Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/9-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қазанда № 1071 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 299/37-VII шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 28.12.2022 № 299/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-5-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларында Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

З. Шибкенов

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

Ж. Нұрпейісов


  Астана қаласы мәслихатының
2016 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 56/9-VI шешіміне
қосымша

Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерінің шекаралары

Р/с №

Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің №

Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерінің шекаралары (сайлау округтері)

1

2

3

"Алматы" ауданы

1

№ 1

№ 13, 14, 15, 16 сайлау округтері:

Республика даңғылынан бастап Бөгенбай батыр даңғылының жұп жағымен И. Панфилов көшесіне дейін, И. Панфилов көшесінің жұп жағымен Алаш тас жолына дейін, Алаш тас жолының жұп жағымен Жетіген көшесіне дейін (Ж. Досмұхамедұлы көшесі бойынша №1 үйді қоса алғанда), Жетіген көшесінің жұп жағымен (Жетіген көшесі бойынша № 27/1 үйді қоса алғанда) А. Пушкин көшесіне дейін, А. Пушкин көшесінің тақ жағымен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін, Ш. Құдайбердіұлы даңғылының жұп жағымен І. Жансүгірұлы көшесіне дейін, І. Жансүгірұлы көшесінің тақ жағымен Қажымұқан көшесіне дейін (Абылайхан даңғылы бойынша № 23, 23/1, 25, 16/1,18 үйлерді, М. Жұмабаев даңғылы бойынша № 2, 6 үйлерді қоса алғанда), Қажымұқан көшесінің тақ жағымен Тәуелсіздік даңғылына дейін (Қажымұқан көшесі бойынша № 7, 11 үйлерді қоспағанда), Тәуелсіздік даңғылының жұп жағымен Ж.Тәшенов көшесіне дейін, Ж.Тәшенов көшесінің тақ жағымен Таха Хусейн көшесіне дейін, Таха Хусейн көшесінің жұп жағымен А. Кравцов көшесіне дейін, А. Кравцов көшесінің жұп жағымен Ақкент орамына дейін (А. Кравцов көшесі бойынша № 3, 3/1, 3/2, 5/1, 5/2 үйлерді қоспағанда), Ж. Тархан көшесінің жұп жағымен Асан қайғы көшесіне дейін (Ж. Тархан көшесі бойынша № 5, 5/1 үйлерді қоспағанда), Асан қайғы көшесінің тақ жағымен А. Кравцов көшесіне дейін (Ж. Тархан көшесі бойынша № 10 үйді қоса алғанда, А. Кравцов көшесі бойынша № 1 үйді, Асан қайғы көшесі бойынша №1, 1/1 үйлерді қоспағанда), А. Кравцов көшесінің тақ жағымен А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінің тақ жағымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін.

2.

№ 2

№ 18, 20, 21, 22 сайлау округтері:

Тәуелсіздік даңғылының тақ жағымен Ж.Тәшенов көшесінен Қажымұқан көшесіне дейін, Қажымұқан көшесінің жұп жағымен М. Жұмабаев даңғылына дейін (Қажымұқан көшесі бойынша № 7, 11 үйлерді қоса алғанда), М. Жұмабаев даңғылының тақ жағымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін (күйші Дина көшесі бойынша № 28/1 үйді және Б. Майлин көшесі бойынша № 31 үйді қоспағанда, М. Жұмабаев даңғылы бойынша №16, 16/1, 16/2, 16/3, 18, 12а, 12, 12/1, 10, 8, 14, 14/1 үйлерді және Абылайхан даңғылы бойынша № 20, 20а, 20б, 20д, 24, 24а, 26, 26/1, 24/1, 26/2, 22 үйлерді қоса алғанда), Ш. Қалдаяқов көшесінің тақ жағымен Есіл өзені жағалауына дейін (Ш. Қалдаяков көшесі бойынша № 2, 2/2, 2/1 үйлерді қоса алғанда), Есіл өзенінің жағалауымен А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінің жұп жағымен А. Кравцов көшесіне дейін, А. Кравцов көшесінің жұп жағымен Асан қайғы көшесіне дейін (А. Кравцов көшесі бойынша № 1 үйді, Асан қайғы көшесі бойынша № 1, 1/1 үйлерді қоса алғанда), Асан қайғы көшесінен Ж. Тархан көшесіне дейін, Ж. Тархан көшесінің жұп жағымен (Ж. Тархан көшесі бойынша № 5, 5/1 үйлерді қоса алғанда) Е. Брусиловский көшесіне дейін, А. Кравцов көшесінің тақ жағымен (А. Кравцов көшесі бойынша № 5, 7, 7/1, 9 үйлерді қоспағанда) Таха Хусейн көшесіне дейін, Таха Хусейн көшесінің тақ жағымен Ж. Тәшенов көшесіне дейін, Ж. Тәшенов көшесінің жұп жағымен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

3.

