Атбасар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С 22/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Комбатуров


  Атбасар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 тамыздағы
№ 7С 22/6 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннаң айына

241,06

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннаң айына

270,58

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2951,81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады