Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 шiлдеде № 20941 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1168 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 05.12.2022 № 1168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 7 шiлдедегi
№ 316 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды нақтылайды.

      2. Азық-түлік қызметінің техникасы (бұдан әрі – техника):

      1) далалық техникалық құралдар;

      2) далалық жөндеу құралдары;

      3) стационарлық әскери асханалар мен нан зауыттары (наубайханалар) жабдығы;

      4) таразы-өлшеу аспаптары болып бөлінеді.

      3. Далалық техникалық құралдарға:

      1) далалық жағдайларда тағам дайындау және тасымалдауға арналған техникалық құралдар (автомобиль, тіркемелі, тасымалданатын асүйлер, жылжымалы асүй-асханалар, тіркемелі және тасымалданатын плиталар, автомобиль және тіркемелі асханалар, термостар, термос-жәшіктер);

      2) техникалық далалық нан пісіру құралдары (автомобиль және тіркемелі нан пісіру блоктары, тіркемелі және тасымалданатын нан пісіру пештері, тіркемелі қамыр әзірлеу агрегаттары, тасымалданатын елеуіш, қамыр бөлу және қамырды қалыптау машиналары);

      3) техникалық азық-түлік пен су жеткізу құралдары (авторефрижераторлар, тіркемелі рефрижераторлар, нан, изотермиялық және құрастырылған автофургондар мен тіркеме-фургондар, тіркеме-контейнерлер, тіркеме-қоймалар, автосуцистерналар, суға арналған тіркеме-цистерналар, суға арналған тасымалданатын цистерналар);

      4) далалық тоңазытқыш құралдары (тіркемелі тоңазытқыш қондырғылары, жиналмалы тоңазытқыш камералары) жатады.

      4. Далалық жөндеу құралдарына:

      1) техниканы жөндеу шеберханалары;

      2) әскери асханалардың тоңазытқыш және технологиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шеберханаларжатады.

      5. Стационарлық әскери асханалар жабдығына:

      1) технологиялық жабдық (әмбебап машиналар, еттартқыштар, картоп тазалағыштар, көкөніс турағыштар, үккіш машиналар, нан турағыштар, май бөлгіштер, ас дайындау қазандықтары, табалар, плиталар, ыдыс жуу машиналары, қайнатқыштар, кофеқайнатқыштар, электр шкафтар);

      2) тоңазытқыш жабдығы (тұрмыстық электр тоңазытқыштары, тоңазытқыш шкафтары мен камералары, тоңазытқыш агрегаттары) жатады.

      6. Стационарлық әскери нан зауыттары (наубайханалар) жабдығына:

      1) нан пісіру пештері;

      2) қамыр илегіштер;

      3) қамыр бөлу және қамыр дөңгелету машиналары;

      4) елеуіштер;

      5) тұзеріткіштер;

      6) қант-май еріткіштер;

      7) автоұнөлшеуіштержатады.

      7. Салмақ өлшеу аспаптарына:

      1) үстел үсті;

      2) тауарлық;

      3) стационарлық таразыларжатады.

      8. Құрылымдық белгілері бойыншатаразылар:

      1) гір;

      2) шәкілдік;

      3) шәкілдік-гір;

      4) циферблатты;

      5) электрондық болып бөлінеді.

      9. Техникалық (сапалық) жай-күйі бойынша техника осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес санаттарға бөлінеді.

      Техниканы бір санаттан басқа санатқа ауыстыру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлім командирі бекітетін техникалық жай-күй актілері бойынша жүргізіледі.

      Техника бірінші санаттан екінші санатқа айқындалған сақтау мерзімі және белгіленген қолданылу (жүріс) мерзімі өткеннен кейін ауыстырылады, ол туралы техникалық қарап-тексеру кезінде формулярда (паспортта (жасаушы зауыттың) көрсетіледі (бұл ретте техникалық жай-күй актісі жасалмайды).

      10. Жөндеу түрлерін айқындау техниканы жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстар тізбесі бойынша жүргізіледі.

      11. Техниканың жиынтықталуын жасаушы зауыт формулярларда (паспорттарда), ведомостарда айқындайды.

      Техниканың жиынтықталмауы оның санатын төмендетуге негіздеме болып табылмайды.

      12. Техниканы пайдалану және жөндеу жасаушы зауыттар қоса беретін техникалық сипаттамалармен, нұсқаулықтармен немесе пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларымен айқындалады.

2-тарау.Техниканы пайдалануды ұйымдастыру

1-параграф. Техниканы пайдалану

      13. Техника тек тікелей мақсаты бойынша қолданылады.

      Бір айдан астам кезеңде пайдалану жоспарланбаған техникаконсервациялауға қойылады.

      14. Техниканы штаттан тыс (табельден тыс) пайдалануға жол берілмейді.

      15. Әскери бөлімдерді техникамен жабдықтауды және толық жабдықтауды, сондай-ақ оларды қосалқы бөлшектермен, құрал-сайманмен, керек-жарақтармен және пайдалану материалдарымен жабдықтауды әскери бөлімдер жабдықталымында тұрған жабдықтау органдары жүзеге асырады.

2-параграф. Техниканы пайдалануға енгізу

      16. Әскери бөлімге штаттық жиынтықтауға жеткізілген базалық автомобиль шассиіндегі техника бөлім командирінің бұйрығымен пайдалануға беріледі. Бұйрықта техника атауы, түрі мен маркасы, қай бөлімшеге тіркелетіні, ол пайдалануға берілген күнде кезекті орташа немесе күрделі жөндеуге дейін жүріс қоры (қолданылу ресурсы), техника бекітіліп берілген жүргізушінің (аспаздың немесе наубайдың) тегі көрсетіледі.

      Техниканы пайдалануға беру туралы бұйрықтың нөмірі мен ол бекітіліп берілген маманның тегі техникалық құрал формулярына (паспортына) енгізіледі. Жүргізуші (аспаз немесе наубай) техниканы қабылдау туралы формулярға (паспортқа) қол қояды.

      Техниканы пайдалануға бергенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді.

      17. Жаңа техника жасаушы зауыттардың (жөндеу кәсіпорындарының) техникалық талаптарына сәйкес бір айдан кешіктірмей, ал ұзақ сақтау үшін арналған техника алынған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіп жаттықтырылады.

      Жүргізіп жаттықтыру техника пайдалануға немесе ұдайы сақтауға берілген әскери бөлімде жүргізіледі. Жүргізіп жаттықтыру нәтижелері формуляр (паспортқа) енгізіледі.

      Жүргізіп жаттықтыру жоғары көтерілу мен төмен ылдилары жоқ төсемі жақсы жолдармен (асфальтпен, жақсы тегістелген топырақты жолдармен) жүргізіледі.

3-параграф. Техниканы қабылдау, беру және тасымалдау

      18. Техниканы қабылдауды әскери бөлім командирі тағайындаған комиссия, ал соғыс уақытында әскери бөлім командирі тағайындаған адам (қабылдаушы) жүргізеді.

      Техниканы қабылдау кезінде комиссия (қабылдаушы):

      1) пайдалану құжаттарының бар болуын және оларды дұрыс толтыруды;

      2) техникалық жай-күйін;

      3) тиесілі керек-жарақтың, құрал-саймандар мен қосалқы бөлшектердің бар болуын, жай-күйі мен жиынтықталуын тексереді.

      Комиссия (қабылдаушы) техниканың техникалық жай-күйі мен жиынтықталуында анықтаған барлық кемшіліктерді техниканы тапсыратын әскери бөлім жояды.

      19. Теміржол көлігімен жеткізілген техниканы қабылдау кезінде әскери бөлім өкілі жөнелтуші пломбаларының сақталуын және техника жиынтығын тексереді. Пломбалар бұзылған жағдайда және техника жиынтығында кемшіліктер анықталған кезде акт жасалады, оның негізінде темір жолға немесе жөнелтушіге наразылық білдіріледі.

