Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысының қалаларында және басқа елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген);
Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 "Ақмола облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5722 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Т.Жунусов |