Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6445 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы | К.Аугалиев |