"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3)-тармақшасына сәйкес және "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № А-4/111 бірлескен қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 132/22-7 шешімінің, "Қосшы қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 10-96 бірлескен қаулысының және Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 63/13-7 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Қосшы қаласының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілсін.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Т.Жунусов |