Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ерейментау аудандық маслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 6С-21/5-18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6494 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Абжиков |