Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында айқындалған күші қолданылатын басқа да адамдарға;
ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ен төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті);
фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;
аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
2) Қарттар күніне:
ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:
зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға.";
12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі:
1) Степногорск қаласы колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқыту құнының мөлшерінде;
2) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнымен жасалған шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға тиесілігін растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылдық оқыту құны мөлшерінде ақы төлеуге;
3) барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ДКК қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсынумен, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінгенде, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) ардагерлер мен "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан Республикасының аумағында санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Санаториялық-курорттық емдеу құны 30 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған жағдайда, нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
О.Джагпаров |