Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10223 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды карантиндеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 7-1/700 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды карантиндеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды карантиндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды карантиндеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бақылау аймағы – буферлік (қорғаныш) жәнесаламатты аймақтар арасында белгіленген аймақ;

      2) буферлік (қорғаныш) аймақ – жануарлар ауруы қоздырғышының әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу жолымен саламатты өңірде немесе мәртебесі белгіленбеген өңірде жануарлардың субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;

      3) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      4) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер;

      5) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануардың саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жүргізетін жануарды клиникалық қарап-тексеру;

      6) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;

      7) саламатты аймақ – жануарлардың жұқпалы ауруларынан таза аймақ;

      8) саламатсыз аймақ– жануарлардың жұқпалы аурулары белгіленген аймақ.

      3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға карантиндеу жүргізеді.

      Мыналардан (ға):

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақталған және ветеринариялық құжаттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында олар бойынша мәліметтер көрсетілген жағдайда, жануарларды сою объектілерінде (ет өңдеуші кәсіпорындары) санитариялық союды жүргізу үшін оларды өткізуді қоспағанда, саламатсыз аймақтан;

      2) буферлік (қорғаныш) аймақтан саламаттылық аймаққа;

      3) саламатсыз аймаққа;

      4) вакциналанатын саламаттылық аймақтан вакциналанбайтын саламаттылық аймаққа;

      5) вакциналанбайтын саламаттылық аймақтан тиісті ветеринариялық дауалауды жүргізбей вакциналанатын саламаттылық аймаққа жануарларды әкелу, сатып алу, әкету, орнын ауыстыру, келтіру жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. Егер:

      1) республика аумағы бойынша аумақ эпизоотиялық тұрғыдан саламаттыболғанда немесе жөнелту пункті мен межелі пункт аймақтарына бірдей типпен бөлінгенде және олар бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда көрсетілген кезде;

      2) жануарларды кейіннен санитариялық сою үшін жануарларды сою объектілеріне (ет өңдеу кәсіпорындары) олар бойынша мәліметтерді ветеринариялық құжаттарда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда көрсете отырып, жеткізу кезіндежануарлар жаңадан келтірілсе, әкелінсе, сатып алынса, әкетілсе, орны ауыстырылса, онда жануарларды карантиндеу жүргізілмейді.

      5. Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізілетін, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу ұзақтығы, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, кемінде күнтізбелік 21 (жиырма бір) күнді құрайды.

      Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтуші елде және алушы елде карантинделеді.

      Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу қажеттігін, ұзақтығын және шарттарын аумағына жануарларды әкелу жоспарланып отырған аумақтық бөлімше айқындайды.

      6. Республика ішінде аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктерден (ке) жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу ұзақтығы кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күнді құрайды.

      Республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдансаламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарғатүрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) орны ауыстырылатын жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық-санитариялықталаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтушінің шаруашылық субъектісіндекарантинделеді.

      Республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанғанн саламатты аймаққа) жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу қажеттігін, ұзақтығын және шарттарын аумағына жануарларды әкелу (орнын ауыстыру) жоспарланып отырған аумақтық бөлімше айқындайды.

      6-1. Жануарларды республика ішінде вакциналанбайтын саламаттылық аймақтан вакциналанатын саламаттылық аймаққа ауыстырған жағдайда, жануарларды вакциналау межелі пункте жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Жануарларды карантиндеу кезінде ауруға күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, оларды карантиндеу мерзімін тиісті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері эпизоотиялық ахуалды анықтау және соңғы диагнозды белгілеу бойынша қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті кезеңге ұзартады.

      Егер карантиндеу кезеңінде жөнелтуші елде (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) немесе межелі пунктте (жануарлар республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа орын ауыстырғанда)) және диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жануарларда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, онда ведомство карантинделетін жануарлардың барлық партиясын немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарларды әкелуден бас тартады.

      Егер карантиндеу кезеңінде үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген жануарларды жеткізу пунктінде диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша жануарлардан оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, ведомство карантинделген жануарлардың барлық партиясын немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделген жануарларды әкелуден бас тартады.

      Мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) әкету мүмкін болмаған жағдайда, ондай жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 704 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 тіркелген) бекітілген Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      8. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жануарлар шаруашылық субъектісінде бар мал басынан бөлек күтіп-бағылады және жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғанға дейін басқа жануарлармен тікелей немесе жанама байланыста болуын болдырмау шаралары қабылданады.

2-тарау. Жануарларды карантиндеу тәртібі

      9. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың жоспарлы келуі, әкелінуі, сатып алынуы, әкетілуі, орнын ауыстыруы алдында бұл туралы аумақтық бөлімшелерге, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) жазбаша түрде жануарлардың жоспарланған келуіне, әкелінуіне, сатып алуына, әкетілуіне, орын ауыстыруына дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

      10. Жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде аумақтық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ЖАО бөлімшелерімен келісу бойынша жануарларды карантиндеу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесін аумақтық бөлімше бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат алынған жеке және (немесе) заңды тұлғаға жібереді.

      Жануарларды карантиндеу жоспарында әкелінген жануарларды карантиндеу ұзақтығы мен шарттары, оларды жүргізу күні, вакциналауды жүргізу мерзімдері, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты адамдарды, ауруға күдікті жануарлар, ауру жануарлар анықталған кездегі іс-шараларды қоса көрсете отырып, диагностикалық зерттеулерге, ветеринариялық дауалауға жататын жануарлар ауруларының тізбесі көрсетіледі. Жануарларды карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлаған кезде бұрын жүргізілген ветеринариялық дауалау, диагностикалық зерттеулердің дұрыс емес қорытындыларын алуды болдырмау мақсатында жануарларды вакциналау, аумақты аймақтарға бөлу және ірі қара малды бруцеллез бен туберкулезге, ұсақ малды, түйелер мен шошқаларды бруцеллезге, жылқыларды маңқа, күйек ауруына, есектер мен қашырларды маңқа ауруына міндетті диагностикалық зерттеу, асыл тұқымды жануарларды паратуберкулез, трихомоноз, (Trіchomonasfetus), бұқалар үшін кампилобактериоз (Campylobacterfetusvenerealіs), хламидиоз, лептоспироз (егер вакциналанбаған болса немесе профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе эквивалентті әсер беретін заттармен өңделмеген болса), инфекциялық ринотрахейт пен ірі қара малдың вирустық деареясына (егер жануарлар алдын ала вакциналанбаған болса) қосымша зерттеулер туралы мәліметтер ескеріледі. Үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін жануарларды карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлау кезінде межелі пунктте Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеулер жүргізу ескеріледі.

      Егер алушы елдің аумағында жануарлардың басқа ауруларының профилактикасы және/немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілсе ғана, осы ауруларға зерттеулер жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11. Жануарларды үшінші елдерден әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалдау кезінде карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережені сақтай отырып жүзеге асырылады. Жануарлардың диагностикалық зерттеулері және ветеринариялық өңдеулері карантинге жатқызылған жануарлармен ілесіп жүретін ветеринариялық сертификатта және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.

      Жануарларды республика ішінде аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктерден (ке) тасымалдау кезінде карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды эпизоотиялық ахуалға және жануарлар келген (әкелінген) жердегі нақты нозологиялық бірлік жөніндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға және осы Қағидалардың 10-тармағына байланысты аумағына жануарларды әкелуді (тасымалдауды) жүзеге асыру жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесі айқындайды.

      Қосымша диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер (вакциналауды қоса алғанда) жүргізуге алушы-елдің немесе алушының шаруашылық субъектісінің сұрауы бойынша немесе жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындағанда жануарларды карантиндеу кезеңінде оларда клиникалық белгілер болған жағдайда жол беріледі.

      12. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Жануарларды карантиндеу кезеңінде:

      1) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру, жануарлардың термометриясы;

      2) жануарларды карантиндеу жоспарында айқындалған жануарлар ауруларына қарсы ветеринариялық өңдеулер және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

      Карантинделетін жануарлар туралы ақпарат "Ветеринариялық есеп және есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналға және жануарлар ауруларын (ауру тіркелген жағдайда) тіркеуге арналған журналға енгізіледі.

      14. Диагностикалық зерттеулерді мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді. Жануарларды ветеринариялық өңдеулерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді.

      Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу Заңның 35-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін иеленушілер есебінен жүзеге асырылады.

      15. Егер жіберуші елдің аумағында немесе жөнелтушінің шаруашылық субъектісінде зерттеулер барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, бұл туралы алушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына немесе алушының шаруашылық субъектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге дереу хабарланады. Егер алушы елдің аумағындағы немесе алушының шаруашылық субъектісіндегі зерттеулер барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, бұл туралы жіберуші елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына немесе жіберушінің шаруашылық субъектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге дереу хабарланады.

      16. Карантиндеу нәтижелері бойынша диагностикалық зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін жасайды.

