Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Буревестник ауылының шекарасына 296,3577 гектар Егіндікөл ауданының босалқы жерін қосу арқылы шекарасы өзгертіліп, Буревестник ауылы шекарасының жалпы көлемі 1908,3577 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Егіндікөл ауданы әкімдігінің қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Егіндікөл ауданның әкімі | Е.Мухамедин |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Абилов |