Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26768 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.09.2024 № 266 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 27 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn - газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;

      V - газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін - 1,3;

      100 000 данаға дейін - 1,15;

      50 000 данаға дейін - 1;

      30 000 данаға дейін - 0,9;

      20 000 данаға дейін - 0,8;

      10 000 данаға дейін - 0,65;

      5 000 данаға дейін - 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm - журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық бағасы бір шаршы сантиметр;

      V - шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq - журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін - 1,2;

      10 000 данаға дейін - 1,1;

      8 000 данаға дейін - 1;

      5 000 данаға дейін - 0,9;

      3 000 данаға дейін - 0,8;

      1 000 данаға дейін - 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq - бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін - 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін - 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін - 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса - 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br - радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V - радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Ақтөбе облысының
аумағындағы бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша

Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 және одан кейінгі жылдар (теңге)

1

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

600

630

662

2

Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

185

194

204

3

Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

257

270

284

4

Ақтөбе облысының аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

100

105

110

5

Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

85

89

93

6

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

391 563

411 141

431 698

7

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

14 700

15 435

16 206

8

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

42 000

44 100

46 305

9

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

4 311

4 526

4 752

10

Ақтөбе облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br)

минут

5 845

6 137

6 444


Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области

Постановление акимата Актюбинской области от 9 февраля 2022 года № 27. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2022 года № 26768. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 19 сентября 2024 года № 266

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 19.09.2024 № 266 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", приказом исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 "Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22807), акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области.

      2. Государственному учреждению "Управление внутренней политики Актюбинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин

  Утверждена постановлением
акимата Актюбинской области
от 9 февраля 2022 года № 27

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области (далее - Методика), разработана в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области.

      2. Стоимость услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области (далее - услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого отдельного вида услуги средств массовой информации согласно приложению к настоящей Методике.

      3. Стоимость услуги в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) - стоимость услуги в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn - базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в газете;

      V - объем услуги, размещаемой в газете, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq - поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров - 1,3;

      до 100 000 экземпляров - 1,15;

      до 50 000 экземпляров - 1;

      до 30 000 экземпляров - 0,9;

      до 20 000 экземпляров - 0,8;

      до 10 000 экземпляров - 0,65;

      до 5 000 экземпляров - 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) - стоимость услуги в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm - базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в журнале;

      V - объем услуги, размещаемой в журнале, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq - поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров - 1,2;

      до 10 000 экземпляров - 1,1;

      до 8 000 экземпляров - 1;

      до 5 000 экземпляров - 0,9;

      до 3 000 экземпляров - 0,8;

      до 1 000 экземпляров - 0,7.

      4. Стоимость услуги в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) - стоимость услуги в интернет-ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi - базовая цена за один символ, секунду, минуту, штуку услуги, размещаемой в интернет-ресурсе;

      V - объем услуги, размещаемой в интернет-ресурсе, исчисляемый в символах, секундах, минутах, штуках;

      Kq - поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц - 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц - 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц - 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц - 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц - 1,4.

      5. Стоимость услуги на телевидении определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) - стоимость услуги на телевидении с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv - базовая цена за одну секунду, минуту, серию услуги, размещаемой на телевидении;

      V - объем услуги, размещаемой на телевидении, исчисляемый в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного информационного заказа не учитываются разделения по жанрам услуг на телевидении, то стоимость услуг на телевидении рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость услуги на радиоканале определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) - стоимость услуги на радиоканале с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br - базовая цена за одну секунду, минуту услуги, размещаемой на радиоканале;

      V - объем услуги, размещаемой на радиоканале, исчисляемый в секундах, минутах.

  Приложение к Методике
определения стоимости услуг,
закупаемых для проведения
государственной
информационной политики в
средствах массовой информации
на территории Актюбинской
области

Базовые цены на услуги, закупаемые для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области

Наименование услуги

Единица измерения

2022 год (тенге)

2023 год (тенге)

2024 и последующие годы (тенге)

1

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bn)

квадратный сантиметр

600

630

662

2

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Актюбинской области (Bn)

квадратный сантиметр

185

194

204

3

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории Актюбинской области (Bm)

квадратный сантиметр

257

270

284

4

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории районов Актюбинской области (Bn)

квадратный сантиметр

100

105

110

5

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в интернет-ресурсе (Bi)

символ

85

89

93

6

Услуга (производство и размещение новостных сюжетов) на телевидении, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

391 563

411 141

431 698

7

Услуга (производство и размещение информационных материалов) на телевидении, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Актюбинской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

14 700

15 435

16 206

8

Услуга (производство и размещение новостных сюжетов) на телевидении, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Актюбинской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

42 000

44 100

46 305

9

Услуга (производство и размещение видеороликов) на телевидении, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Актюбинской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

секунда

4 311

4 526

4 752

10

Услуга (производство и размещение информационных программ) на радиоканале, распространяемом на территории Актюбинской области (Br)

минута

5 845

6 137

6 444