Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 25.01.2022 № 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қыркүйегінде аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Баешев |
Қорғалжын аудандық мәслихат хатшысы |
Ө.Балғабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын ауданының әкімі |
Қ.Рыскелдінов |
13.02.2018
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қорғалжын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекеме басшысы |
М.Алибекова |
13.02.2018