  Жануарларды карантиндеу
қағидаларына қосымша
  Нысан

Эпизоотикалық зерттеп-қарау актісі ______________________________________________________________ (шаруашылық субъектісінің атауы және оның мекенжайы)

      Мен __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (эпизоотиялық зерттеп-қарау жүргізген адамның аты, әкесінің аты (барболса),

      тегі, лауазымы)

      ___________________________________________ эпизоотиялық зерттеп-қарау

      (эпизоотиялық зерттеп-қарау объектісінің атауы, мекенжайы)

      жүргіздім.

      Бұл ретте, мыналар анықталды:

      Жануарды сатып алу (әкелу, шаруашылық субъектісіне келтіру)

      кезеңі _____________________________________________________________

                              (күні, айы, жылы)

      Жануарларды карантиндеудің басталуы ________________________________

                                                (күні, айы, жылы)

      Жануарлардыкарантиндеудің аяқталуы ________________________________

                                                (күні, айы, жылы)

      Шаруашылықтың сипаттамасы (мамандануы, өсірілетін жануарлардың түрлері)

      _______________________________________________________________

      Сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген, түрі мен жасына қарай топтарға бөлініп

      карантиндеуге қойылған жануарлардың саны ____________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарлар қайдан әкелінді ___________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінде бар жануарлар басынан карантиндеуде тұрған

      жануарларды күтіп-бағудың өзгешелігі _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды тамақтандыру __________________________________________

      Суат сипаттамасы____________________________________________________

      Жайылымдар сипаттамасы ___________________________________________

      Ағынды судың зарарсыздандырылуы ___________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көң қоймасы мен көңді жинау _________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Азықты дайындау және сақтау шарттары ________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарлардан алынатын өнімді өткізу, залалсыздандыру шарттары ________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа да шаруашылық байланыстар (үлкен жүретін және айдайтын жолдардан,

      елді мекендерден, базар, ішкі сауда объектілерінен, қоқыс үйінділерінен, ет өңдеу

      кәсіпорындарынан, ет-сүйек ұнын жасайтын зауыттардан ара қашықтығы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға азық жеткізу және қамтамасызету _________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың

      диагностикалық зерттеулері (аурудың атауы, өткізілген күні және нәтижелері)

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантинтеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың өңдеуі

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (аурудың атауы, өткізілген күні, препараттың түрі, вакцина, қолдану тәсілі)

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға арналған құрылыстардың тұрғын үйлерден алыстығы және бөгде адамдар

      қатынасынан қоршау тәсілдері _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Бөгде адамдар шаруашылық субъектісіне қаншалықты жиі келеді

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінде қараусызиттер мен мысықтардың бар-жоғы

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық жүргізу субъектісінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамасы

      Ветеринария саласындағы мамандардың саны __________________________

      ___________________________________________________________________

      Ветеринариялық персоналды арнайы жұмыс киімімен, шаруашылықты

      дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық препараттармен қамтамасыз

      ету. Оларды сақтау шарттары

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа ветеринариялық-санитариялық объектілердің (санитариялық өткізу

      пунктері, дезинфекциялық кедергілер, өткізу алаңдары) бар-жоғы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға арналған қора-жайлар сипаттамасы ________________________

      ___________________________________________________________________

      Көңкетіру механизмдерінің, жылу тасығыштардың, ағынды-сорғылы желдету

      жүйесінің жұмысы __________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық объектісінің қызмет көрсетуші персоналмен жинақталуы______

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды тазалау, жуындыру және серуендету қалай өтеді?____________

      ___________________________________________________________________

      Тышқан тәріздес кеміргіштердің бар-жоғы және олармен күресу шаралары

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінің эпизоотикалық ахуалы _______________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың сипаттамасы

      Карантиндеу кезеңінде жүргізілген жануарлардың диагностикалық зерттеулері

      (аурудың атауы, өткізілген күні және жануарлардың түрлері бойынша нәтижелері)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру ____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес өткізілген ветеринариялық іс-

      шараларды сипаттау ________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат (ауру белгілері бар жануарлар, ауру жануарлар анықталған

      жағдайда) __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды

      Жүргізілген эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың

      тиімділігін бағалау ___________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу нәтижелері (аяқтау, ұзарту) ____________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу кезеңін ұзарту себептері мен мерзімдері _________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қосымша ұсынылған эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар__

      __________________________________________________________________

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ___________________

      ____________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтықбірліктіңатауы) (қолы, аты, әкесініңаты (бар болса), тегі)

      Ветеринария саласындағы маман _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтықбірліктіңатауы) (қолы, аты, әкесініңаты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады