"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 01-16-220 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округінің Жаңа - Тұрмыс ауылының аумағында ірі қара малдарының арасында жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қызылжар ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 5 наурыздағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27126 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | К.Жаканов |