№ 3

№ 17, 23, 24, 25 сайлау округтері:

Абылайхан даңғылынан бастап І. Жансүгірұлы көшесінің жұп жағымен Мақтұмқұлы көшесіне дейін, Мақтұмқұлы көшесінен Қобыланды батыр көшесіне дейін, Қобыланды батыр көшесінен Қобда орамына дейін, Қобда орамының бойымен М.Төлебаев көшесіне дейін, М.Төлебаев көшесінен Қарағанды - Астана тас жолына дейін, Қарағанды - Астана тас жолынан Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесінің жұп жағымен М. Жұмабаев даңғылына дейін (Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша № 2, 2/2, 2/1 үйлерді қоспағанда), М. Жұмабаев даңғылының жұп жағымен Обаған көшесіне дейін, Обаған көшесінің тақ жағымен Қ. Сәтпаев көшесіне дейін, Қ. Сәтпаев көшесінің жұп жағымен Б. Момышұлы даңғылына дейін, Б. Момышұлы даңғылының жұп жағымен М. Жұмабаев даңғылына дейін, М. Жұмабаев даңғылының жұп жағымен күйші Дина көшесіне дейін (Б. Майлин көшесі бойынша № 31 үйді, күйші Дина көшесі бойынша № 3, 28, 28/1 үйлерді қоса алғанда), күйші Дина көшесінен Абылайхан даңғылына дейін (М. Жұмабаев даңғылы бойынша № 18/1, 16/4 үйлерді, Абылайхан даңғылы бойынша № 28, 30, 32, 32/1, 34, 32/2, 32/3, 28/1 үйлерді қоса алғанда), Абылайхан даңғылының тақ жағымен І. Жансүгірұлы көшесіне дейін (Абылайхан даңғылы бойынша № 23, 25, 25/1, 23/1 үйлерді қоспағанда), Железнодорожный, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарын қоса алғанда.

"Есіл" ауданы

4.

№ 4

№ 11, 12, 19 сайлау округтері:

қаланың қазіргі шекарасына сәйкес келетін "Есіл" ауданының шекарасы өтетін оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс құрамдас желілерінен қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде салынып жатқан су тасқынына қарсы бөгет қиылысынан бастап Есіл өзені оң арнасының қазіргі желісімен қиылысына дейін. "Есіл" ауданын "Алматы", "Сарыарқа" аудандарынан бөліп тұратын шекараның бөлігі салынып жатқан су тасқынына қарсы бөгеттен бастап "жасыл арал", К-1 көпірі, Сарыарқа даңғылы бойынша көпірдің оң жағымен және қаланың батыс бөлігінің шекарасына дейін орта сызықтың бойымен жобаланған өзен арнасының орта сызығы арқылы өтеді.

"Сарыарқа" ауданы

5.

№ 5

№ 1, 2, 3, 4, 5 сайлау округтері:

А. Бараев көшесінен бастап Республика даңғылының тақ жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының тақ жағымен Ш. Айманов көшесіне дейін, Ш. Айманов көшесінің тақ жағымен, Ш. Айманов көшесі бойынша № 16, 18, 16/1 үйлерді және Ы. Дүкенұлы көшесі бойынша № 26 үйді, Бөгенбай батыр даңғылы бойынша № 59 үйді қоса алғанда, Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының тақ жағымен І. Есенберлин көшесіне дейін, Республика даңғылы бойынша № 72, 74, 76, 76/1, 78 үйлерді қоса алғанда, Бейбітшілік көшесінің жұп жағымен Ә. Молдағұлова көшесіне дейін, Ә. Молдағұлова көшесінің жұп жағымен Г. Потанин көшесіне дейін, Г. Потанин көшесінің тақ жағымен А. Затаевич көшесіне дейін, А. Затаевич көшесінің тақ жағымен Ш. Қосшығұлұлы көшесіне дейін, Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Есіл өзенінің жағалауына дейін, Ш. Қосшығұлұлы көшесі бойынша № 13, 13/1, 13/2, 13/3, 13/4, 13, 5, 13/6, 17, 19, 19/1, 19/2, 19/3, 19/4 үйлерді қоса алғанда, Есіл өзенінің жағалауынан А. Бараев көшесіне дейін, Самал шағын ауданын қоса алғанда.

6.

№ 6

№ 6, 7, 8, 9, 10 сайлау округтері:

Ш. Айманов көшесінің жұп жағынан "Астанатехнопарк" АҚ оңтүстік шекарасына дейін, Ш. Айманов көшесі бойынша № 16, 18, 16/1, 18 үйлерді, Бөгенбай батыр даңғылы бойынша № 59 үйді және Ы. Дүкенұлы көшесі бойынша № 26 үйді қоспағанда, әрі қарай Алаш тас жолымен шығысқа және әрі қарай солтүстікке Кирпичный тұрғын алабын қамтып Солтүстік айналмалы тас жолына дейін, бұдан әрі батысқа Мұнайшылар тұрғын алабын қамтып, Өндіріс көшесіне дейін, әрі қарай солтүстік-батысқа және оңтүстікке № 39 разъезін қоса алғанда, Автоматика тұрғын алабының және оған іргелес үйлерді қоса алғанда, одан әрі оңтүстікке Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенінен Ақан сері көшесіне дейін, Ақан сері көшесінің жұп жағымен Ш. Қосшығұлұлы көшесіне дейін, Ш. Қосшығұлұлы көшесінің жұп жағымен А. Затаевич көшесі дейін, А. Затаевич көшесінің жұп жағымен І. Есенберлин көшесіне дейін, І. Есенберлин көшесінің жұп жағымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылы бойынша № 72, 74, 76, 76/1, 78 үйлерді қоспағанда, Республика даңғылының жұп жағымен Ш. Айманов көшесіне дейін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады