Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 "Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26564 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 "Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облыстық мәслихаты

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 27 ақпандағы
№ 997 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері

Маршрут атауы

Жол ақысы (бір бағытта, теңгемен)

1

Ақтөбе – Алға

275

2

Ақтөбе – Қайнар

600

3

Ақтөбе – Маржанбұлақ

150

4

Ақтөбе – Темірбек Жүргенов

1300

5

Ақтөбе – Қарауылкелді

1300

6

Ақтөбе – Бадамша

700

7

Ақтөбе – Әлімбет

800

8

Ақтөбе – Ырғыз

1800

9

Ақтөбе – Қобда

500

10

Актобе – Мәртөк

400

11

Ақтөбе – Мәртөк – Жайсаң

600

12

Ақтөбе – Сарыжар

200

13

Ақтөбе – Родниковка

300

14

Ақтөбе – Қаратоғай

300

15

Ақтөбе – Қандыағаш

500

16

Ақтөбе – Ембі

1200

17

Ақтөбе – Ойыл

1500

18

Ақтөбе – Темір

850

19

Ақтөбе – Шұбарқұдық

1000

20

Ақтөбе – Кенкияқ – Саркөл

1500

21

Ақтөбе – Жаңажол

1600

22

Ақтөбе – Хромтау

600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады