Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-154 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 6445 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 17-119 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 17-119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
әкімі
М.Мұстафин

      2018 жылғы "16" ақпан

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министірлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Зеренді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Шәймерденов

      2018 жылғы "16" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады