"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31233 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:

      2-1 тармағымен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:

      "2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті аушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы сараптама объектілерінің электрондық нысандарын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.

      Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті беруші сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптамаға жібереді.";

      16-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабардар етеді. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қағаз нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Әкімшілік іс шағымды қарайтын органға, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға жіберілмейді, егер көрсетілетін қызметті беруші осы тармақта көрсетілген мерзімдерге және шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағыммен жүгінуге жол беріледі.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 3-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 557 Бұйрығына
1-қосымша
  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті;
2) www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жиырма екі (22) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі.

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www. qogam. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) порталда – www. egov. kz, www. eli cens e. kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілеін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
1) осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
4) сараптама объектілері.
Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес оның қазақ не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің электрондық көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 557 Бұйрығына
2-қосымша
  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Хабарлама

      Осы хабарламамен Сізге мынадай объектілерге

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы, басып шығарылған жылын, парақ санын, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) көрсете отырып, сараптама объектілерін тізбелеу

      _______________ бұрын дінтану сараптамасы жүргізілмегендігін хабарлаймыз.

      Осыған байланысты, Сізге дінтану сараптамасын жүргізу үшін 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей объектілерді беру қажет.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы"

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 22 декабря 2022 года № 557. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 декабря 2022 года № 31233

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10184) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения религиоведческой экспертизы, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Уполномоченный орган направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила в течение 3 (трех) рабочих дней в Единый контакт-центр, оператору информационно-коммуникационной инфоструктуры "электронного правительства" и услугодателю.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Для получения государственной услуги физические и (или) юридические лица (далее – услугополучатель) предоставляют в канцелярию услугодателя либо через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – Портал) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Услугодатель в день поступления заявления осуществляет их прием, регистрацию (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений осуществляется следующим рабочим днем).

      Подтверждением принятия пакета документов при обращении через канцелярию услугодателя, является копия заявления услугополучателя со штампом услугодателя, содержащая дату, время приема и номер входящих документов, с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) лица, принявшего документы.

      При представления услугополучателем неполного пакета документов, предусмотренных перечнем основных требований к оказанию государственной услуги, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает в приеме заявления.

      Услугодатель осуществляет учет оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации.

      При подаче услугополучателем заявления через Портал в "личный кабинет" направляется информация о статусе рассмотрения запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата оказания государственной услуги.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность и либо электронный документ из сервиса цифровых документов – для физических лиц, или свидетельства либо справка о государственной регистрации (перерегистрации) религиозного объединения – для юридических лиц; услугодатель получают из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      При направлении услугополучателем через Портал без прикрепления электронных форм объектов экспертизы, услугодатель в течение 1 (одного) рабочего дня направляет уведомление согласно приложению 3 к Правилам услугополучателю о необходимости направления оригиналов объекта экспертизы на адрес услугополучателя.

      Объекты экспертизы направляются услугополучателем посредством почтовой связи либо нарочно в адрес услугодателя в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня получения уведомления.

      Срок проведения экспертизы приостанавливается до получения объектов экспертизы услугодателем.

      Услугодатель не позднее 1 (одного) рабочего дня с момента регистрации заявления направляет объект экспертизы сопроводительным письмом на экспертизу.";

      пункт 16-1 изложить в следующей редакции:

      "16-1. При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также о времени и месте (способе) проведения заслушивания для предоставления услугополучателю возможности выразить позицию по предварительному решению.

      Услугодатель уведомляет услугополучателя о заслушивании не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания услугодатель выдает письмо в бумажной форме, либо в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью услугодателя о результатах экспертного заключения подписанным руководством услугодателя, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Рассмотрение жалобы на решение, действие (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственной услуги производится должностным лицом, вышестоящим уполномоченным органом, осуществляющим государственное регулирование в сфере религиозной деятельности, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляет ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу и уведомляет об этом услугополучателя.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо иное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение с жалобой в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.";

      пункт 21 исключить;

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Срок рассмотрения жалобы услугодателем, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с пунктом 4 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" продлевается не более чем на десять рабочих дней при необходимости:

      1) проведения дополнительного изучения или проверки по жалобе либо проверки с выездом на место;

      2) получения дополнительной информации.

      При продлении срока рассмотрения жалобы должностное лицо, наделенное полномочиями по рассмотрению жалоб, в течение трех рабочих дней с момента продления срока рассмотрения жалобы сообщает в письменной форме (при подаче жалобы на бумажном носителе) или электронной форме (при подаче жалобы в электронном виде) заявителю, подавшему жалобу, о продлении срока рассмотрения жалобы с указанием причин продления.

      При несогласии с результатами рассмотрения жалобы услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.";

      приложение 2 к Правилам проведения религиоведческой экспертизы, изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 3 к Правилам проведения религиоведческой экспертизы, изложить в редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа предоставление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
Д. Қыдырәлі

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 22 декабря 2022 года № 557
  Приложение 2
к Правилам проведения
религиоведческой экспертизы

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Проведение религиоведческой экспертизы"

1

Наименование услугодателя

Комитет по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

1) Комитет по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;
2) веб-портал "электронного правительства" www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz (далее - Портал)

3

Срок оказания государственной услуги

Двадцать два (22) рабочих дня

4

Форма оказания государственной услуги

электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Письмо о заключении экспертизы, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов;
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Прием заявления осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;
3) Портала – круглосуточно за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя - www.​qogam.​gov.​kz, раздел "Государственные услуги";
2) Портале: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

При обращении:
к услугодателю:
1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящему правилу проведения религиоведческой экспертизы;
2) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов – для физических лиц, или свидетельства либо справка о государственной регистрации (перерегистрации) религиозного объединения – для юридических лиц;
3) электронная копия документа, подтверждающего поступление объекта экспертизы в библиотечные фонды организаций Республики Казахстан, либо копия заявления обращения за регистрацией миссионеров или религиозного объединения, либо копия документа от руководителя религиозного объединения или лица исполняющего его обязанности, подтверждающего ввоз на территорию Республики Казахстан;
4) объекты экспертизы.
В случае, если представленный материал на иностранном языке, то предоставляется нотариально засвидетельствованный перевод на казахском либо русском языке в соответствии со статьей 80 Закона Республики Казахстан "О нотариате". Объект предоставляется комплектным, без дефектов и повреждений.
на Портал:
1) заявление в форме электронного документа, подписанный электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) услугополучателя.
2) электронная копия документа, подтверждающего поступление объекта экспертизы в библиотечные фонды организаций Республики Казахстан, либо электронная копия заявления обращения за регистрацией миссионеров или религиозного объединения, либо электронная копия документа от руководителя религиозного объединения или лица исполняющего его обязанности, подтверждающего ввоз на территорию Республики Казахстан.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.
Сервис цифровых документов доступен для пользователей, авторизованных в мобильном приложении.
Для использования цифрового документа необходимо пройти авторизацию в мобильном приложении с использованием электронно-цифровой подписи или одноразового пароля, далее перейти в раздел "Цифровые документы" и выбрать необходимый документ.

  Приложение 2 к приказу
Министра информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 22 декабря 2022 года № 557

  Приложение 3
к Правилам проведения
религиоведческой экспертизы

                              Уведомление

      Настоящим уведомляем Вас, что на следующие объекты
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

      (перечислить объекты экспертизы с указанием автора и/или переводчика, составителя),
выходные данные (город, издательство, год издания, количество страниц, ISBN
(Международный стандартный книжный номер)
_______________________ранее не проводилась религиоведческая экспертиза.

      В связи с этим, Вам необходимо направить объекты для проведения религиоведческой
экспертизы по следующему адресу г. Астана, 010000, ул. Мәңгілік ел, 8, Дом министерств,
14 подъезд не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня выдачи уведомления.