Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 7С-14/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28070 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Осы Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді түрде ай сайын көрсетіледі.";

      8-1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8-1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысы жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 8-бабында айқындалған күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ен төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті);

      фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;

      аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі:

      1) Степногорск қаласы колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқыту құнының мөлшерінде;

      2) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнымен жасалған шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға тиесілігін растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылдық оқыту құны мөлшерінде ақы төлеуге;

      3) барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға, ДКК қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсынумен, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінгенде, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) ардагерлер мен "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан Республикасының аумағында санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Санаториялық-курорттық емдеу құны 30 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған жағдайда, нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.";

      12-1, 12-2 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
Х.Кабар

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска"

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13 мая 2022 года № 7С-14/6. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2022 года № 28070. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 9 февраля 2024 года № 8С-10/2

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 09.02.2024 № 8С-10/2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Степногорского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска" от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3992) следующие изменения:

      преамбулу решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:";

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила).";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) пункта 1 статьи 10, в подпункте 2) пункта 1 статьи 11, в подпункте 2) пункта 1 статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически ежемесячно.";

      пункт 8-1 изложить в новой редакции:

      "8-1. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых местным исполнительным органом Акмолинской области.";

      пункт 9 изложить в новой редакции:

      "9. Социальная помощь оказывается следующим категориям получателей:

      ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам боевых действий на территории других государств;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам труда;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах";

      пенсионерам с минимальным, ниже минимального размера пенсии и пенсионерам, получающим минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты;

      инвалидам всех групп до пенсионного возраста;

      лицам, воспитывающим ребенка-инвалида;

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара;

      лицам, больным социально-значимыми заболеваниями (туберкулез, злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), инсулинозависимый сахарный диабет 1 типа);

      гражданам (семьям), имеющим детей, состоящих на учете у фтизиатра и получающих химиопрофилактику;

      студентам из малообеспеченных, многодетных семей, проживающим в сельской местности;

      студентам из малообеспеченных, многодетных семей, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      гражданам (семьям), имеющим детей, с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящим на учете в организациях здравоохранения;

      гражданам (семьям), имеющим детей, с инсулинозависимым сахарным диабетом 1 типа, состоящим на учете в организациях здравоохранения;

      инвалидам всех групп, детям-инвалидам, больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, по заключению врачебно-консультационной комиссии (далее – ВКК);

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете службы пробации.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории, нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации, являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 1,7 кратного размера прожиточного минимума.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается гражданам (семьям) единовременно по заявлению без учета среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара, при обращении не позднее трех месяцев после наступления события, в размере 40 месячных расчетных показателей;

      2) лицам, больным социально-значимыми заболеваниями (туберкулез, злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), инсулинозависимый сахарный диабет 1 типа), состоящим на учете в организациях здравоохранения, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      3) гражданам (семьям), имеющим детей, состоящих на учете у фтизиатра и получающих химиопрофилактику, в размере 9 месячных расчетных показателей;

      4) гражданам (семьям), имеющим детей с инсулинозависимым сахарным диабетом 1 типа, состоящим на учете в организациях здравоохранения в размере 15 месячных расчетных показателей.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. При наступлении трудной жизненной ситуации, социальная помощь оказывается гражданам (семьям) по заявлению единовременно с учетом среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      1) студентам из малообеспеченных, многодетных семей, проживающим в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах города Степногорска в размере стоимости годового обучения, за счет целевых трансфертов;

      2) студентам из малообеспеченных, многодетных семей, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях, а также в высших учебных заведениях обучающих специалистов в области педагогики и теологии, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими организациями, организациями образования и организациями, осуществляющими деятельность по делам религии города Степногорска, на оплату в размере стоимости годового обучения за счет средств местного бюджета, на основании договора с учебным заведением, справки с места учебы и справки подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к указанным категориям;

      3) инвалидам всех групп, детям-инвалидам, больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, по заключению ВКК, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      4) лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете службы пробации с предоставлением справки об освобождении, при обращении не позднее шести месяцев после освобождения, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      5) ветеранам и другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах", в виде возмещения затрат на санаторно-курортное лечение на территории Республики Казахстан при среднедушевом доходе ниже 3 прожиточных минимумов в размере 30 месячных расчетных показателей. При стоимости санаторно-курортного лечения ниже 30 месячных расчетных показателей, выплачивается фактически затраченные финансовые средства.";

      Пункты 12-1, 12-2 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Степногорского
городского маслихата
Х.Кабар