      20. Техниканы әскери бөлім (құрылым) ішінде беру әскери бөлім командирінің нұсқамасы негізінде, бір құрылымнан (жеке бөлімнен) басқа әскери бөлімге Тыл бас басқармасы азық-түлік басқармасының (бұдан әрі – азық-түлік басқармасы) нарядтары бойынша жүргізіледі.

      21. Беретін бөлім одан әрі пайдалану үшін берілуге тиіс техниканы ақаусыз жай-күйге келтіреді және құрал-саймандармен, қосалқы бөлшектермен және керек-жарақтармен, сондай-ақ пайдалану құжаттамасыментолық жиынтықтайды. Формуляр (паспорт) машина соңғы қолданылған күнге дейін толтырылады.

      Ақаулы немесе жиынтықталмаған техниканы беруге, сондай-ақ бөлшектерді, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды ауыстыруға жол берілмейді. Табиғи тозу салдарынан жарамсыз болған керек-жарақтар мен құрал-саймандар, сондай-ақ жұмсалған материалдар мен қосалқы бөлшектер есептен шығарылады және жаңасына (ақаусызына) ауыстырылады. Құрал-сайманмен, қосалқы бөлшектермен және керек-жарақтармен уақтылы жиынтықтау мүмкін болмаған кезде формулярға (паспортқа) оларды есептен шығару актісінің көшірмесі қоса беріледі.

      22. Техниканы беру қабылдау-беру құжаттармен ресімделеді. Әскери бөлім қабылдаған техника бөлім командирінің бұйрығымен оны пайдалану үшін бөлінген адамдарға (жүргізушілерге, аспаздарға, наубайшыларға) бекітіліп беріледі. Пайдалануға беру туралы бұйрық нөмірі мен адамның тегі формулярға (паспортқа) енгізіледі.

      Сақталуға жататын техника жүкқұжат бойынша қойма бастығына (сақтаушыға) беріледі.

      23. Техникаға пайдалану құжаттары: техникалық сипаттаманы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, формулярды (паспортты), қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, керек-жарақтар (бұдан әрі – ҚҚК) ведомостарын, пайдалану құжаттары ведомосын қамтиды.

      Пайдалану құжаттарын бастапқыда жасаушы кәсіпорын ресімдейді. Кейіннен техниканы пайдалану, консервациялау, сақтау және жөндеу кезіндегі барлық мәліметтерді пайдалануға жауапты адамдар формулярға (паспортқа) енгізеді.

      24. Техниканы пайдалану процесінде формулярда (паспортта):

      1) оның келіп түскені, бекітіліп берілгені және кейінгі қозғалысы туралы мәліметтер;

      2) қолданылу сағатының есебі (жүріс километрі). Есепке алу жыл ішіндегі деректерді жинақтаумен ай сайын жүргізіледі. Техниканы басқа бөлімге беру, жөндеуге жіберу, есептен шығаруға ұсыну кезінде жиынтық атқарым сағаттары (жүріс километрлері) әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарының қол қоюымен расталады және мөрімен бекітіледі;

      3) істен шығуды және ақаулықты есепке алу;

      4) кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді есепке алу;

      5) жөндеу түрін (ағымдағы немесе орташа), жүргізілу орны мен уақытын көрсетумен жөндеу туралы мәліметтер;

      6) консервациялау, сақтау, санаттау, сынау және тексеру туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Барлық жазбалар формулярда (паспортта) анық, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады.

      Формуляр (паспорт) жоғалтылған (бүлдірілген) кезде азық-түлік басқармасымен келісіп оның телнұсқасы жасалады.

      25. Техниканың жай-күйі сыртқы қарап-тексерумен, қажет болған кезде қолжетімділігі қиын жерлерді қарап-тексеру үшін ашумен, бос жүрісте, ал қажет болған кезде жүктеме жасап сынап тексерумен айқындалады.

      Техникалық жай-күйін айқындау кезінде сыртқы қарап-тексеру мынадай кезеңділікпен жүргізіледі: монтаждау базасы, кинематикалық буын бойынша қуат қондырғысы, технологиялық процесс бойынша технологиялық жабдықтау, қосалқы бөлшектермен, құрал-сайманмен, керек-жарақтармен және материалдармен жиынтықталу.

      Техникада ішкі оталу қозғалтқышы бар болған кезде олардың жеңіл іске қосылуы, шағын айналымда жұмыс тұрақтылығы және күрт өзгерген кезде жұмыс режимі тексеріледі.

      Электр жетегі бар техниканы сынап көру алдында электр қозғалтқышта және электр буында міндетті түрде корпусқа қатысты 0,5 мегаомнан төмен емес оқшаулау кернеуі тексеріледі, оқшаулау дымқылданған кезде оған жылы ауа жіберумен үрлеу арқылы кептіріледі.

      26. Техниканыың жиынтықталуы қолда бар қосалқы бөлшектерді, құрал-сайман мен керек-жарақтарды пайдалану құжаттарында (формулярда, қосалқы бөлшектер, құрал-сайман мен керек-жарақтар ведомостарында) жазбалармен салыстыру арқылы тексеріледі.

      27. Теміржолмен немесе су көлігімен тасымалдау үшін техниканы тиеу техниканы жасаушы зауыт немесе оны тапсыратын бөлім құралдарымен жүзеге асырылады.

      Ұзақтықтығы отыз тәуліктен астам тасымалдау кезінде ішкі оталу қозғалтқыштарын жасаушы зауыт немесе тапсырушы бөлім далалық техникалық құралдарда консервациялайды.

      Автомобильдік базалық шассиге тиелген техника мықты бекітіледі және төменгі берілісі қосылып тежегішке қойылады, отын крандары жабылады, электр энергиясын тұтынушылар өшіріледі.

      Температура -20С-дан төмен болған және тасымалдау ұзақтығы он бес тәуліктен астам болған кезде машиналар мен электр станциялардан аккумулятор батареялары алынады, олар вагон-жылытқыштарда сақталады.

      28. Жөндеуге жөнелту кезінде тоңазытқыш агрегаттар, тұрмыстық тоңазытқыштар, механикалық нантурағыштар, котлет автоматтары, әмбебап машиналар қатты тегіс немесе торлы ағаш жәшіктерге салынады. Әрбір жәшікте: "Абайлаңыз", "Үсті", "Төңкермеңіз" деген жазулар жазылады.

      Әскери асханалардың тоңазытқыш және технологиялық жабдығын оның сақталуын қамтамасыз ететін жинап салу қағидаларын сақтаумен автокөлікте тасымалданған кезде орамасыз жөнелтуге жол беріледі.

4-параграф. Техникаға техникалық қызмет көрсету

      29. Техникалық қызмет көрсету техниканы ұдайы ақаусыз жай-күйде ұстау мақсатында жүргізіледі.

      Қызмет көрсету:

      1) ұдайы техникалық әзірлікті;

      2) пайдалану қауіпсіздігін;

      3) жөндеуаралық кезеңі мен амортизациялық мерзімдерді барынша ұлғайтуды;

      4) тораптардың, агрегаттардың, бөлшектер мен құрылғылардың тозуы мен ақаулығын уақтылы анықтауды және жоюды;

      5) отынның және шығыс пайдалану материалдарының шамалы шығысынқамтамасыз ететін жұмыстарды орындауды қамтиды.

      30. Техниканы пайдалану барысында, сонымен қатар оның сақталуы мен тасымалдануы кезінде айқындалған жұмыс ауқымын міндетті түрде жүргізуге негізделген техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы-ескерту жүйесі орнатылған.

      31. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешеніне:

      1) техниканы жуу және тазалау;

      2) агрегаттар, механизмдер мен құрылғылар жай-күйін тексеру және анықталған кемшіліктерді жою;

      3) бекіту және ретке келтіру жұмыстары;

      4) зақымданған таттануға қарсы жабындарды қалпына келтіру;

      5) отын жүйелерін жуу, тазалау және толтыру (толықтырып құю);

      6) токты тұтынушыларды электр желілеріне қосу дұрыстығын бақылау;

      7) майлау жұмыстары;

      8) жиынтықталуын тексеру;

      9) пайдалану құжаттамасының бар болуын және оның дұрыс жүргізілуін тексеру кіреді.

      Техникаға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде, жинау-жуу, майлау, бақылап тексеру және бекіту жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі, ал толтыру, реттеу және ақаулықтарды жою жөніндегі жұмыстар қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

      Техниканы пайдалану барысында анықталған барлық кемшіліктер барлық техникалық қызмет көрсету түрлері кезінде жойылады.

      32. Техника үшін мынадай техникалық қызмет көрсету түрлері белгіленген:

      1) бақылап тексеру;

      2) күнделікті техникалық қызмет көрсету;

      3) № 1 техникалық қызмет көрсету;

      4) № 2 техникалық қызмет көрсету;

      5) сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету;

      6) тасымалдау кезінде техникалық қызмет көрсету.

      Бақылап тексеру жұмыс басталар алдында, техниканың парктен шығуы алдында, маршта (аялдауларда) жүргізіледі.

      Күнделікті техникалық қызмет көрсету жұмыс күнінің соңында (паркке қайтып оралғанда, тәуліктік жол жүру жасағаннан кейін маршта) жүргізіледі.

      № 1 және № 2 техникалық қызмет көрсету пайдалану құжаттарында көрсетілген белгіленген жол жүруден (ресурстарды пайдаланғаннан) кейін, бірақ осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімдерінен сиретпей жүргізіледі.

      Сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету техниканы сақтау процесінде, сондай-ақ оны сақтауға және сақтаудан кейін пайдалануға дайындау кезінде жүргізіледі.

      Тасымалдау кезінде техникалық қызмет көрсету техниканы тасымалдау процесінде, сондай-ақ оны тасымалдауға және тасымалдаудан кейін пайдалануға дайындау кезінде жүргізіледі.

      Техниканы маусымдық пайдалануға дайындау кезінде алдыңғы жол жүруге (ресурстарды пайдалануға) байланысты емес № 1 немесе № 2 техникалық қызмет көрсетулер жүргізіледі.

      Жұмыс ауқымын, сондай-ақ қызмет көрсетудің сапасына нұқсан келтіретін техникалық қызмет көрсетуге бөлінген уақытты қысқартуға жол берілмейді.

      Автомобильдер мен тіркемелерде құрастырылған далалық техникалық құралдарды техникалық қызмет көрсету автомобильдер мен тіркемелерге қызмет көрсетумен бір уақытта жүргізіледі.

      33. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері техникаға техникалық қызмет көрсетуді ол үшін жеке құрамға қажетті материалдар мен уақыт бере отырып, бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізуді ұйымдастырады.

      Техникаға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу уақытында жеке құрамның (жүргізушілердің, аспаздардың, наубайлардың) техникалық құралдардағы жұмыстан қол үздіруге жол берілмейді.

      Бейбіт уақытта техникаға техникалық қызмет көрсетуге арналған уақыт сабақ кестесінде көзделеді.

      34. Техникаға бақылап тексеруді және күн сайын техникалық қызмет көрсетуді қызмет көрсететін персонал (жүргізушілер, машинистер, аспаздар, наубайлар) жүргізіледі.

      Автомобильдер мен тіркемелер шассиінде құрастырылған далалық техникалық құралдардың нөмірлік (№1 және № 2) техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу және салыстырып тексеру реттеу жұмыстарымен байланысты машиналарды қысқы және жазғы пайдалану кезеңдеріне дайындау жөніндегі қосымша жұмыстарды қызмет көрсету персоналы бөлімнің қызмет көрсету және жөндеу бөлімшелерінің жеке құрамын тарта отырып жүргізеді.

      Әскери асханалардың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына нөмірлік техникалық қызмет көрсетуді жабдықталым орган өкімдерінің негізінде көшпелі бригадалардың механиктері жүргізеді.

5-параграф. Техниканы сақтау

      35. Бір айдан астам пайдалану жоспарланбаған техника консервациялауға қойылуға тиіс.

      Техниканы сақтау қысқа мерзімді (бір жылға дайін) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді.

      Даярлық ауқымдылығы, сондай-ақ сақтау түрлері мен әдістері техниканы пайдаланудағы үзілістер ұзақтығынан тәуелділікпен бекітіледі.

      Техниканы сақтау кезіндегі техникалық қызмет көрсетуді жасаушы зауыт пайдалану жөніндегі техникалық сипаттамалардаайқындайды.

      36. Техниканы сақтауға дайындаужөніндегі жұмысты қызмет көрсету және жөндеу бөлімшелерінің мамандарын тартумен техника бекітіліп берілген жеке құрам (жүргізуші, аспаз, наубай) орындайды.

      37. Жүргізілген техникалық қызмет көрсету түрі, техниканы сақтауға қою туралы бұйрықтың күні мен нөмірі формулярға (паспортқа) жазылады.

      Техниканы ұзақ сақтауға қою кезінде әрбір машинаға сақтау карточкасы толтырылады (екін нысанда), ол техниканың формулярымен (паспортымен) бірге сақталады.

      Техниканы сақтау карточкасы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      38. Сақтауға қойылған техникаға техникалық қызмет көрсетуді барлық дәрежедегі бөлімшелер командирлері ұйымдастырады.

      Сақтауда тұрған техниканы күтіп ұстау жөніндегі барлық іс-шаралар бөлімнің жылдық шаруашылық жоспарында көрсетіледі.

      Жылдық шаруашылық жоспарға ағымдағы жылы орындалатын іс-шаралар (қайта консервациялау, сынап байқау, техникалық қызмет көрсету, аккумулятор батареяларын, шиналарды, жанармай және жақпамай материалдарын ауыстыру) енгізіледі.

      39. Далалық техникалық құралдарды сақтаудан алуәскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады, онда: алу үшін негіздеме, алынатын машиналардың атауы, саны, олардың маркалары мен нөмірлері, олардың қандай мақсатпен және қандай мерзімге сақтаудан алынатындары көрсетіледі.

      Машиналардың формулярларында (паспорттарында) және сақтау карточкасында сақтаудан алу туралы белгілер жасалады.

6-параграф. Техниканы дұрыс пайдалануды және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

      40. Техниканы дұрыс пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді:

      1) бақылап тексеру кезінде лауазымды адамдар;

      2) материалдық құралдарды түгендеу кезінде комиссиялар жүзеге асырады.

      41. Бақылап тексерулерді мыналар жүргізеді:

      1) қамтамасыз ету взводының командирі (әскери бөлімнің асхана бастығы, азық-түлік қоймасының бастығы) – екі аптада бір реттен сиретпей (оның қарамағындағы барлық техниканы);

      2) батальон командирі – үш айда бір реттен сиретпей (оның қарамағындағы барлық техниканы);

      3) әскери бөлім азық-түлік қызметінің бастығы – бір айда бір реттен сиретпей (оның қарамағындағы барлық техниканы);

      4) құрама азық-түлік қызметінің бастығы – үш айда бір реттен сиретпей (оның қарамағындағы барлық техниканы).

      Бақылап тексеру техника бекітіліп берілген бөлімше командирінің және маманының қатысуымен жүргізіледі.

      Қарап-тексеру кезінде: барлық агрегаттардың, механизмдер мен аспаптардың жай-күйі, ҚҚК-ның бар болуы мен жай-күйі, машинаны пайдалану және формулярды (паспортты) жүргізу дұрыстығы тексеріледі.

      42. Материалдық құралдарды түгендеу кезінде:

      1) техниканың жиынтықталуы;

      2) формулярларды (паспорттарды) жүргізу және есепке алу дұрыстығы тексеріледі.

7-параграф. Техникаға маусымдық қызмет көрсету ерекшеліктері

      43. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын қысқы және жазғы пайдалану кезеңдері тұрақты ауа температурасы тиісінше +50С-дан төмен немесе жоғары болуымен айқындалады.

      44. Далалық техникалық құралдардың қысқы және жазғы кезеңдердегі сенімді жұмысы жеке құрамның даярлығымен және олардың пайдалануды ұйымдастыруды сақтауымен, сондай-ақ материалдық бөліктің дайын болуымен қамтамасыз етіледі.

      Техниканы маусымдық пайдалануға дайындау мерзімдері климаттық жағдайларға байланысты өңірлік басшылықтар әскерлері қолбасшыларының бұйрықтарымен белгіленеді.

      45. Бөлімде қысқы (жазғы) пайдалану кезеңіне дайындық жоспары әзірленеді, онда жеке құрам мен азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

      Техниканы қысқы (жазғы) пайдалану кезеңіне ауыстыру күні бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.

      46. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын қысқы және жазғы пайдалану (маусымдық техникалық қызмет көрсету) кезеңіне дайындау жөніндегі жұмыс ауқымын жасаушы зауыт машиналарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулармен және нұсқаулықтармен айқындайды және осы құжаттармен көзделген кезекті № 1 немесе № 2 техникалық қызмет көрсетуді немесе қосымша жұмыстарды (маусымдық отынды, майларды, жақпамайларды ауыстыру) жүргізуді қамтиды.

      47. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын маусымдық пайдалануға бөлімшелер командирлері мен бөлім азық-түлік қызметі бастығының басшылық жасауымен жүргізушілер, аспаздар, наубайлар дайындайды.

      Далалық техникалық құралдарды маусымдық пайдалануға дайындау туралы белгі машиналардың формулярларына (паспорттарына) қойылады.

      48. Далалық техникалық құралдарды қысқы кезеңде пайдалану кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жұмыс басталар алдында асүйлер мен нан пісіру пештерінің отын жүйелерінің сүзгілері ашылады және олар мұздан (судан) тазартылады;

      2) жұмыс аяқталғаннан кейін (жақпамай суып қалмай тұрғанда) агрегаттар мен тораптар бірден майлармен және жақпамаймен толтырылады (толықтырылады);

      3) жүйелердің қатып қалуын болдырмау үшін үзіліс және жұмыс аяқталған кезде сумен жабдықтау жүйелерінен су ағызылады.

      49. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын жазғы кезеңде пайдалану кезінде технологиялық жабдықты шаң мен ылғалдан қорғау, жүріс бөлігін ластанудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажет. Суды, азық-түлікті, шикізатты, дайын тамақ пен нанды оларға шаң түсуден мұқият қорғау. Азық-түлікке тиіп тұратын үстіңгі қабатты таза сумен мұқият жуу керек.

8-параграф. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын күрделі жағдайларда пайдалану ерекшеліктері

      50. Шөлді және таулы аудандардың табиғи және климаттық жағдайлары далалық техникалық құралдарды ауыстыруға, өрістетуге, бүркемелеуге, пайдалануға және асты әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуге, нан пісіруге және азық-түлікті қайта өңдеуге, сондай-ақ далалық техникалық құралдардың, сүйреп тартатын автомобильдер қозғалтқыштарының және электр станцияларының жұмысына, далалық техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және сақтауды ұйымдастыруға және оны жүргізуге елеулі ықпал етеді.

      51. Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарында техниканы қысқы кезеңде пайдалану қатты аязбен және желмен, жиі соғатын боранмен және қардың қалың түсуімен қиындайды. Көрсетілген жағдайларда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде:

      1) техникалық құралдар мен сүйреп тартатын автомобильдерді жылыту, қозғалтқыштарды іске қосуды жеңілдету, жол жүру мүмкіндігін арттыру құралдарымен, сондай-ақ шанецтік құрал-сайманмен жабдықтау;

      2) машиналар үшін осы жағдайлар үшін көзделген майлар мен жақпамайлар сұрыптарын, жанармай мен төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтықтарын қолдану;

      3) сеңді мұздармен және қойтастармен қоршалған жергілікті жерлермен жүру кезінде машиналар картерлеріне зақымдамайтындай етіп абай болу;

      4) техниканы қар басып қалуын болдырмау мақсатында далалық техникалық құралдардың тұрақтары үшін биіктетілген алаңдарды және жел жақсы соғатын алаңдарды таңдау;

      5) суға арналған цистерналарды, далалық техникалық құралдарды сумен жабдықтау жүйесін, нан таситын автомобиль-фургондар шанақтарын, аккумулятор батареяларын жылылау;

      6) асүйлер мен нан пісіру пештерінің отын жүйелерін қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау;

      7) шатырларда, қосалқы үй-жайлар мен бүркемелерде далалық техникалық құралдарда технологиялық процестерді (тамақ дайындау мен нан пісіру), техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жүргізу қажет.

      52. Шөлді аудандарда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде жолдардың нашар дамыған желілерін, су мен отынның болмауын, тәулік ішіндегі температураның күрт өзгеруін, құмды дауыл мен борасынға әкеп соқыратын қатты желді, құмның және құмды дауылдың жабдық жұмысына және технологиялық процестерді жүргізуге әсер етуін, орман ағаштары мен техникаға арналған табиғи бүркемелердің мүлдем болмауын ескеру қажет.

      Шөлді аудандарда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде:

      1) жұмыс басталар алдында мұқият қарап-тексеру жүргізу, механизмдер мен тораптардың ашық жанасатын үстіңгі қабатынанжақпамайды сүрту, ал азық-түлік өнімімен жанасатын үстіңгі қабатынсумен мұқият жуу;

      2) тамақ дайындау және нан пісіру үшін артық су қорын ұстау;

      3) шатырларда, қосалқы үй-жайларда және бүркемелерде технологиялық процестерді (тамақ дайындау және нан пісіру), далалық техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жүргізу;

      4) шанақ-фургондардың және далалық техникалық құралдар шатырларының терезелерін, есіктерін сенімді нығыздауды қамтамасыз ету;

      5) суды, азық-түлікті, шикізатты, дайын тамақ пен нанды оларға шаң мен топырақтың түсуінен сақтау;

      6) асүйлер мен нан пісіру пештерінің отын жүйелерін ұдайы әзірлікте ұстау қажет.

      53. Таулы аудандарда далалық техникалық құралдарды пайдалану кезінде күрделі жол жағдайларын (ұзақ биікке көтерілулерді, еңістер мен қауіпті бұрылыстарды), тәулік ішінде температураның күрт өзгеруін, судың қайнау температурасының төмендеуіне, қозғалтқыштар қуатының және жұмысының үнемделуін төмендетуге, асүйлер мен нан пісіру пештерінің отын жүйелері жұмысының нашарлауына, жеке құрамның қатты шаршауына әкеп соқтыратын төмен атмосфералық қысымды ескеру қажет.

      Таулы аудандарда далалық пайдалану құралдарын қолдану кезінде:

      1) далалық техникалық құралдар жүріс бөлігі тораптарының, тежегіштерінің жай-күйін, жиынтықтаушы бұйымдарының жиналуы мен бекітілуін қадағалау;

      2) түнде аяз болған жағдайда далалық техникалық құралдар сумен жабдықтау жүйелерінің қатып қалуына жол бермеуге шаралар қабылдау;

      3) қазандықтардағы артық қысымды арттыру және тамақ дайындау уақытын қысқарту үшін асүйлердің тамақ пісіретін қазандарының бу шығаратын қақпақтарын тексеру және қажет болған кезде реттеу;

      4) асүйлер мен нан пісіру пештерінің отын жүйелеріндегі отынның жану қарқынын реттеу қажет.

3-тарау.Техниканы жөндеуді ұйымдастыру

1-параграф. Жөндеуді қамтамасыз ету

      54. Ақаулы және зақымданған техниканы уақтылы және сапалы жөндеу бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік әзірлікте ұстаудың маңызды шарты болып табылады.

      Жөндеуді ұйымдастыру:

      1) техниканың жай-күйін және оны жөндеуге уақтылы жеткізуді бақылаумен;

      2) жарақтандырылған және жеке құраммен жасақталған жөндеу бөлімшелерінің бар болуымен;

      3) ақаулы және зақымданған техниканың орналасқан орнын анықтаумен;

      4) жөндеушілердің жоғары өндірістік біліктілігімен;

      5) жөндеу бөлімшелеріндегі жабдықты, айла-бұйымдарды, құрал-сайман мен керек-жарақтарды ұдайы ақаусыз жай-күйде ұстаумен;

      6) жөндеуді дұрыс ұйымдастырумен және техниканы жөндеуге арналған техникалық шарттарды сақтаумен;

      7) жөндеу бөлімшелерін материалдармен, қосалқы бөлшектермен және құрал-сайманмен уақтылы қамтамасыз етумен;

      8) техниканы жөндеудің технологиялық процесін жетілдірумен қамтамасыз етіледі.

      55. Техниканы жөндеу табиғи тұрғыдан тозумен, дұрыс пайдаланбаумен, құрылымдық кемшіліктермен, сапасыз жасаумен немесе жөндеумен, сондай-ақ жауынгерлік зақымданулармен пайда болған ақаулықтарды немесе зақымдануларды тозған немесе зақымданған агрегаттарды, тораптарды, аспаптар мен бөлшектерді ауыстыру немесе олардың қолданылу қабілетін қалпына келтіру арқылы жоюды қамтиды.

      56. Азық-түлік қызметінде техниканы жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі қабылданды, ол кезінде орташа жөндеу осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес есептен шығарғанға дейін жұмыс (жол жүру) жөндеуаралық кезеңдерінің белгіленген нормаларына сәйкес жоспарланады. Жөндеуге нақты қажеттілік техникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша белгіленеді.

      57. Ақаулықтар немесе зақымданулар сипатына және оларды жою бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығына байланысты техниканы жөндеу ағымдағы және орташа болып бөлінеді.

      Ағымдағы жөндеу техниканың қолданылу қабілетін кепілдендірілген қамтамасыз ету мақсатында пайдалану процесінде жүзеге асырылады және жеке бөлшектерді ауыстыруды немесе қалпына келтіруді және оларды реттеуді қамтиды.

      Орташа жөндеу негізгі екі бөлшекті (торапты) ауыстырумен немесе қалпына келтірумен және оларды реттеумен техника ресурсының ақаусыздығын қалпына келтіруді және толық қалпына келтіруді қамтиды.

      Бұл ретте негізгі бөлшектерінің техникалық жай-күйі тексеріледі, ақаулықтар жойылады, реттеу, бекіту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ лак-бояу жабындылары қалпына келтіріледі.

      58. Ақаулықтар (зақымданулар) сипатына және оларды жою бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығына байланысты жөндеудің мынадай түрлері белгіленді:

      1) автомобиль және тіркемелі асүйлер, тіркемелі плиталар, автомобиль асханалары, автомобиль және тіркеме нан пісіретін блоктары, тіркемелі нан пісіру пештері мен қамыр дайындау агрегаттары, автомобиль-рефрижераторлар, тіркеме-рефрижераторлар, изотермиялық нан және құрастырылған автомобиль-фургондар, суға арналған автомобиль-цистерналар, тіркемелі тоңазытқыш агрегаттары, контейнер-рефрижераторлар және стационарлық әскери асханалардың тоңазытқыш жабдығынан тоңазытқыш агрегаттары үшін – ағымдағы, орташа;

      2) тасымалданатын асүйлер, плиталар мен қайнатқыштар, газды асүйлер, термостар мен термос-жәшіктер, тасымалданатын нан пісіру пештері, елеу, қамыр бөлу және қамырды қалыптау машиналары, нан және изотермиялық тіркеме-фургондар, тіркеме-қоймалар, тіркеме-контейнерлер, тіркеме-цистерналар және тасымалданатын суға арналған цистерналар, тоңазытқыш жиналмалы камералар, тоңазытқыш шкафтар, тұрмыстық электр тоңазытқыштары, стационарлық әскери асханалардың механикалық және жылу беру жабдығы және салмақ өлшеу аспаптары үшін – ағымдағы.

      59. Техниканың маркалары бойынша әрбір жөндеу түрінің еңбек сыйымдылығы мен ұзақтығын, жұмыстар тізбесін, жөндеудің үлгілік технологиялық процестері мен техникалық шарттарды, сондай-ақ материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын жабдықталым орган белгілейді.

      60. Ағымдағы және ішінара орташа жөндеу бейбіт және соғыс уақытында тікелей әскери бөлімдерде орындалады:

      1) далалық техникалық құралдарға:

      әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшелері;

      азық-түлік қызметі жөндеу шеберханаларының көшпелі бригадалары;

      2) стационарлық әскери асханалардың технологиялық және тоңазытқыш жабдығына:

      әскери қоймалардың көшпелі бригадалары;

      әскери бөлімдердің тоңазытқыш жабдықты жөндеу жөніндегі механиктері;

      әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшелері;

      3) стационарлық әскери нан зауыттарының (наубайханалардың) жабдығына:

      әскери бөлімдердің (құрамалардың) жөндеу бөлімшелері;

      әскери нан зауыттарының (наубайханалардың) жеке құрамы;

      4) салмақ өлшеу аспаптарына:

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 906-шы өлшеу техникасы базасының стационарлық және жылжымалы шеберханасы.

      61. Ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қосалқы бөлшектердің жеке жиынтығы пайдаланылады. Жетіспейтін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, сондай-ақ оларды сатып алуға ақша қаражатын әскери бөлім жабдықталым органынан жылдық өтінім бойынша талап етеді.

      62. Техникаға орташа жөндеуді мыналар орындайды:

      1) далалық техникалық құралдарға – әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшелері;

      2) стационарлық әскери асханалардың технологиялық және тоңазытқыш жабдығына – әскери қоймалардың көшпелі бригадалары, сондай-ақ мамандандырылған кәсіпорындар;

      3) салмақ өлшеу аспаптарына – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өлшеу техникасы базасының стационарлық және жылжымалы шеберханасы, сондай-ақ шарттық бастамаларда мамандандырылған кәсіпорындар.

      63. Азық-түлік қызметтерінің далалық техникалық құралдары орнатылған автомобильдер мен тіркемелердің шассилерін, сондай-ақ далалық техникалық құралдарда орнатылған автомобильдік іштен жану қозғалтқыштарын жөндеуді автомобиль қызметінің жөндеу кәсіпорындары орындайды.

      64. Бензин-электр агрегаттарын, жылжымалы электр станцияларын, сондай-ақ жиынтықтарға кіретін немесе азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарында орнатылған автомобильдіктен басқа, іштен жану қозғалтқыштарын жөндеуді инженерлік қызметтің жөндеу кәсіпорындары жүргізеді.

      65. Сыйымдылығы жүз литрден астам булы, газды және электрлік қазандықтарды пәтер-пайдалану қызметінің жөндеу кәсіпорындары жөндейді.

      66. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын жабдықтау үшін пайдаланылатын шатырлар мен брезенттерді киім-кешек қызметінің шеберханалары жөндейді.

      67. Автомобильдер мен тіркемелердің шассилері, бензин-электр агрегаттары, жылжымалы электр станциялары, іштен жану қозғалтқыштары, сыйымдылығы жүз литрден астам ас пісіретін қазандықтар, шатырлар мен брезенттер бағыныстылығында жөндеу кәсіпорындары бар тиісті қызметтердің нарядтары (өкімдері) бойынша жөндеуге жөнелтіледі.

      68. Зақымданған техниканы анағұрлым тез қалпына келтіру мақсатында барлық жөндеу бөлімшелері, бөлімдер мен кәсіпорындар бірінші кезекте далалық техникалық құралдарды (автомобиль және тіркемелі асүйлерді және нан пісіру блоктарын, тіркемелі пештер мен қамыр дайындау агрегаттарын) жөндеу үшін пайдаланылады.

      Әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшелерінде және құрамалардың жөндеу бөлімдерінде техниканы ағымдағы және орташа жөндеу жүргізушілердің, аспаздардың, наубайханашылардың және азық-түлік қызметінің техникалық құралдарды жөндеу жөніндегі мамандарының қатысуымен жүргізіледі.

2-параграф. Техниканы жөндеуді жоспарлау

      69. Жөндеуді жоспарлау техниканы уақтылы және сапалы жөндеу, оны ұдайы техникалық ақаусыз жай-күйде ұстау үшін әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшелерін (құрамалардың жөндеу бөлімдерін), көшпелі бригадаларды және жөндеу бөлімшелерді анағұрлым ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

      70. Техниканы жөндеуді жоспарлау:

      1) жөндеуге қажеттілікті айқындауды;

      2) қосалқы бөлшектерге, құрал-сайманға, материалдарға және жөндеуге арналған ақша қаражатына қажеттілікті айқындауды;

      3) жөндеу бөлімшелерінің, бөлімдерінің, көшпелі бригадалардың және жөндеу құралдарының өндірістік қуатын біркелкі жүктеуді және толық пайдалануды;

      4) жоспарланатын кезеңде әскерлер шешетін міндеттерге және техниканың арналуына байланысты жөндеуді орындау кезектілігін көздейді.

      71. Техниканы жөндеу әскери бөлімдерде жоспарланады.

3-параграф. Әскери бөлімде (құрамада) техниканы жөндеуді жоспарлау

      72. Бейбіт уақытта бөлімдерде (құрамаларда) техниканы жөндеуді жоспарлау оны пайдалануды жоспарлаумен бір уақытта жүзеге асырылады және пайдалану және жөндеу жоспарларында көрсетіледі. Бұл ретте орташа және күрделі жөндеуге қажеттілік техниканың жұмыс істеуінің жөндеуаралық кезеңдеріне (жол жүруіне) сүйене отырып жоспарланады.

      Техниканы жөндеуге жоспарлы қажеттілік негізінде әскери бөлім (құрама) азық-түлік қызметінің бастығы:

      1) жоспарланатын жылы жөндеуге жататын техниканың тізбесі мен санын;

      2) жөндеу мерзімдерін;

      3) әскери бөлімнің жөндеу бөлімшесінде (құраманың жөндеу бөлімінде) жөндеуге жататын техника санын және жөндеу кәсіпорындарында жөндеуге жататын техника санын айқындайды.

      73. Әскери бөлімнің жөндеу бөлімшесінде (құраманың жөндеу бөлімінде) техникаға ағымдағы және ішінара орташа жөндеуді жүргізу үшін азық-түлік қызметінің (құрама) бастығы ай сайын техниканы жөндеуге өтінімді жасайды және бөлім командирінің техникалық бөлім (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына жолдайды, ол осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлім жөндеу бөлімшесінің (құрама жөндеу бөлімінің) айлық жоспар-тапсырмасына енгізіледі.

      Бекітілген жоспар-тапсырма негізінде бөлім (құрама) азық-түлік қызметінің бастығы жөндеу қорын, қажетті арнайы қосалқы бөлшектерді бөлімнің жөндеу бөлімшесіне (құраманың жөндеу бөліміне) жеткізуді және жөнделген техниканы алуды қамтамасыз етеді.

4-параграф. Техникаға жөндеу жүргізу, оны жөндеуге тапсыру және жөндеуден беру тәртібі

      74. Техниканы ағымдағы жөндеу жоспарланбайды. Ол техникалық қызмет көрсету процесіндегі қажеттілік бойынша және техника істен шыққан орында орындалады. Техника істен шыққан кезде әскери бөлім командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасарының рұқсатымен далалық техникалық құралдарды ағымдағы жөндеу техникалық қызмет көрсету пункттерінде жүргізіледі.

      75. Техникаға ағымдағы жөндеуді орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар санын азық-түлік басқармасы айқындайды және олар өтінімдерде есепке алынады.

      76. Техника, оның техникалық жай-күйін әскери бөлім командирі лауазымды адамдар – осы техника бойынша мамандар қатарынан тағайындайтын комиссия айқындағаннан кейін ғана орташа жөндеуге жөнелтіледі.

      Комиссия:

      1) белгіленген жөндеуаралық кезеңдер немесе қызмет ету мерзімдері аяқталғаннан кейін;

      2) зақымданулар, авариялар, қанағаттанарлықсыз техникалық қызмет көрсету, сапасыз жасау (жөндеу) нәтижесінде техника мерзімінен бұрын істен шыққан жағдайда тағайындалады.

      Қарап-тексеру кезінде формулярдағы (паспорттағы) жазуларға тексеру және қажет болған жағдайда жеке агрегаттарды тексеру және ашу жүргізіледі.

      77. Қарап-тексеру нәтижелері бойынша негізгі агрегаттардың, тораптардың, бөлшектер мен аспаптардың ақаулықтарын және техниканың істен шығу себептерін толық атап көрсетумен осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық жай-күй актісі жасалады, сондай-ақ жөндеу түрі айқындалады.

      78. Құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы жөндеу құрама (әскери бөлім) командирінің техникалық бөлім (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарының өкімдері бойынша жүзеге асырылады.

      Жауынгерлік жағдайда құрама (бөлім) жөндеу бөлімшесінің командирі техниканы жөндеуге дербес қабылдайды, ол туралы тікелей бастыққа баяндайды.

      79. Құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы ағымдағы жөндеу, ал соғыс уақытында орташа жөндеу қабылдау-тапсыру құжаттары және техникалық жай-күй актілері ресімделмей жүзеге асырылады.

      Бейбіт уақытта құрама (әскери бөлім) ішінде техниканы орташа жөндеуге тапсыру техникалық жай-күй актілері бойынша, ал жөндеуден қабылдау техникалық қызмет көрсетуді және машиналар мен агрегаттарды жөндеуді есепке алу кітабы бойынша жүргізіледі.

      80. Далалық техникалық құралдарға жүргізілген жөндеу түрі формулярларға (паспорттарға) белгі ретінде енгізіледі.

4-тарау.Азық-түлік қызметінің жөндеу бригадалары

1-параграф.Техниканы жөндеу шеберханасының көшпелі бригадалары

      81. Әскерлерге далалық техникалық құралдарды жөндеуде шұғыл көмек көрсету үшін көшпелі жөндеу бригадалары жіберіледі. Жөндеу бригадалары техникалық құралдардың белгілі бір түрлеріне ағымдағы және орташа жөндеу жүргізу үшін жеке құраммен жасақталады, материалдармен, жөнделген немесе жаңа бөлшектермен, тораптармен, агрегаттармен, құрал-сайманмен, айла-бұйымдармен және жабдықпен жабдықталады.

      82. Бригадалар арнайы шанақ-фургондармен жабдықталған автомобильдерде немесе жүк автомобильдерінде белгілі бір мерзімге жіберіледі. Олар азық-түлік қоймасымен үздіксіз байланыста болады және материалдармен, бөлшектермен, тораптармен және агрегаттармен толық жабдықталады.

      83. Қарамағына көшпелі бригада келген әскери бөлімнің азық-түлік қызметінің бастығы оның мамандарын жөндеуге қатысу үшін техникалық құралдарға қызмет көрсететін жеке құрамға жібереді.

2-параграф. Әскери асханалардың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі көшпелі бригадалар

      84. Әскери асханалардың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына кезеңдік техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін 1-ші және 2-ші деңгейдегі қоймалар жанынанкөшпелі бригадалар ұйымдастырылады.

      Көшпелі бригадалардың саны мен құрамын әскери бөлімдерде техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жататын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың қолда барына байланысты жабдықталым органмен айқындайды.

      85. Көшпелі бригаданың жеке құрамы:

      1) механиктер (қызмет көрсетуге қоймаға тіркелген әскери бөлімдерде бар тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың саны бойынша 1-3 адам);

      2) тоңазытқыш және технологиялық жабдықты жөндеу бойынша шеберхананың жүргізушісі.

