Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Буревестник ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № а-7/145 және Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 7С22-2 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Буревестник ауылының шекарасына 296,3577 гектар Егіндікөл ауданының босалқы жерін қосу арқылы шекарасы өзгертіліп, Буревестник ауылы шекарасының жалпы көлемі 1908,3577 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Егіндікөл ауданы әкімдігінің қаулысы және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Егіндікөл ауданның әкімі Е.Мухамедин
      Егіндікөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Абилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады