Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 26/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6491 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Агымбаева |