Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28434 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 09.11.2022 № 11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 229 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылының аумағында ірі мүйізді қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі В.Рукавишников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады