Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақкөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6076 болып тіркелген) шешімі;
2) Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14-3 "Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 19 шілдедегі № С 42-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7293 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Д.Салыбекова |