Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 ақпанда № 10184 тіркелді.

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 "Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 50 "Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9103 тіркелген, 2014 жылғы 27 наурыздағы № 59 (28283) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығымен
бекітілген

Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.02.2024 № 47-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сараптама объектілеріне:

      діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;

      діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымы, діни ілім негіздері, діни практикасы, діни қызметтің нысандары мен әдістері бар);

      діни білім беру бағдарламалары;

      діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар жатады.

      4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына:

      дінтану;

      теология;

      исламтану мамандықтарының біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар, сондай-ақ діни қызмет саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар тартылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Сараптама жүргізудің негіздері:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;

      2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

      3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

      4) жеке пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығы;

      6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы болып табылады.

2-тарау. Дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі

      7. Сараптама өзіне:

      1) объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін айқындауды, зерттелетін объектінің мазмұнын аксиологиялық бейтараптықтың сақталуы нысанасында зерттеуді, сондай-ақ діни көзқарастар мен ғибадат ету практикасының ілімді ұстанушыларға және қоғамның өзге мүшелеріне теріс ықпал ету ықтималдылығына баға беруді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші қойған мәселелерді ескере отырып, сараптама объектілерін қарауды. Діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарын қарау кезінде діни бірлестіктердің қызметін, оның ішінде олардың нақты қызметінің нысандары мен әдістерін зерделеу жүргізіледі;

      3) сараптама объектісін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшылықтардың болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын анықтау нысанасында зерделеуді қамтиды.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті аушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы сараптама объектілерінің электрондық нысандарын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.

      Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті беруші сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптамаға жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-2. 300-ден (үш жүзден) астам баспа бетін немесе ұзақтығы 2 (екі) сағаттан астам аудио, бейне жазбаларды қамтитын объекті сараптамаға келіп түскен жағдайда, сараптама жүргізу 2 (екі) немесе одан да көп сарапшыға тапсырылады.

      Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алынған тұжырымдарды бірлесіп талдаудан кейін жасалады және бірыңғай қорытындыны білдіреді.

      Ескерту. Қағида 8-2-тармақпен толықтырылды- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сараптама объектісі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар) 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде объектіге сараптама жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сараптама қорытындысын жібереді, сондай-ақ сараптама объектісін көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жіберген жағдайда сараптама жүргiзу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне ұзартылады. Сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуларды жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда электрондық құжат нысанында хабардар етеді.

      11. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін сарапшыларды айқындайды. Мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандар тартылған кезде, сондай-ақ бір объект бойынша 3 (үш) сарапшыдан артық айқындалған кезде уәкілетті орган сараптама тобын құрады. Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алған тұжырымдамалардың негізінде бірлесіп жасалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшыға (сарапшыларға, сараптама тобының мүшелеріне) объект бойынша сараптама жүргізу мәселелерінің тізбесін береді.

      13. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жібереді.

      14. Сараптама жүргізу барысында сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері):

      1) уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;

      2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларды жария бағалаудан тартынады.

      15. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы сараптама қорытындысы жасалады.

      Сараптама қорытындысында:

      1) сараптама қорытындысының нөмірі;

      2) сараптаманы жүргізген адам (адамдар);

      3) сарапшының (сарапшылардың) құзыреттілігін көрсететін деректер: мамандығы, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда);

      4) сараптама жүргізудің негізі (дері);

      5) сараптама объектісінің толық атауы;

      6) сараптама объектісінің діни қатыстылығы;

      7) сараптама объектісінің шығыс деректері көрсетіледі. Егер сараптама объектісі діни мазмұндағы ақпараттық материал немесе діни әдебиет болып табылса, онда авторы және/немесе аудармашы (лар), құрастырушы (лар), баспасы, шыққан жылы, парақтар саны, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) бар болған жағдайда, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі заңды тұлғаның (діни бірлестіктің) құрылтай құжаттары болып табылса - заңды мекенжайы, құрылтай құжатының қабылданған күні, парақтар саны, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі діни оқу орындарының рухани (діни) білім беру бағдарламалары болып табылса объектінің парақтар саны, объекті мазмұнының тілі көрсетіледі;

      8) көрсетілетін қызметті беруші қойған сұрақтарға уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық жауаптар;

      9) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымы көрсетіледі.

      16. Сараптама қорытындысына сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) қол қояды және сараптама қорытындысының әрбір парағы оның қолымен расталады. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап дайындайды.

      16-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабардар етеді. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қағаз нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап береді.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.03.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Егер объектілерге бұрын сараптама жүргізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама нәтижелері туралы хат береді.

      18. Оң сараптамалық қорытынды алған сараптама нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында жариялануға тиіс.

      19. Сараптаманы жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Әкімшілік іс шағымды қарайтын органға, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға жіберілмейді, егер көрсетілетін қызметті беруші осы тармақта көрсетілген мерзімдерге және шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағыммен жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) кімнен
__________________________
__________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
мекенжайы және телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы,
пошталық мекенжайы
және телефоны)

Өтініш

      Сізден мынадай:________________________________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы,

      басып шығарылған жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама объектілерін тізбелеу)

      ____________________________________________________________ діни материалдарға

      дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.

      ________________________________________________________________________________

      (себептері көрсетіледі, бұл ретте ұйымдардың кітапхана қорларына келіп түскен жағдайда,

      ұйымның атауын және келіп түскен күнін, миссионерлерді немесе діни бірлестіктерді тіркеуге

      өтініш берген жағдайда - күні мен мұндай өтінішті қабылдаған органды, Қазақстан

      Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкелінген күнін көрсету қажет).

      _____________________________________________________________________ байланысты

      дінтану сараптамасын жүргізу қажет.

      Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.

      Мөр (бар болған жағдайда).

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.02.2024 № 47-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жиырма екі (22) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Арызды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mam.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
4) сараптама объектілері.
Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес оның қазақ не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы арыз;
2) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың электрондық көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы "1414", 8-800-080-7777 алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 22.12.2022 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы хабарламамен Сізге мынадай объектілерге

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы, басып шығарылған жылын, парақ санын, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) көрсете отырып, сараптама объектілерін тізбелеу

      _______________ бұрын дінтану сараптамасы жүргізілмегендігін хабарлаймыз.

      Осыған байланысты, Сізге дінтану сараптамасын жүргізу үшін 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей объектілерді беру қажет.


     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады