ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6523 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2 – қосымшасы, осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Р.Калишев |
2022 жылғы 18 тамыздағы № С-20/6 Шешіміне 1 қосымша |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/10 шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/с | Автотұрақтар (паркингтер) | Санаттар |
1 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № С-20/6 шешіміне 2 қосымша |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/10 шешіміне 2 қосымша |
Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық мөлшерлемелерінің ұлғайтуы |
1 | 1 санат | он есеге |
2 | 2 санат | он есеге |