Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі Баранкөл, Нахимовка ауылдары көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 06 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30635 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Баранкөл және Нахимовка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі Баранкөл ауылы көшелері қайта аталсын:

      Ленин көшесін Ақбидай көшесіне;

      Центральная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Озерная көшесін Атамекен көшесіне;

      Мир көшесін Ынтымақ көшесіне;

      Гагарин көшесін Құлагер көшесіне;

      Набережная көшесін Бірлік көшесіне;

      Степная көшесін Береке көшесіне;

      Целинная көшесін Наурыз көшесіне.

      2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округі Нахимовка ауылы көшелерінің атаулары қайта аталсын:

      Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Приишимская көшесін Есіл көшесіне;

      Зеленая көшесін Наурыз көшесіне;

      Мичурин көшесін Береке көшесіне;

      Пушкин көшесін Бірлік көшесіне;

      Новая көшесін Атамекен көшесіне;

      Строителей көшесін Атамұра көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ж.Жусупова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады