Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5012 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 7С-20-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ж.Камелиденов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

      30.09.2015

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Ақмола облысының
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау жөніндегі
департаментінің басшысы
Қ.Баймұхамбетов

      30.09.2015

      "Ақмола облысының ветеринария
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Бұлашев

      30.09.2015

  Ақмола облыстық мәслихатының
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 5С-41-8 шешімімен
бекітілген

Ақмола облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне (бұдан әрі - иелер), меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға (адамдарды құтқару бойынша жұмысты атқаратын ұйымдардан, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан басқа) қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 6С-7-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) иттер мен мысықтардың иесi – жеке меншiгiнде немесе меншiктiң басқа түрiнде иттер және мысықтарға иелiк етушi жеке немесе заңды тұлға;

      2) жетелеуші ит - көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамның дұрыс және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретiлген ит;

      3) қаңғыбас иттер мен мысықтар - иесiн анықтау мүмкiн емес, иесiнен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;

      4) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;

      5) экскременттер – ішкі ортаға шығаруға жататын, ағзаның тіршілік әрекетінің қалдықтар жиынтығы;

      6) ветеринариялық төлқұжат - жануарлардың есебін жүргізу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілетін уәкілетті органмен белгіленген нысандағы құжат.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 6С-7-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      4. Иттер мен мысықтардың иелері:

      1) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иттер мен мысықтарға уақытында вакцина егуді;

      2) санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды;

      3) иттер мен мысықтардың айналадағыларға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын жағдайын;

      4) иттерді және мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай күтіп-ұстау, оларға iзгiлiкпен қарау, оларға қажеттiлiгiне қарай тамақ беру, таза су iшуге жағдай жасауды;

      5) иттерді қоршалған жеке тұрғын үй-жайлардың аумағында, жеке құрылыстарда және оларға қосалқы аумақтарда асырау, олардың қашып кетуін, адамдарға шабуына жол бердірмейтін жағдайларда бос ұстау немесе байлауды қамтамасыз етеді.

      Егер аумақты ит күзететін болса, аумаққа кіреберісте иттің бейнесі бейнеленіп және "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" сөздері жазылған мөлшері 20х30 сантиметрден кем болмайтын ескерту тақтайшасы иттің бар екендігі жөнінде көрсетіп тұрады.

      5. Жол берілмейді:

      1) көп пәтерлі тұрғын үйлердің көпшілік пайдаланатын орындарында (дәліздерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифттерде, жертөлелерде, шатырларда және басқа да қосалқы үй-жайларда), сонымен қатар үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде иттер мен мысықтарды асырауға;

      2) көп пәтерлі тұрғын үйлердің көпшілік пайдаланатын орындарында (кіреберістерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтілерде, жертөлелерде, шатырларда) балалар алаңдарын, тротуарларды, демалыс орындарын иттер мен (немесе) мысықтар экскременттерімен ластауға. Олар көпшілік пайдаланылатын орындарды ластаған жағдайда иелері тез тазартуды жүзеге асырады.

      6. Иттер мен (немесе) мысықтардың иелеріне:

      1) жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды ветеринариялық қарауға, диагностикалық және емдеу-профилактикалық шараларына ұсыну;

      2) иттер мен мысықтардың аурулары немесе ауруға күмән болған жағдайда жедел түрде ветеринариялық мекемелерге қаралу және тексерудің нәтижесі бойынша маманның ұсыныстарын бұлжытпай орындау;

      3) иттер мен мысықтардың адамдарды сiлекейлеу, тырнап алу, тiстеу жағдайлары туралы, жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына және тиiстi денсаулық сақтау мекемелерiне дереу хабарлау;

      4) иттер мен (немесе) мысықтар қырылған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайларда жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекемелеріне хабарлау, ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн иттер мен (немесе) мысықтарды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану қажет;

      5) жануарларды ветеринариялық ұйымдардан (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан немесе ветеринариялық клиникалардан) ветеринариялық төлқұжат алу жолымен тіркелуге қоюға тиіс.

      Иелеріне тиесілі иттердің тұқымына қарамастан құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиіс.

      Мысықтар адамдар мен жануарларға бірдей құтырма және жұқпалы ауруларға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге тиісті;

      6) иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде келесі мәліметтер ұсынылады:

      жеке басты куәландыратын құжат;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;     

      мекен-жайы;

      иесінің байланыс телефоны;

      жануардың жынысы, лақап аты, туылған күні, түсі, ататегі;

      7) иттер мен мысықтарды сатып алу, сату, олардың жоғалуы мен басқа тұлғаға берілуі туралы ветеринариялық ұйымдарды хабардар ету қажет;

      8) жануарлар ветеринариялық қараудың нәтижиелері бойынша және иттер мен мысықтар үшін ветеринариялық төлқұжат болғанда өткізуге рұқсат етілуі тиіс;

      9) егілу жасалмаған иттер мен мысықтарды асырауға жол берілмеуі тиіс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 6С-7-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      7. Иттердің, мысықтардың иелері, сонымен қатар иттерді, мысықтарды серуендетуші тұлғалар:

      1) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстайды;

      2) иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде) тасымалдайды;

      3) жолдың даңғыл бөлігін өту кезінде серуендетуге шығарған итті жол қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа тізгінде ұстайды;

      4) иттерді түнгі уақытта серуендеткенде (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) олардың иелері жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтірмейтін, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдайды;

      5) итті оның иесінің байланыс деректері көрсетілген (мекен-жайы, телефоны) қарғы бауымен шығарады. Иесінің қалауы бойынша итке қатысты және оның иесіне қатысты басқа да ақпарат көрсетілуі мүмкін.

      8. Жол берілмейді:

      1) иттер мен мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің учаскелерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық ұйымдарының аумақтарында серуендетуге;

      2) дүкендерге, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында, медицина, мәдениет, спорт және жалпы білім беретін ұйымдарға (иттер мен мысықтармен келуге арналған мамандандырылған мекемелер (ұйымдар) немесе арнайы ұйымдастырылған іс-шаралардан басқа) иттермен, мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамның жетелеуші иттерінен басқа) келуге;

      3) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындарында және су тарту құрылысында оларды шомылдыруға және жуындыруға жол бермеуді;

      4) ішімдік ішкен тұлғаларға иттерді серуендетуге;

      5) кәмелетке толған тұлғалардың ілесуінсіз 14 жасқа толмаған тұлғаларға иттердің үш айға дейінгі күшіктері мен декоративті тұқымдарынан басқа иттерді серуендетуге.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

      10. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде) жетектеуші тұлғасыз жүрген, иелері байлап қалдырғандардан басқа қараусыз қалған және осы Қағидалардың 7-тармағы 5) тармақшасына сәйкес ақпарат жазылған қарғы баулары жоқ иттер мен мысықтар аулауға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2016 № 6С-7-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Иттер мен мысықтардың өліктерін (сүйектерін) лақтыруға және оларды мал зиратынан тыс рұқсатсыз көмуге жол берілмейді.

      12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтай отыра және жануарларға жарақат түсіретін немесе олардың өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтіретін техникалық құралдар мен ветеринарлық препараттарды қолданусыз жүргізіледі.

5. Қорытынды ереже

      13. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады