"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Баранкөл және Нахимовка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі Баранкөл ауылы көшелері қайта аталсын:
Ленин көшесін Ақбидай көшесіне;
Центральная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Озерная көшесін Атамекен көшесіне;
Мир көшесін Ынтымақ көшесіне;
Гагарин көшесін Құлагер көшесіне;
Набережная көшесін Бірлік көшесіне;
Степная көшесін Береке көшесіне;
Целинная көшесін Наурыз көшесіне.
2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі Нахимовка ауылы көшелерінің атаулары қайта аталсын:
Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Приишимская көшесін Есіл көшесіне;
Зеленая көшесін Наурыз көшесіне;
Мичурин көшесін Береке көшесіне;
Пушкин көшесін Бірлік көшесіне;
Новая көшесін Атамекен көшесіне;
Строителей көшесін Атамұра көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ж.Жусупова |