"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46 бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/9-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1071 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |