнер | мың километр | 50 | 20 |
21 | Контейнер-рефрижератор | сағат | 5000 | 2000 |
22 | Суға арналған автомобиль-цистерна | мың километр | 60 | 25 |
23 | Суға арналған тіркеме-цистерна | мың километр | 50 | 20 |
24 | Суға арналған тасымалданатын цистерна | ай | 48 | 20 |
25 | Тіркемелі тоңазытқыш агрегаты | сағат | 5400 | 2300 |
26 | Жиналатын тоңазытқыш камерасы | сағат | 5400 | 2300 |
27 | Тоңазытқыш және технологиялық жабдықты жөндеу шеберханасы | мың километр | 75 | 40 |
Әскери асхананың механикалық жабдығы | ||||
28 | Механизм жиынтығымен жалпы және арнайы мақсаттағы әмбебап жетек машинасы | ай | 24 | 12 |
29 | Механикалық картоп тазалағыш | ай | 36 | 12 |
30 | Қол көкөніс турағыш | ай | 36 | 30 |
31 | Механикалық ет турағыш | ай | 36 | 24 |
32 | Котлетті қалыпқа салу автоматы | ай | 72 | 24 |
33 | Механикалық балық тазалағыш | ай | 48 | 24 |
34 | Механикалық нан турағыш | ай | 42 | 18 |
35 | Май бөлгіш | ай | 48 | 24 |
36 | Пісірілген көкөністі турауға арналған машина | ай | 48 | 24 |
37 | Үккіш машина | ай | 96 | 24 |
38 | Ыдыс жуу машинасы | ай | 48 | 24 |
39 | Сатураторлық қондырғы | ай | 48 | 36 |
Әскери асхананың жылу жабдығы | ||||
40 | Электр қазан | ай | 72 | 24 |
41 | Электр плита | ай | 48 | 24 |
42 | Электр мармитті плита | ай | 48 | 24 |
43 | Электр қайнатқыш | ай | 52 | 18 |
44 | Электр термостат | ай | 48 | 40 |
45 | Қуыру және пісіру шкафы | ай | 72 | 24 |
46 | Электр таба | ай | 48 | 24 |
Әскери асхананың тоңазытқыш жабдығы | ||||
47 | Тоңазытқыш камера | ай | 72 | 24 |
48 | Тоңазытқыш шкаф | ай | 72 | 24 |
49 | Тұрмыстық электр тоңазытқыш | ай | 72 | 24 |
50 | Барлық маркадағы тоңазытқыш агрегаты | ай | 72 | 24 |
51 | Салмақ өлшейтін аспап | ай | ||
52 | Тауар таразысы | ай | 96 | 24 |
53 | Үстел таразысы | ай | 72 | 24 |
ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
_____________________________________________________________
(жөндеу кәсіпорны, бөлімше)
20____жылғы_______
1. Өндірістік тапсырма
Р/с № | Жөндеу түрі, техниканың атауы мен маркасы | Саны | Еңбек шығыны, адам | |
---|---|---|---|---|
бірлікке | барлық санға | |||
Барлығы |
2. Жұмыс уақытының есебі
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Көрсеткіш мөлшері |
---|---|---|
Өндірушілердің жұмыс уақытының қоры |
БАСТЫҚ _______________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ____________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша |
|
Нысан |
20____жылғы "____ "________________
Әскери бөлімдерде тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысты орындауға арналған нарядты есепке алу журналы
Күні | Нарядтың нөмірі | Әскери бөлім | Қызмет көрсетілетін (жөнделетін) жабдықтың атауы | Нарядты тапсыру туралы белгі |
20____жылғы ___________ тоқсан үшін көшпелі бригаданың тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған қосалқы бөлшек пен материалдыы жиынтық ведомосы
Р/с № | Қосалқы бөлшек пен материал | Наряд нөмірі | Бөлшек нөмірі | Есепке алу бірлігі | Саны |
---|---|---|---|---|---|