Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30556 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 14 шілдедегі №330 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары, ірі мүйізді қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.

      2. Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28434 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Викторовка ауылдық
округінің әкімі
В.Рукавишников

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Викторовского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области от 3 июня 2022 года № 3 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Викторовского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области от 9 ноября 2022 года № 11. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 ноября 2022 года № 30556

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зерендинского района от 14 июля 2022 года № 330 РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные на территории села Викторовка Викторовского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области в связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Викторовского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области от 3 июня 2022 года № 3 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28434).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Викторовского
сельского округа
В.Рукавишников