      86. Бөлімдердің тоңазытқыш және технологиялық жабдығына кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы және ішінара орташа жөндеуді көшпелі бригадалар жабдықталым органның өкімі бойынша жабдықты пайдалану орнында жүргізеді.

      87. Тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу және материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету бойынша көшпелі бригадалардың жұмысына басшылық жасауды әскери қойманың механикалық агрегаттар мен тоңазытқыш жабдық жөніндегі технигі, ал техниканы жөндеу бойынша шеберханалары бар қоймаларда – шеберхана бастығы жүзеге асырады.

      Әскери бөлім қоймасына тіркелген тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа, сондай-ақ қоймада сақтауда тұрған техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жалпы ұйымдастыруды сақтау бөлімдері бастықтарының біреуі арқылы қойма бастығы жүзеге асырады.

      88. Көшпелі бригаданы әскери бөлімдерге жіберу кезінде әскери қойма бастығы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іссапар нұсқамасын және тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге нарядты ресімдейді.

      Нарядта орналасу орындары көрсетілмей әскери бөлімдердің шартты нөмірлері беріледі.

      Көшпелі бригадаларға берілетін жабдыққа қызмет көрсетуге және жөндеуге нарядтарды осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімдерде тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға нарядтарды есепке алу журналы бойынша әскери қойманың механикалық агрегаттар мен тоңазытқыш жабдық жөніндегі технигі есепке алады.

      89. Орындалған нарядтар негізінде әскери бөлімнің технигі ай сайын осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшпелі бригада тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсаған қосалқы бөлшектер мен материалдардың жиынтық ведомосын жасайды.

      Жиынтық ведомость негізінде материалдар мен қосалқы бөлшектерді көшпелі бригаданың есебінен, сондай-ақ әскери қойманың есебінен шығару актісі жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Техника санаттары

Р/с №

Техника атауы

Санаттар

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

5-ші

1

Автомобильдік және тіркемелі ас үйлер, тіркемелі плиталар, тіркемелі нан пісіру пештері мен қамыр дайындау агрегаттары; тіркемелі тоңазытқыш агрегаттары және контейнер-рефрижераторлар

Жаңа, пайдалануда болмағандар, 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз

Пайдалануда болған немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен жаңа, сондай-ақ орташа жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен

Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 20 жылдан астам сақтау мерзімімен

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

2

Автомобиль-рефрижераторлар және тіркеме-рефрижераторлар, изотермиялық, нан және құрастырылғанавтомобиль-фургондар, суға арналған автомобиль-цистерналар, автомобиль асханалары*

Жаңа, 3000 километрге дейін жүрген немесе 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз

3000 километрден астам жүрген немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ орташа және күрделі жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен

Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 20 жылдан астам сақтау мерзімімен

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

3

Нан және изотермиялық тіркеме- фургондар, тіркеме-қоймалар, суға арналған тіркеме-контейнерлер, тіркеме-цистерналар, тіркеме ас үйлер

Жаңа, 3000 километрге дейін жүрген немесе 5 жылға дейін сақтау мерзімімен, техникалық ақаусыз

3000 километрден астам жүрген немесе 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ орташа және күрделі жөндеуден өткен

Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен

Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 20 жылдан астам сақтау мерзімімен

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

4

Тасымалданатынжәне газ ас үйлер, тасымалданатын плиталар мен қайнатқыштар, термостар мен термос-жәшіктер, елеу,тасымалданатын қамыр бөлетін қамырды қалыпқа салу машиналары, тасымалданатын нанпісіру пештері,

Жаңа, 5 жылға дейін сақтау мерзімімен пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз

Пайдалануда болған немесе жаңа, 5 жылдан астам сақтау мерзімімен, сондай-ақ жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 15 жылдан астам сақтау мерзімімен

Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 10 жылдан астам сақтау мерзімімен

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

5

Стационарлық әскери асханалардың тоңазытқыш жабдығынан тоңазытқыш агрегаттары, бөлшектенетін тоңазытқыш камералары

Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз

Пайдалануда болған немесе орташа және күрделі жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 7 жылдан астам сақтау мерзімімен

Күрделі жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, 10 жылдан астам сақтау мерзімімен

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

6

Стационарлық әскери асханалардың механикалық және жылу жабдығы, жиналмалытоңазытқыш камералары, тоңазытқыш шкафтар, тұрмыстық электр тоңазытқыштар

Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз

Пайдалануда болған немесе жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін

Күрделі жөндеуді қажет ететін

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

7

Салмақ өлшегіш құралдар

Жаңа, пайдалануда болмаған, техникалық ақаусыз

Пайдалануда болған немесе жөндеуден өткен, техникалық ақаусыз

Орташа жөндеуді қажет ететін

Күрделі жөндеуді қажет ететін

Жарамсыз, қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес, есептен шығаруға жатады

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін _________________
(лауазымы)
__________________________
(әскери атағы, қолы)
20__жылғы"_____"_________
  М.О.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙ АКТІСІ

      20__жылғы "_____"_____________

      ________________________________________________________________________________

      (әскери бөлім атауы)

      КОМИССИЯ: төрағасы

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі)

      мүшелері________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________ бұйрығы негізінде әрекет ететін

      (бұйрық, нөмірі мен күні)

      қарап тексеруді жүргізді

      ________________________________________________________________________________

      (техниканың атауы мен маркасы)

      __________________техникалық жай-күйін анықтау үшін______________ зауыттық нөмірі.

      Құжаттармен танысу және қарап тексеру кезінде

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (техниканың атауы)

      комиссиябекітті:

      1.______________________________________________________________________________

      (техниканың атауы)

      пайдалануды бастап

      _____________________________________________________________сағатжұмыс істелді,_

      _____________километржүріп өтті, _________________реторташа жөнделді,

      _______________________________________________________рет күрделі жөнделді.

      2. Алдыңғы орташа (күрделі) жөндеу уақытынан бастап

      ________________________________________________________________________________

      (техниканың атауы)

      ______________________сағатжұмыс істелді, ______________ километржүріп өтті.

      3. Қарап тексеру кезінде анықталды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жиынтықталуы

      _____________________________________________________________________________

      (немен жиынтықталды)

      ________________________________________________________________________________

      5. Дұрыс пайдалану

      ________________________________________________________________________________

      (пайдалану ережелері сақталды ма, көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      6. Комиссияның шешімі:

      ________________________________________________________________________________

      (техниканың санаты, жөндеу түрі, есептен шығару қажет пе)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Акт _______________данада жасалды

      № 1 дана ______________

      № 2 дана _______________

      Комиссия төрағасы ____________________________________________________________

      Комиссия мүшелері ___________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша

Техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімдері

Р/с №

Азық-түлік қызметінің техникасы

Техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімдері

1-ТҚ

2-ТҚ

1.

Автомобильдік, тіркемелі және тасымалданатын ас үйлер; тіркемелі және тасымалданатын плиталар; тасымалданатын қайнатқыштар; автомобильдік және тіркемелі нанпісіру блоктары; тіркемелі және тасымалданатын нанпісіру пештері; тіркемелі және тасымалданатынқамыр дайындау агрегаттары; тіркемелі қамыр дайындау агрегаттары; елеу, қамырды бөлу және қамырды қалыпқа салу машиналары, тіркемелі тоңазытқыш агрегаттары мен бөлшектенетін тоңазытқыш камералары.

90–100 жұмыс сағаттан кейін

270–300 жұмыс сағаттан кейін

2.

Газасүйлер, нан, изотермиялық, құрастырылған автомобиль-фургондар, автомобиль-рефрижераторлар, тіркеме – рефрижераторлар, нан және изотермиялық тіркеме-фургондар, тіркеме-контейнерлер, суға арналған автомобиль-цистерналары және тіркеме-цистерналар.

1000–1200 километр жүрістен кейін

4000–4800 километр жүріп өткеннен кейін

3.

Әскери асханаларды механикалық, жылумен және тоңазытқышпен жабдықтау.

Жұмыстың бір айынан кейін

Жұмыстың үш айынан кейін

4.

Стационарлық әскери нанзауыттарын (наубайханаларды) жабдықтау.

Жұмыстың бір айынан кейін

Жұмыстың екі айынан кейін

      Ескертпелер:

      1. Азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдары құрастырылған автомобильдер мен тіркемелерге № 1 және 2 (1-ТҚ) мен (2-ТҚ) техникалық қызмет көрсету осы құралдарға техникалық қызмет көрсетуменбір уақытта, бірақ автомобильдер мен тіркемелерге техникалық қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімдерден сиретпей жүргізіледі.

      2. Автомобильдер мен тіркемелердің шассиіне құрастырылған олар үшінтехникалық қызмет көрсету кезеңділігі сағаттарда белгіленген азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету мерзімдерін (кезеңділігін) есепке алу кезінде 25 километр арақашықтыққа жүрген жүрісі бір жұмыс сағатына теңестіріледі.

      3. Күрделі жағдайларда азық-түлік қызметінің далалық техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі кезекті техникалық қызмет көрсету арасындағы мерзімдер 25 – 30 %-ке қысқартылады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша

Есептен шығаруға дейінгі жөндеуаралық жұмыс (жүріс) кезеңдерінің нормалары

Р/с №

Азық-түлік қызметінің техникасы

Өлшем бірлігі

Есептен шығаруға дейінгі жөндеуаралық жұмыс (жүріс) кезеңі

Жаңатехника үшін

Орташа жөндеуден өткен техника үшін

Далалық техникалық құралдар

1

Автомобиль ас үйлер

сағат

2600

1100

2

Тіркемелі ас үйлер

сағат

2600

1100

3

Тасымалданатын ас үйлер

сағат

1300

500

4

Газ ас үйлер

мың километр

120

50

5

Тасымалданатынқайнатқыштар

сағат

1300

1000

6

Тіркемеліплиталар

сағат

2600

1100

7

Тасымалданатынплиталар

сағат

1300

1000

8

Автомобильдікнанпісірублоктары

сағат

3500

1400

9

Тіркемелінанпісірублоктары

сағат

3500

1400

10

Тіркемелінанпісірупештері

сағат

3500

1400

11

Тіркемелінанпісірупештері

сағат

3500

1400

12

Тіркемеліқамырдайындауагрегаттары

сағат

3500

1400

13

Тасымалданатынелеумашиналары

сағат

3500

1400

14

Тасымалданатынқамырбөлумашиналары

сағат

3500

1400

15

Тасымалданатынқамырдықалыпқа салумашиналары

сағат

3500

1400

16

Нан, изотермиялықжәнеқұрастырылған автомобиль-фургондар

мың километр

60

30

17

Авторефрижераторлар

мың километр

60

30

18

Тіркеме-рефрижераторлар

мың километр

50

20

19

Нанжәнеизотермиялық тіркеме-фургондар

мың километр

50

20

20

Тіркемеконтейнерлер

мың километр

50

20

21

Контейнер-рефрижераторлар

сағат

5000

2000

22

Суғаарналған автомобиль-цистерналар

мың километр

60

25

23

Суғаарналғантіркеме-цистерналар

мың километр

50

20

24

Суғаарналғантасымалданатынцистерналар

ай

48

20

25

Тіркемелітоңазытқышагрегаттар

сағат

5400

2300

26

Бөлшектенетінтоңазытқышкамералар

сағат

5400

2300

27

Тоңазытқышжәнетехнологиялықжабдықтыжөндеушеберханасы

мың километр

75

40

Әскериасханалардыңмеханикалықжабдығы

28

Механизмдержиынтығыменжалпыжәнеарнайымақсаттағыәмбебапжетектермен машиналар

ай

24

12

29

Механикалықкартоптазалағыштар

ай

36

12

30

Қолкөкөніс турағыштар

ай

36

30

31

Механикалықеттурағыштар

ай

36

24

32

Котлеттіқалыпқа салу автоматтары

ай

72

24

33

Механикалық балықтазалағыштар

ай

48

24

34

Механикалықнантурағыштар

ай

42

18

35

Майбөлгіштер

ай

48

24

36

Пісірілгенкөкөністердітурауғаарналғанмашиналар

ай

48

24

37

Үккішмашиналар

ай

96

24

38

Ыдысжуумашиналары

ай

48

24

39

Сатураторлық қондырғылар

ай

48

36

Әскериасханалардыңжылужабдығы

40

Электр қазандары

ай

72

24

41

Электр плиталары

ай

48

24

42

Электр мармиттіплиталар

ай

48

24

43

Электр қайнатқыштар

ай

52

18

44

Электр термостаттар

ай

48

40

45

Қуыружәнепісірушкафтары

ай

72

24

46

Электр табалар

ай

48

24

Әскериасханалардыңтоңазытқышжабдығы

47

Тоңазытқышкамералар

ай

72

24

48

Тоңазытқышшкафтар

ай

72

24

49

Тұрмыстықэлектртоңазытқыштары

ай

72

24

50

Барлықмаркадағытоңазытқышагрегаттары

ай

72

24

51

Салмақөлшейтінаспаптар

ай



52

Тауартаразысы

ай

96

24

53

Үстелтаразысы

ай

72

24

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
________________________
________________________
________________________

ТАПСЫРМА-ЖОСПАР _____________________________________________________________
(жөндеу кәсіпорны, бөлімше) 20____жылғы_______

      1. Өндірістік тапсырма

Р/с №

Жөндеу түрі, техниканың атауы мен маркасы

Саны

Еңбек шығындары, адам

бірлікке

барлық санға


Барлығы




      2. Жұмыс уақытының есебі

Көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Көрсеткіш мөлшері

Өндірушілердің жұмыс уақытының қоры
Жауынгерлік және кәсіби даярлыққа бөлінген уақыт
Жұмыс уақытын жоғалту
Нормаларды асыра орындау проценті
Өндірушілер жұмыс уақытының пайдалы қайтарымы



  БАСТЫҚ __________________
  (қолы)
  20__ жылғы "___" __________
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
6-қосымша
  Нысан

Техниканы сақтау карточкасы

      Бөлімше (бөлім) _________________ Сақтау орны _______________________________

      Азық-түлік қызметі техникасының атауы _______________________________________

      №________________________________________________________________________

      Жасаушы зауыт ____________________________________________________________

      Сақтауға келіп түскен күні___________________________________________________

      _____________________________________________________ бойынша есепке алынды

      (қандай құжат бойынша көрсетілсін)

Сақтау кезінде азық-түлік қызметінің техникасына техникалық қызмет көрсету

Күні

Орындалған жұмыс

Жұмысты орындаушының қолы

Жұмысты тексерген және қабылдаған адамның қолы





Командир (бастық) ______________________ ________________________________________ (әскери атағы, қолы) Сақтау қоймасының бастығы ___________________

      (қолы)

      20__ жылғы "_____"____________________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
7-қосымша
  Нысан

20____жылғы "____ "________________ Әскери бөлімдерде тоңазытқыш және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған нарядтарды есепке алу журналы

Күні

Нарядтың нөмірі

Әскери бөлім

Қызметкөрсетілетін (жөнделетін) жабдықтыңатауы

Нарядтытапсыру туралы белгі






  Қазақстан Республикас
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (азық-түлік қызметінің
техникасын) пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
8-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
әскери бөлімінің командирі
____________________________
(әскери атағы, қолы)
20___жылғы "____ "__________
  м.о.

20____жылғы ___________ тоқсан үшін көшпелі бригаданың тоңазытқыш және технологиялық жабдығына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған қосалқы бөлшектер мен материалдарды жинақтау ведомосы

Р/с№

Қосалқыбөлшектер мен материалдар

Нарядтың нөмірі

Бөлшектер нөмірі

Есепкеалубірлігі

Саны







      Қойманың тоңазытқыш жабдығын жөндеу технигі

      ___________________________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады