"Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 желтоқсанда № 31217 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізілген кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6 Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушылар "Есепке алу-бақылау маркаларын және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өніміне ЕБМ (бұдан әрі – өндірістік өтінім) дайындауға арналған өтінімді;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ дайындауға арналған өтінімді (бұдан әрі – импортық өтінім) ұсынады.

      8. Жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін өндіру және (немесе) импорттау бойынша қызметті бастаған ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылары ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өндірістік өтінімді;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде импорттық өтінімді ұсынады.

      9. ЕБМ қызметін алушылар, ЕБМ саны өзгерген кезде, бұрын тапсырылған:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде қосымша өтінім жасау жолымен өндірістік өтінімге;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде импорттық өтінімді жасау жолымен өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      ЕБМ саны өзгерген кезде, қосымша өтінімде мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне байланысты қосу немесе алу мәнімен өзгерістер көрсетіледі.

      10. Алкоголь өнімін импорттайтын ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылардан импорттық өтінімді қабылдау, оның негізінде акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмелері ұсынылған кезде жүргізіледі.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы, Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларының орындалмаған хабарламалардың болмауы импорттық өтінімді келісу үшін міндетті шарт болып табылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік кірістер органы ұсынылған өндірістік және (немесе) импорттық өтінімдерді ақпараттық жүйе арқылы:

      өндірістік өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      импорттық өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.

      Осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттік кірістер органы ұсынылған ЕБМ арналған өтінімдерді келісуден бас тартады.";

      22-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын:

      "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомасы толық төленбеген кезде, Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген орындалмаған хабарламалардың болмауы келісуден бас тартады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ЕБМ дайындағаны үшін төлем болмаған кезде ЕБМ беруден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ЕБМ-ге штрих-код жапсырылған ЕБМ береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1311 бұйрығына
қосымша
  Есепке алу-бақылау маркаларын
алу, есепке алу, сақтау, беру
және өндірушінің және
(немесе) импорттаушының
Қазақстан Республикасына
алкоголь өнiмiн импорттау және
(немесе) өндіру кезiнде есепке
алу-бақылау маркаларын
нысаналы пайдалану туралы
мiндеттемесiн, есебiн ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

"Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Есепке алу-бақылау маркаларын және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау маркаларына (бұдан әрі – ЕБМ) жапсырылған штрих-кодпен және есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын жалғауды жүзеге асырумен есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асыру ЕБМ беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйесі арқылы:
осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысана бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өніміне ЕБМ (бұдан әрі – өндірістік өтінім) дайындауға арналған өтінімді;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ дайындауға арналған өтінімді (бұдан әрі – импортық өтінім);
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
3) осы осы Қағидаларға 5, 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында;
4) өндіру және (немесе) импорттау кезінде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені;
міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты) қосымша ұсынады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ЕБМ дайындағаны үшін төлемнің болмауы негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www. pbf. kz.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8800080777 арқылы ала алады.


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 "Об утверждении Правил получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, а также порядок учета и размер обеспечения такого обязательства"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 22 декабря 2022 года № 1311. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2022 года № 31217

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 "Об утверждении Правил получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, а также порядок учета и размер обеспечения такого обязательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16437) следующие изменения:

      в Правилах получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном приказом исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 июня 2013 года № 452 "Об утверждении Правил внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8555).

      При внесении изменений и (или) дополнений в настоящее Правила уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней после регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан актуализируют информацию о порядке оказание государственной услуги и направляет в Единый контакт-центр, оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и услугодателю.";

      пункты 6, 7, 8, 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "6. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача учетно-контрольных марок на алкогольную продукцию (за исключением виноматериала, пива и пивного напитка)" изложен согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      7. Услугополучатели УКМ посредством информационной системы "Контроль, учет и выдача учетно-контрольных марок и другой печатной продукции Республиканского государственного предприятие "Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан" (далее – информационная система) представляют услугодателю и в орган государственных доходов не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до наступления нового календарного года:

      заявку на изготовление УКМ на алкогольную продукцию, производимую на территории Республики Казахстан (далее – заявка на производство) по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      заявку на изготовление УКМ на алкогольную продукцию, импортируемую на территорию Республики Казахстан (далее – заявка на импорт) по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      8. Услугополучатели УКМ, вновь созданные или начавшие деятельность по производству и (или) импорту алкогольной продукции, посредством информационной системы представляют услугодателю и в орган государственных доходов:

      заявку на производство в срок не позднее, чем за 5 (пять) календарных дней до 1 числа месяца, в котором осуществляется получение УКМ, согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      заявку на импорт в срок не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до 1 числа месяца, в котором осуществляется получение УКМ, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      9. Услугополучатели УКМ, при изменении количества УКМ вносят изменения и дополнения в ранее представленные:

      заявки на производство путем составления дополнительной заявки на производство не позднее, чем за 5 (пять) календарных дней до 1 числа месяца, в котором осуществляется получение УКМ, согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      заявки на импорт путем составления дополнительной заявки на импорт не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до 1 числа месяца, в котором осуществляется получение УКМ, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      При изменении количества УКМ, в дополнительной заявке указываются изменения с плюсовым или минусовым значением в зависимости от того необходимо увеличить или уменьшить значение.

