Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14-3 "Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № С 42-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 7293 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № С 19-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.04.2022 № С 19-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6076 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Моор
      Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 шілдедегі
№ С 42 – 2 шешіміне
қосымша
  Ақкөл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ С 14 - 3 шешімімен
бекітілген

Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

№ р/с

Ақкөл ауданының елді мекенінің атауы

Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Ақкөл қаласы

15

2

Ақкөл орман шаруашылығы

4

3

Ерназар ауылы

4

4

Радовка ауылы

5

Азат ауылы


Азат ауылы

10

Еңбек ауылдық округі

6

Еңбек ауылы

10

7

Рамадан ауылы

3

8

Табиғат ауылы

2

Жалғызқарағай ауылдық округі

9

Жалғызкарағай ауылы

11

10

Тастыадыр ауылы

3

11

Қайнар ауылы

2

Қарасай ауылдық округі

12

Қарасай ауылы

7

13

Сазды бұлақ ауылы

3

14

Қына ауылы

3

Кеңес ауылдық округі

15

Кеңес ауылы

3

16

Домбыралы ауылы

3

17

Барап ауылы

3

18

Красный Горняк ауылы

2

Наумовка ауылдық округі

19

Наумовка ауылы

8

20

Өрнек ауылы

5

21

Кемеркөл ауылы

3

Новорыбинка ауылдық округі

22

Новорыбинка ауылы

10

23

Қараөзек ауылы

3

24

Құрылыс ауылы

2

Урюпинка ауылдық округі

25

Урюпинка ауылы

12

26

Амангелді ауылы

2

27

Малоалександровка ауылы

2

28

Ерофеевка ауылы

2

29

Талқара ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады