Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27126 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 02.06.2022 № 6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 01-16-72 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі Жаңа – Тұрмыс ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі Р.Абдрахман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады