Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"59. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
Шипажайлық-курорттық емделуден өту мерзімі он төрт тәулікті құрайды.
Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:
"83-1. Астана қаласы әкімдігінің жанынан арнайы құрылған Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу түріне ақы төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі Комиссия алдағы әрбір оқу жылына арналған мамандықтар тізбесін бекітеді.";
95-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.";
98-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);";
99-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"99-1. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |