Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 "Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облыстық мәслихаты |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері
№ | Маршрут атауы | Жол ақысы (бір бағытта, теңгемен) |
1 | Ақтөбе – Алға | 275 |
2 | Ақтөбе – Қайнар | 600 |
3 | Ақтөбе – Маржанбұлақ | 150 |
4 | Ақтөбе – Темірбек Жүргенов | 1300 |
5 | Ақтөбе – Қарауылкелді | 1300 |
6 | Ақтөбе – Бадамша | 700 |
7 | Ақтөбе – Әлімбет | 800 |
8 | Ақтөбе – Ырғыз | 1800 |
9 | Ақтөбе – Қобда | 500 |
10 | Актобе – Мәртөк | 400 |
11 | Ақтөбе – Мәртөк – Жайсаң | 600 |
12 | Ақтөбе – Сарыжар | 200 |
13 | Ақтөбе – Родниковка | 300 |
14 | Ақтөбе – Қаратоғай | 300 |
15 | Ақтөбе – Қандыағаш | 500 |
16 | Ақтөбе – Ембі | 1200 |
17 | Ақтөбе – Ойыл | 1500 |
18 | Ақтөбе – Темір | 850 |
19 | Ақтөбе – Шұбарқұдық | 1000 |
20 | Ақтөбе – Кенкияқ – Саркөл | 1500 |
21 | Ақтөбе – Жаңажол | 1600 |
22 | Ақтөбе – Хромтау | 600 |