Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 192/27-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Л.Конарбаева |