"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.09.2024 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 Бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық ресурстар – қамдалған энергиясы қазіргі уақытта пайдаланылатын немесе перспективада шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінде пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия жеткізгіштердің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электромагниттік, жылу және энергияның басқа да түрлері);
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.
3. Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін мемлекеттік мекемелер ұсынған ақпарат негізінде ұлттық даму институты жүргізеді.
4. Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі олардын энергия ресурстарын тұтыну тиімділігін бағалау мен талдау, энергия тұтынуды төмендетуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің тәртібі
5. Мемлекеттік мекемелер жыл сайын 1-і сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген) мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес ақпаратты ұлттық институтына ұсынады.
6. Ұлттық институты 1 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік мекемелер ұсынған ақпараттың толықтығын және дәйекті екенін тексереді. Ұсынылған ақпараттың толық емес және (немесе) дәйексіз екендігі анықталған жағдайда ұлттық институты осы тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік мекемелерден жетіспейтін және (немесе) дәйекті ақпаратты сұрау салу жіберу арқылы сұратады.
7. Жетіспейтін ақпаратты мемлекеттік мекеме ұлттық институтынан сұрау салуды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
8. Алынған деректер негізінде ұлттық институты Мемлекеттік мекемелердің энергетикалық ресурстарын тұтыну тиімділігін, үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың техникалық жағдайы, энергия тұтынатын жабдыққа талдауды, сондай-ақ энергия тұтынуды азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын талдамалық есеп дайындайды.
9. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 394 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11319 болып тіркелген) энергия тұтыну нормативтерінен асып кеткен жағдайда, 1 тамызға дейін ұлттық институты:
1) уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жылытылатын алаңның бір шаршы метріне нақты үлестік энергия тұтыну туралы ақпарат;
2) энергия тұтыну нормативтерінен асып кеткен мемлекеттік мекемелерге энергия тұтынуды төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды өткізу жөнінде ұсынымдар жібереді.
10. Ұлттық институты жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі бойынша талдамалық есебін ұсынады және мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізу қорытындылары бойынша есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.09.2024 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk).
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жылытылатын алаңның бір шаршы метріне нақты үлестік энергия тұтыну туралы ақпарат.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-ФУЭОП.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: ________ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғам
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін.
№ | Мемлекеттік мекеменің атауы | Мемлекеттік мекеменің нақты мекенжайы | Өлшем бірлігі | 1 шаршы метріне нақты энергия тұтыну | 1 шаршы метріне энергия тұтыну нормативі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Атауы ____________________________ Мекенжай_________________________
__________________________________ __________________________________
Телефоны
_____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________________________________
Орындаушы____________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға
уәкілетті және жауапты тұлғалар
_______________________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
____________________________
"Жылытылатын алаңның бір шаршы метріне нақты үлестік энергия тұтыну туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жылытылатын алаңның бір шаршы метріне нақты үлестік энергия тұтыну туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ФУЭОП, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) "Жылытылатын алаңның бір шаршы метріне нақты үлестік энергия тұтыну туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі-нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.
2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысан жыл сайын 1 тамызға дейін ұсынылады.
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1) "1" бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады.
2) "2" бағанда мемлекеттік мекеменің атауы көрсетіледі;
3) "3" бағанда мемлекеттік мекеменің мекенжайы көрсетіледі;
4) "4" бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі;
5) "5" бағанда 1 шаршы метріне нақты қуат тұтынуы көрсетіледі;
6) "6" бағанда "Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11319 болып тіркелген) сәйкес 1 шаршы метріне энергия тұтыну нормативі көрсетіледі;
7) "7" бағанда қажет болған жағдайда ескертпе көрсетіледі.