Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31152 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде мыналарға сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін:

      60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;

      120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.

      2. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 428 бұйрығымен
бекітілген

Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, оның ішінде тектік әлеуеті жоғары жануарлардың өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) бордақылау алаңы – мамандандырылған алаңы бар және одан әрі бордақылау үшін ірі қара малдың/ұсақ малдың еркек дарақтарын сатып алуды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;

      4) тауар – 12 айдан асқан бұқашықтар (СЭҚ ТН коды 0102) және 6 айдан асқан еркек тоқтылар (СЭҚ ТН коды 0104).

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында жануарларды карантинге қоюдың және квоталар бөлудің басталуы туралы хабарландыру орналастырады.

      4. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит;

      2) тауарларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына және бір тауар өндірушіге арналған лимит;

      3) жануарларды карантинге қоюдың және квоталар бөлудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      4) жануарларды карантинге қоюдың және квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

      5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) дерекқорында "Карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қоюға сандық шектеу, e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі – БАБЖ АЖ) – осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге ветеринариялық сертификаттар беруге сандық шектеу қалыптастырылады.

      Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайды.

      6. 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

      6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

      Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.

      8. Жануарларды карантиндеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      9. Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесін алғаннан кейін өтініш берушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) жүгінеді және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      10. Ветеринариялық ұйымның қызметкері өтінім келіп түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы оның көшірмесіне қойылған белгі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      11. Ветеринариялық ұйым екі жұмыс күні ішінде:

      1) өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

      2) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде өтінімдегі мәліметтерді АШЖБ-ға енгізеді және жануарларды "Карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы карантинге қояды;

      өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіге себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.

      Ветеринариялық ұйым жануарларды карантиндеуге арналған өтінімдерді келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілікке қояды.

      12. Жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғаннан кейін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квоталар санын бөлу жүзеге асырылады.

      Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге квоталар санын бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификаттар беру кезінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар) бекіткен тізім негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары ветеринарлық сертификаттарды берген кезде БАБЖ АД-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге бөлінген квотаның саны АШЖБ-ға карантинге қойылған жануарлар санына тең.

      Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар санын бөлу тауарлардың әрбір түріне арналған квоталар саны толығымен таусылғанға дейін жүзеге асырылады, одан кейін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ветеринариялық-санитариялық құжатты беруден бас тартады.

      13. Уәкілетті орган уәкілетті органның интернет-ресурсында квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген санын көрсете отырып, әкетуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.

      14. Ветеринариялық ұйымның, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жануарларды карантинге қою және квоталар бөлу мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағым жасалады.

  Сандық шектеулерді
(квоталарды)
бөлу қағидаларына
қосымша

      Нысан

      Кімге

      __________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы

      органы ауданда, облыстық маңызы бар қалада құрған мемлекеттік ветеринариялық

      ұйымның атауы)

      кімнен

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орналасқан жері (заңды мекенжайы) __________________________

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) жөніндегі дерекқорға квота алуға және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған жануарларды карантинге қою туралы мәліметтерді енгізуді сұраймын.

Р/с№

Өтініш беруші қызметінің түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды)

Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің есепке алу нөмірі

Жануарлардың түрі

Карантинге қою үшін сұратылған мал саны (бас)

АШЖБ сәйкес жануарлардың жеке нөмірлері

1.




12 айдан асқан бұқашықтар



2.




6 айдан асқан еркек тоқтылар



      Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан жүзеге асырылатыны, қауіп қатерге және мүлікке жауапкершілік артатыны туралы хабардармын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптымын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші: __________________________________ _____________

      (басшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Өтінім беру күні мен уақыты: 20__ жылғы "____" _______ ____ сағат ___ минут

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных с территории Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2022 года № 428. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 декабря 2022 года № 31152

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.5

      В соответствии с пунктом 2 статьи 17 и пунктом 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", статьями 29 и 47 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести в срок до 1 марта 2023 года количественные ограничения (квоты):

      на вывоз с территории Республики Казахстан в третьи страны и в страны Евразийского экономического союза бычков (код товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0102) в количестве 60 000 (шестьдесят тысяч) голов;

      на вывоз с территории Республики Казахстан в третьи страны и в страны Евразийского экономического союза баранчиков (код товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0104) в количестве 120 000 (сто двадцать тысяч) голов.

