Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/303 "Ақкөл ауданында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектертерді жұмысқа орналастыру үшін квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары А.А. Алинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | Ю.Курушин |