Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 05.12.2023 № 7/9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Рыспаев |