Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Комбатуров |
Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С 22/6 шешіміне қосымша |
Атбасар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннаң айына | 241,06 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннаң айына | 270,58 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 2951,81 |