      2. Утвердить прилагаемые Правила распределения количественных ограничений (квот).

      3. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 1 марта 2023 года.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 19 декабря 2022 года № 428

Правила распределения количественных ограничений (квот)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила распределения количественных ограничений (квот) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок распределения количественных ограничений (квот).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) сельскохозяйственный товаропроизводитель (далее – товаропроизводитель) – физическое или юридическое лицо, занимающиеся производством сельскохозяйственной продукции, в том числе воспроизведением животных высоким генетическим потенциалом, их сохранение и разведение;

      2) откормочная площадка – субъект агропромышленного комплекса, имеющий специализированную площадку и осуществляющий закуп крупного рогатого скота/мелкого рогатого скота мужских особей для дальнейшего откорма;

      3) товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД) – система описания и кодирования товаров, которая используется для классификации товаров в целях применения мер таможенно-тарифного регулирования, вывозных таможенных пошлин, запретов и ограничений, мер защиты внутреннего рынка, ведения таможенной статистики;

      4) товар – бычки старше 12 месяцев (код ТН ВЭД 0102) и баранчики старше 6 месяцев (код ТН ВЭД 0104).

Глава 2. Порядок распределения количественных ограничений (квот)

      3. Уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса (далее – уполномоченный орган) не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня введения в действие настоящих Правил размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа www.gov.kz объявление о начале карантинирования животных и распределения квот на вывоз товаров.

      4. В объявлении указывается следующая информация:

      1) количественный лимит для постановки бычков старше 12 месяцев и баранчиков старше 6 месяцев на карантинирование;

      2) лимит на одну откормочную площадку и на одного товаропроизводителя для получения квоты на вывоз товаров;

      3) дата и время начала и завершения периода карантирования животных и распределения квот на вывоз товаров;

      4) перечень необходимых документов для карантинирования животных и распределения квот на вывоз товаров.

      5. После введения в действие настоящих Правил в базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных (далее – ИСЖ) через функционал "Карантинирование (экспорт)" формируется количественный лимит для постановки бычков старше 12 месяцев и баранчиков старше 6 месяцев на карантинирование в соответствии с пунктами 6 и 7 настоящих Правил, в единой автоматизированной системе управления отраслями агропромышленного комплекса "e-Agriculture" (далее – ИС ЕАСУ) – количественный лимит на выдачу ветеринарных сертификатов на вывоз бычков старше 12 месяцев и баранчиков старше 6 месяцев в соответствии с пунктами 6 и 7 настоящих Правил.

      При превышении установленного количественного лимита ИСЖ автоматически блокирует постановку животных на карантинирование, ИС ЕАСУ – выдачу ветеринарных сертификатов.

      6. Количественный лимит для постановки бычков старше 12 месяцев на карантинирование составляет 60 000 (шестьдесят тысяч) голов, из них:

      для откормочных площадок – 30 000 (тридцать тысяч) голов;

      для товаропроизводителей – 30 000 (тридцать тысяч) голов.

      Количественный лимит для постановки баранчиков старше 6 месяцев на карантинирование составляет 120 000 (сто двадцать тысяч) голов, из них:

      для откормочных площадок – 30 000 (тридцать тысяч) голов;

      для товаропроизводителей – 90 000 (девяносто тысяч) голов.

      7. Лимит на одну откормочную площадку для получения квоты на вывоз бычков старше 12 месяцев с территории Республики Казахстан составляет в совокупном количестве не более 500 (пятисот) голов, а на одного товаропроизводителя – не более 200 (двести) голов.

      Лимит на одну откормочную площадку для получения квоты на вывоз баранчиков старше 6 месяцев с территории Республики Казахстан составляет в совокупном количестве не более 1000 (тысячи) голов, а на одного товаропроизводителя – не более 500 (пятисот) голов.

      8. Карантинирование животных проводится в соответствии с Правилами карантинирования животных, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 7-1/700 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10223).

      9. После получения копии утвержденного плана карантинирования животных заявители обращаются в государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органам областей, городов республиканского значения, столицы в районах, городах областного значения (далее – ветеринарная организация), и подают заявку по форме согласно приложению к настоящим Правилам с приложением утвержденного плана карантинирования животных.

      10. Сотрудник ветеринарной организации осуществляет прием и регистрацию заявки в день ее поступления.

      При обращении заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявок осуществляется в ближайший следующий за ним рабочий день.

      Подтверждением принятия заявки является отметка на ее копии о регистрации с указанием даты, времени (часы, минуты), фамилии и инициалов, должности лица, принявшего заявку.

      11. Ветеринарная организация в течение двух рабочих дней:

      1) рассматривает заявку на предмет соответствия требованиям настоящих Правил;

      2) при соответствии заявки требованиям настоящих Правил вносит сведения из заявки в ИСЖ и ставит животных на карантинирование через функционал "Карантинирование (экспорт)";

      при несоответствии заявки требованиям настоящих Правил направляет заявителю мотивированный отказ с указанием причин отказа.

      Заявки на карантинирование животных ставятся ветеринарной организацией по очередности согласно дате и времени поступления заявок.

      12. После завершения периода карантинирования животных осуществляется распределение количества квот на вывоз товаров с территории Республики Казахстан.

      Распределение количества квот на вывоз товаров с территории Республики Казахстан осуществляется в ИС ЕАСУ автоматически при выдаче главным государственным ветеринарно-санитарный инспектором городов республиканского значения, столицы, района, города областного значения и его заместителями, государственными ветеринарно-санитарными инспекторами на основании утвержденного списка главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором городов республиканского значения, столицы района, города областного значения и его заместителями (далее – государственные ветеринарно-санитарные инспектора) ветеринарных сертификатов в соответствии с Правилами выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 7-1/453 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11898).

      Распределение количества квот на вывоз товаров с территории Республики Казахстан осуществляется до полного исчерпания количества квот по каждому виду товара, после чего государственные ветеринарно-санитарные инспекторы отказывают в выдаче ветеринарного сертификата.

      13. Уполномоченный орган размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа итоги распределения квот: сводный перечень заявителей, получивших квоту на вывоз товаров, с указанием наименования товара, количества распределенных квот.

      14. Обжалование решений, действий (бездействия) ветеринарной организации, государственного ветеринарно-санитарного инспектора по вопросам карантинирования животных и распределения квот на вывоз товаров осуществляется в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам распределения
количественных ограничений
(квот)
  Форма

      В _______________________________________________________________________
      (наименование государственной ветеринарной организации, созданной местным
      исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы в
      районе, городе областного значения)
      от _______________________________________________________________________
      (наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при наличии)
      физического лица)
      Адрес местонахождения (юридический адрес) __________________________

Заявка

      Прошу внести в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных
(далее – ИСЖ) сведения о постановке на карантинирование животных, предназначенных для
получения квоты и на вывоз с территории Республики Казахстан.

№ п/п

Вид деятельности заявителя (код по общему классификатору видов экономической деятельности)

Бизнес-идентификационный номер или индивидуальный идентификационный заявителя

Учетный номер заявителя

Вид животных

Запрашиваемое количество поголовья для постановки на карантинирование (голов)

Индивидуальные номера животных согласно ИСЖ

1.




бычки старше 12 месяцев



2.




баранчики старше 6 месяцев



      Копия утвержденного плана карантинирования животных прилагается.
      В соответствии с частью 1 статьи 2 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан уведомлен, что предпринимательская деятельность осуществляется от имени, за
риск и под имущественную ответственность предпринимателя.
      Подтверждаю достоверность представленной информации и несу ответственность за
представление недостоверных сведений в соответствии с законодательством Республики
Казахстан и даю согласие на использование сведений, составляющих охраняемую тайну, а
также на сбор, обработку, хранение, выгрузку и использование персональных данных.
      Заявитель: _____________________________________             __________________
                  (фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя) (подпись)
      Дата и время подачи заявки: "____" _________ 20__ года, _____часов __ минут