      10. Прием заявок на импорт от услугополучателей УКМ, импортирующих алкогольную продукцию, производится при представлении копии внешнеторгового договора (контракта) на основании которого осуществляется ввоз подакцизных товаров.

      Обязательным условием согласования заявки на импорт является отсутствие задолженности по налогам и обязательным платежам в бюджет, а также по социальным платежам, отсутствие неисполненных уведомлений, предусмотренных подпунктами 5), 7), 10), 12) и 13) пункта 2 статьи 114 Налогового кодекса.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Орган государственных доходов согласовывает представленные заявки на производство и (или) импорт или отказывает в их согласовании посредством информационной системы:

      заявку на производство – в течение 2 (двух) рабочих дней с даты поступления указанной заявки;

      заявку на импорт – в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней с даты поступления указанной заявки.

      Орган государственных доходов отказывает в согласовании представленных заявок на производство и (или) импорт при несоблюдении требований, указанных в пунктах 7, 8, 9 и 10 настоящих Правил.";

      абзац третий части первой пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "неполной уплате суммы налогов и других обязательных платежей в бюджет, социальных платежей, а также неисполненных уведомлений, предусмотренных подпунктами 5), 7), 10), 12) и 13) пункта 2 статьи 114 Налогового кодекса.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Выдача УКМ услугополучателям для маркировки алкогольной продукции, производимой в Республике Казахстан, производится услугодателем в течение 3 (трех) рабочих дней с даты подтверждения органом государственных доходов заявления на получение УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ и осуществленными привязками диапазонов номеров УКМ к заявлению на получение УКМ.

      Выдача УКМ услугополучателям для маркировки алкогольной продукции, импортируемой на территорию Республики Казахстан, производится услугодателем по истечении 60 (шестидесяти) календарных дней с даты подтверждения органом государственных доходов заявления на получение УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ и осуществленными привязками диапазонов номеров УКМ к заявлению на получение УКМ.

      Услугодатель отказывает в выдаче УКМ при отсутствии оплаты за изготовление УКМ.

      При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также о времени и месте (способе) проведения заслушивания для предоставления услугополучателю возможности выразить позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании услугополучателю направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания услугодатель выдает УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ, либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги.";

      приложение 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Заместителя
Премьер-Министра
- Министра финансов
Республики Казахстан
от 22 декабря 2022 года № 1311
  Приложение 2
к Правилам получения, учета,
хранения, выдачи
учетно-контрольных марок
и представления обязательства,
отчета производителя и (или)
импортера о целевом использовании
учетно-контрольных марок
при производстве и (или) импорте
в Республику Казахстан
алкогольной продукции

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Выдача учетно-контрольных марок на алкогольную продукцию
(за исключением виноматериала, пива и пивного напитка)"

1

Наименование услугодателя

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан" (далее – услугодатель)

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются услугодателем через информационную систему "Контроль, учет и выдача учетно-контрольных марок и другой печатной продукции Республиканского государственного предприятия "Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан"

3

Срок оказания государственной услуги

с момента сдачи пакета документов услугополучателем услугодателю:
выдача учетно-контрольных марок (далее – УКМ) на алкогольную продукцию, за исключением вина наливом и пивоваренной продукции, производимой в Республике Казахстан, производится услугодателем в течение 3 (трех) рабочих дней с даты подтверждения органом государственных доходов заявления на получение УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ и осуществленными привязками диапазонов номеров УКМ к заявлению на получение УКМ;
выдача УКМ услугополучателям, для маркировки алкогольной продукции, за исключением вина наливом и пивоваренной продукции импортируемой на территорию Республики Казахстан производится услугодателем в течение 60 (шестидесяти) календарных дней с даты подтверждения органом государственных доходов заявления на получение УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ и осуществленными привязками диапазонов номеров УКМ к заявлению на получение УКМ.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Результатом оказания государственной услуги является выдача УКМ, с нанесенным штрих-кодом на УКМ и осуществленными привязками диапазонов номеров УКМ.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам.

7

График работы услугодателя и объекта информации

1) услугодатели – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Предварительная запись для получения государственной услуги не требуется, ускоренное обслуживание не предусмотрено;
2) информационная система – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до наступления нового календарного года посредством информационной системы:
заявки на изготовление УКМ на алкогольную продукцию, производимую на территории Республики Казахстан (далее – заявка на производство) по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;
заявки на изготовление УКМ на алкогольную продукцию, импортируемую на территорию Республики Казахстан (далее – заявка на импорт) по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам;
2) копия внешнеторгового договора (контракта);
3) заявление на получение УКМ согласно приложениям 5, 6 или 7 к настоящим Правилам – в целях получения УКМ на алкогольную продукцию посредством информационной системы;
4) при производстве и (или) импорте дополнительно представляет:
обязательство по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
документ (платежный документ, банковская гарантия, договор поручительства, договор залога имущества), подтверждающий обеспечение исполнения обязательства.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

Основанием для отказа в оказании государственной услуги является отсутствие оплаты за изготовление УКМ.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Адрес места оказания государственной услуги размещен на интернет-ресурсе услугодателя – www.pbf.kz. Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через информационную систему при условии наличия электронной цифровой подписи.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством Единого контакт-центра 1414, 8800080777.