Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 26.12.2023 № С-8/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8352 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысынының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
еңбек ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккендерге;
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға;
зейнетақының төменгі мөлшерін және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;
табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы медициналық колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
еңбек ардагерлеріне;
2) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккендерге;
3) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;
зейнетақының төменгі мөлшерін және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
6) табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға), өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, он бес айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасында, өтініш бойынша бір рет беріледі;
7) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан, азаматтардың келесі санаттарының өтініші бойынша бір рет көрсетіледі:
әлеуметтік мәні бар аурулары бар (қатерлі ісіктер), онкологиялық стационар жағдайында арнайы емдеуден өтіп жатқан адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған балалары бар азаматтарға (отбасыларға) оның ішінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушыларға, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген адамдарға, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бас бостандығынан айыру орындарында болғаны туралы растайтын құжат негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) әлеуметтік мәні бар (туберкулез) ауруы бар адамдарға, амбулаторлық емделу кезеңіне бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді, жылу беру маусымына қатты отынға, байланыс қызметтерін төлеу бойынша шығыстарға қызмет көрсетушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен 100 пайыз мөлшерінде.
Жылу беру маусымы кезеңінде қатты отынға жұмсалған шығыстар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің нақты тұратын жері бойынша алып жатқан алаңына сәйкес қатты отын сатып алуға ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен өтеледі. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагері пайдаланған уақытқа дейін жеңілдіктер қолданылатын онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі;
10) колледждер мен жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан (отбасыларынан) шыққан студенттерге - оқу орнымен жасалған шарттың, жоғары медициналық оқу орындарында оқу кезінде аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында шарттың, оқу орнынан анықтаманың, көп балалы отбасы мәртебесін, не өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, не халықтың әлеуметтік – осал топтарына тиесілігін растайтын анықтаманың көшірмесі негізінде оқу құны мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Шауенов |