Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 13 ақпандағы № 1/25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Рыспаев |